Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Е, осындай аласапыран заманда да кісі құда қыдырып, жайбарақат жүрер ме еді?

– Заманға не болып қалды, ауыл тыныш сияқты ғой?

– Әй, жолаушым, сенің бір шалаң бар-ау. Мұнда келген нәубет Балқаш жағына қалай жетпей қалды екен? Кәне, шыныңды айт? Не ел боласың ?

– Дулат-Шымырмын, ойбай.

– Е, Шымыр болсаң – туысқан шықтың ғой. Мен де Шымыр. Оның ішінде Күнте боламыз.

– Мен Шілмембет-Шымырмын.

– Ой, бәрекелді, онда аттан түс, – деп ұста ақжарқын пейіл танытты.

Арлы-берлі әңгімеден кейін жолаушы ұстаға өз тілегін білдірді. Одан бұрын керқұлаға бөктерулі тұрған қапшықты түсірді. Ішінен зілдей қара кісенді суырып шығарды.

– Міне, осыдан шықса – қылыш, шықпаса – қанжар соғып бер, қалқам, – деді.

Ұста жігіт оның сырын айтпай түсінгендей, артық сауал қойып, жүйкені жүдеткен жоқ.

– Қылыш соғуды да үйрендік, туысқан, – деді қара кісенді сексеуілдің қып-қызыл шоғына лақтырып жіберіп. – Осындағы жігіттер солдатқа бармаймыз деп найза, қылыш соқтырып, Меркедегі Ақкөзге ағылып кетіп жатыр.

– Қай Ақкөз?– деді жолаушы айқайлап жібере жаздап.

– Меркедегі Ботай Ақкөз. Сол мыңдаған қол жинап, патшаға қарсы соғыс ашқалы жатыр. Мұны бүкіл қазақ білгенде, сен неге білмейсің, туысқан?

– Қайран Ақкөз! – деді жолаушы жауап орнына. – Е, құдай мені оның оң қолы болуға жазғай.

* * *

Әне, сондағы жолаушы мен едім, Тұрар. Ақкөз қолы қара жолдың бойында Әулие-Атадан шыққан әскерге шабуылға кіріскенде, шайқас шегіне мен де жетіп едім. Мың қолдың ішінен бозала таңда Ақкөзді іздедім. Кешікпей қол сетінеп, көтерілісшілер зеңбіректің оғынан тайқығанда, қара саннан оқ тиіп, мен тағы да жалғыз қалдым. Ақкөзді көре алмадым. Жазалаушы отряд құтырған иттей, қолына түскеннің бәрін қырып жатқанын көріп, aт үстінде әрең ілініп, шықпаған жанды сүйрелеп, төменгі Таласқа қарай кете бардым...

Ақкөздің соғысында сенің жүргеніңді кейін барып бір қашқыннан есіттім. Көре алмасам да, тірі екеніңді білдім, ат жалын тартып мініп, азамат болып, жаумен алысқаныңды білдім. Білдім де шүкіршілік еттім. Қайтып атқа мініп, сені іздеп шығуға жара қатты. Төменгі Таласта сенің түп нағашыларың бар ғой. Ойық-Ысты деген елде, соларды паналамақ болып жылыстадым. Енді тағы да өкіметтің қолына түсіп, Сібірге қайта кеткенше не де болса аулақтағы ағайынды паналап бір көрмекші едім. Бірақ қара саннан қан көп кетті. Батыр бір оқтық деген осы екен, өмір-бақи небір арпалыстан аман шыққан жан енді, міне, бір тал қылға ілініп тұрғандай хал. Тырнақтай ғана жарадан тірнектеп шыққан қанмен бірге менен де әл-қуат кете берді... Бұта түбін паналап, жапырақ жамылып ұйықтап, киіктің тарамысынан тұзақ құрып, бұлдырық ұстаған күндерім – соған да зар болып барамын. Өмір бойы тәуекел дариясынан бет жуған қайран дүние... Мен қалжырадым, енді менде дәрмен қалмады. Әкенің аласапыран әмірі дамыл тілейді. Дүние мен үшін бұраңдаған бір қисық жол болды. Қанша талпынсам да басыма бақ қонбады, дәулет құралмады. Сонда да жарық сәуледен күдер үзбедім. Әлі де сол үміт дүниесі. Кім біледі... Аман бол, бауырым, Тұрар! Әкең Рысқұл...»

I

Мерке приставы кеңсесінің маңдайшасында екі басты самұрық құстың орнына уақытша үкіметтің жарнамасы қағылды да, оның Меркедегі бастығы болып Атамырза Айбаров тағайындалды.

Атамырза – екі көзі шарасынан шыға бақа көзденіп тұратын, басы атанның басындай қауқиған, ірі денелі еңгезердей еркек болып, жиырма беске жетер-жетпес қампиып қарны шығып, алпауыт саудагер әкесі Айбардың жуандығын қайталап келе жатты.

Атамырза ә дегенде бітірген шаруасы – Меркеге барлық болыстарды, старшындарды, билерді, атамандарды шақырып алды. «Патша құлады» дегеннен кейін «біздің күніміз не болады?» – деп күпті болып жүрген әкімдер әулеті бұл жиынға «а, құдайлап», үміт пен күдіктің ортасында қамалып келген.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий