Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ойбай, Көзмін ғой анау! Онымен шатаспайық. Былтыр Маңырақты өртетіп жіберген Көзмін ғой. Ол аямайды. Қайтайық! – деп арттағылар шу-шу етеді.

«Өзі Көзмін болса, өзі Маңырақты өртеп жіберсе, одан аянатын не бар?! Неге қорқады мына сорлылар?! – деп Дүрмен арттағыларға ашуланды. – Менің әкем Шәкінің қаны да осы Көзмін сияқтылардың мойнында».

Дүрмен қайта қуанған сыңайлы. Мына тас қия, тар жолда құдай айдап өзі кездескен Көзмінді құзға құлата салмақ болып, атына мініп алға ұмтылды.

– Қайт ойбай! Ұрынба сойқандыға! – деп арттан ағайын айқайлады.

Дүрмен дүлей ағайынның айтқанына көнбей, омарта жәшіктердің ара-арасымен жылжи берді. Сайыскер жігіт Көзміннің жағасына қолым бір іліксе екен деп ентелей түседі. Осы пиғылын бет-әлпетінен таныған Кузьмин ауыр әскери винтовканы тақымынан суырып, ердің үстіне көлденең салып қойды да соқпақта соң тұрған Атамырзаға бұрылып:

– Комиссар, мынаны мен атамын. Біліп қой, ол өзі шабуыл жасады. Менікі қорғану амалы. Оның өліміне мен жауапты емеспін, – деді.

Мерке уақытша үкіметінің комиссары Атамырза Айбаров пен атаман Кузьмин тау шатқалдан ойда жоқта шыға келгендерінің сыры бар-ды. Ел малын тауға алып қашып жатқанынан олар да хабардар болған соң жандарына солдат алып, қылта асуда тосып жатқан. Малды үй-үйден жинап әуре болғанша, жиналған жерінен бір-ақ қайтарып алмақ ойлары.

– Ат! – деді Атамырза сыбырлап қана.

– Жоқ, сен айқайлап айт! Естісін ана киргиздар. Маған комиссар бұйырғанын!

– Ат! – деді Атамырза сол бұрынғы үнмен.

Бұл кезде Дүрмен Кузьминге таяп бетпе-бет төніп қалған. Қол созуға ыңғайланып, қасқыр ілер бүркіттей шүйіле түскенде, Кузьмин аттың қос құлағының арасынан мылтықты бұрқ еткізді. Тау-тас шайқалып кеткенмен, одан шетінеп шығып, кетіліп түскен бір-ақ адам болды. Дүрменнен басқа ешкім құзға құлаған жоқ.

Мылтықтың өкірген дауысы шыңдарды шайқалтып, тастарды тітірентіп, таулардың қабырғасы сөгіле жаздады. Бірақ таудан бөлініп түскен Дүрмен ғана болды. Шешек атқан тасжарғандар мен қияға біткен боз қылша тасасынан қызыл суырлар бұқпалап қарап, балалы елік тастан тасқа секіріп, қатерлі құздан аулақтап, әйтеуір аспанға қарай өрмелеп барады. Қанаты келте кекілік жер бауырлап қана ұшып, жабайы шие бұтасының тасасымен жорғалай қашып, о да биікті бетке алады. Тау мақлұғы адамдардан қашқанда ешқашан төмен қарай беттемейді, тек биікті жебелейді. Қауіпті шақта олардың қорғаны – биіктік. Биікте тырбық арша өседі. Бұталары жер бауырлап, туырлықтай тұтасып жататын сол қасиетті арша, тау мақлұғына кейбір зау қарағайлардан гөрі көбірек пана.

Жабайы жан-жануар жасыл аршадан араша іздер ау, ал адамдар паналайтын жер таппай, ысыр аттың қыл көпірінде қалғандай бір хал кешкен заман. Көпе-көрнеу, көз алдарында Дүрменнің атылғанын көріп, босқын Ботбай, Қоралас, Қарақойлы, Аққойлы елі ұлардай шулады да қалды. Кері шегініп қашайын десе тар жолда тұтасқан малды кейін қайыру бір қиямет. Әсіресе қой баласы жарықтық икемге келмейді. Бүйірлеп қияға шығуға да шара жоқ, қиғаштап құзға түсуге де айла қалмаған. Қақпанға түскен қасқырдай ұлыған жұрт бір алып арысынан жазықсыз айырылып, жаудың жағасынан ұстап өлейін десе оған қолы жетпей, қаңсылап қашайын десе – жолы жабық, соры қайнап, сорпасы ащы болып тұрған кезде, төбеден екі салт атты төніп тұра қалды.

Төмендегілер алақандағыдай ап-анық көрінді. Бетпе-бет келіп тұрған екі топ. Бір жағында азынаған қош, бір жағында төрт-бес қаралы атты адамдар. Орталарын әлдеқандай жәшіктер бөлген. Және тізгіні бос, ер-тоқымы қисайып, бауырына түскен бір ат сүлесоқ тұр.

– Мылтық атқан қайсың? – деп айқайлаған Тұрардың дауысы шатқал жаңғырығымен бір кереметтің үніндей құдіретті естілді.

– Ойбай өлтірді! Арысымызды жайратты!

– Дүрменді атып тастады мына Көзмін! – деп қылтадағы қош шулап қоя берді.

– Жайлауға көшіп бара жатқан бейбіт елміз. Алдымыздан шыға келіп, жолбасшымызды мына атаңа нәлет атты да тастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий