Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Бірақ, – деді Атамырза дауысын көтеріп, – ел арасында бүлікшілер де бар. «Қазақ-қырғыз жастарының революциялық одағы» деген шығып тұр. Бұл заңсыз тобыр. Революция болды – бітті. Патша орнынан түсті. Революция нәтижесінде Уақытша үкімет орнады. Енді не керек? Неғылған «революциялық одақ?» Міне, сіз бен біздің ең кіндік міндетіміз осы Одақ деп аталатын тобырға қарсы күрес. Бұл тобырды ұйымдастырып, басқарып жүрген былтырғы қанды көтерілістің жетекшілерінің бірі – Тұрар. Кейбір оқыған жастар соның ықпалында адасып жүр. Айталық, Қабылбек Сармолдаұлы, Мақсұт Жылысбайұлы, Қылыш Қожабергенұлы, Нұршанның екі баласы; қырғыздардан Тұрдалы Тоқбаев, Төребек Исабеков дегендер. Осылар ел арасына іріткі салып Уақытша үкіметке қарсы уағыз таратып, елдің игі жақсыларының малын тартып алып, кедейлерге үлестіру жөнінде әрекет жасап жүр. Бәріміз күш біріктіріп әуелі осы зиянды топты түп-тамырымен жойып жіберуіміз керек. Болыстарға, старшындарға комитет атынан айтылатын бірінші тапсырма: өз болыстарыңыздың аумағынан осы Одақтың адамдарын көрсеңдер, дереу тұтқынға алыңыздар. Бұл бір.

– Екінші бір шаруа, – деді Атамырза тершіген май желкесін, аузы-мұрнын жаялықтай ақ орамалмен ысқылап сүртіп алып. – Өздеріңізге мәлім, былтыр жазда біздің елде бүлік болды. Ақкөз бен Тұрар бастап, тыныш елдің берекесін алып, көп ылаң жасады. Адал қызмет атқарып жүрген адамдарымыз шығын болды. Бейбіт селендердің, дәулетті азаматтардың мал-мүлкі талан-таражға түсті. Міне, енді сол орны толмас шығынды біршама болса да өтейтін мезгіл жетті. Міне, менің алдымда кезінде малы-жаны шығын болған азаматтардан арыз жатыр. Мысалы, Кузьмин мырза елу сиыр, бес жүз қой, Тарханов мырза он сиыр, жүз қой, Қорағатыдан Садыр мырза бес жүз жылқы, мың қой... не керек, Мерке учаскесі бойынша екі мың жылқы, бес жүз сиыр, бес мың қой бүлікшілердің қолында кеткен. Біз, мына жаңа үкімет, сол бейбастақтықтың салдарын жойып, осы малды иелеріне өндіріп беруіміз керек. Әрбір болыс, әрбір ауыл бойынша өндірілетін малдың тізімі бар бізде. Әр болыс, әp старшынға тапсырылады бұл қағаз. Міне, осы малды бүлікке қатысқан, яки соларға жақындығы бар адамдардан өндіріп, иелеріне қайтарып беруіміз керек. Ел бүлінбесін, наразылық өршімесін десек, міне, ең жауапты міндет деп осыны ұғыңыздар.

Міне, Бектеннің мойны салбыраған жер осы болды. Бағанағы Маңырақтың тентіреген дуана шалы Жапарқұлдың аманаты мүлде басқа. Ол айтады: Маңырақ деген ауыл жер бетінен мүлде жойылып кетті. Онда мал ғана емес, адам қырылды, еңкейген кәрі, еңбектеген бала опат болды. Соның құнын жоқта, Бектен! – деді-ау. Ал мына құдасының айтып тұрғаны мынау.

– Менен бір сауал, – деп орнынан көтеріліп кеткенін Бектен өзі де байқамай қалды. Қайткенмен де Маңырақ қырғынына өзін еріксіз кінәлі санайтын болыс сол мың батпан кінәні сәл де болса жеңілдетпек ниеттен ада да емес. Өлгендерді кім біледі, тірі куәлердің өзі әр-әр жерде мұның көзіне шұқып қалып жүр ғой. Іске асар-аспас, үкімет алдында Бектен сөйдепті, Маңырақты жақтап сөз сөйлепті деген дақпырт тарап кетсе, соның өзі мұны әлеумет алдында ақтап шыққандай болар еді. Халық шіркін аңқылдақ, адал:

– Е, қайтсін, Бектенде не жазық бар? Ел үшін жанын отқа шыжғырып жүрген азамат ер ғой, – деп шыға келерін бұл Аспара болысы білмейді емес.

– Иә, Беке, не айтайын деп едіңіз! – деп Атамырза кәдімгідей ілтипат танытты. Мұнысына Бектеннің іші жылып қалды да басқа болыстар: «Япыр-ай, мынау жақындығын жасап, бастықпен бірінші болып сөз бастады-ау», – деп іштеріне шоқ түскендей халде қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий