Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Е, жарқыным, басшысынан айырылып, қайтқан қаздай қаңқылдап жүрген біздерді танымай қалу да ғажап емес. Аруақ тозса, жын болар. Мен қайбір көсем болып жарытыппын. Жас та болсаң бас болған өзін едің он алтыншы жылдың аламан ғасыр алапатында. Нағыз көсем Ақкөз еді, иманы салауат болсын. Тұлпар мініп, ту ұстаған сол еді, есіл ерім. Мерке түбінде тоз-тоз болған соң, сен жау қолына түсіп қалдың, біз Шуға қарай шегіндік. Ақкөз тағы да қол жинап, Тройцкіге шабуылдағанда, бозада шаңның ішінде он солдаттың ортасында жалғыз қалып, алтауын жастығына ала жығылды, арыстаным. Сөйтіп, боздағымды бор қылды. Сенен көз жазып қалдық. Сені дарға асып өлтіріпті деді, жоқ Төрткүлдің түбінде атып тастапты деді. Жоқ, Рысқұлдың Тұрары Самардан қол жиып, Петербор асып, патшаны құлатыпты деді. Сенерімізді де, сенбесімізді де білмедік. Әйтеуір, шөптің басы жел тұрмаса қимылдамайды. Халық айтса – қалт айтпайды. Енді сені көзімізбен көріп тұрмыз. Құдайдың мұнысына шүкір!

Күлуі сараң Тұрар бұл жолы қалай қарқылдап қатты күлгенін өзі де байқамай қалды. Қабылбек басын шайқап, таңдайын қағып қойды.

– Досеке-ау, патшаны құлатқан мен емес. Халық құлатты. Орыс халқы құлатты. Мен ол кезде Ташкентте едім.

– Мың да бір рақмет орысқа. Бірақ патша құлады, ал біздің арқамызды аяз әлі қарып тұрғаны қалай? Таудың суық суын қашанғы жалаңаяқ жалдап кеше береміз? Осы тұрыста біз Сусамырдан қырғыз асып, қырғызға сыймасақ, Қытай асып, көз көрмес, құлақ естімес, құлдықтың құрығы жетпес жерге құриық біржолата деп, тәуекелге бел байлап, тас жұтып тұр едік, мұнымыз қалай, Тұрар? Жаңа сен қайт дедің. Қайтқанда, күніміз не болмақ?

– Сауалыңыз орыңды, Досеке! Сіздермен түйенің үстінде тұрғандай сөйлескенімді ерсі көрмеңіз. Мына қиядан түсе алмай қалдық. Айта берсе, әңгіме көп. Кейін қайтыңыздар. Біз мына бұлымды айналсақ – тоқайласамыз.

– Әй, шырағым, қайту-қайтпау біз үшін тәуекелдің тіршілігі болып тұр, – деп Досмайылдың жанынан басқа біреуі тіл қатты. – Айтарыңды қазір айт. Сені тау басында тұрып сөйлесті деп ешкім сөкпейді. Біз сенімді болайық. Неменеге сенеміз – соны айт. Тәпе-тәнде қапылы қаза көбейіп кетті. Ана Атамырза мен Көзміннің қазасын бізден көріп, таусылмас дауға қалмайық. Соны ашып бер!

– Иә, соны айт!

– Қан жуды жол бұл!

– Бұлтартпай айт!

Әлгіде бұғыңқырап, «енді не болад?» деп есеңгіреп тұрған ел лезде қаудың өртіндей лаулап, тұс-тұстан айқай аңдыздады.

– Уай, шуламаңдар, түге! – деп Қабылбек тоқтау айтты.

Әр-әр тұстан айқай-ұйқай үдегенге мал екеш малға дейін еліріп, іштері солықтаған сиырлар мөңіреп, жылқы кісінеп, арқаларына құрым киіз, кереге-уық, шаңырақ артқан түйелер боздап, шатқал іші азан-қазан ұлы шуға молықты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий