Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Он жыл бойы мені жегідей жеп, күндіз-түні мазалаған бір уайым: сені бір көру еді. Сол мақсатпен талай рет каторгадан қашуға әрекет жасадым. Жандарм мені ұстап алған сайын өлімші етіп ұрып-соғып, талай рет зынданға тастады. Бірақ итжанды екенмін, атасына нәлет! Талайлар мұндай тозақы азапқа шыдай алмай жантәсілім етті. Менің жанымның сірілігі – сенің құдіретің шығар, Тұрар. Егер сендей ұлым болмаса, ол жер басып тipi жүрмесе, мен, сірә, мұнша соққыға шыдай алмай сүйегім Тайганың суық, топырағын тыңайтып, бір қарағайдың түбінде әлдеқашан жатар едім. Бетпақтың даласында ай қараңғыда адасқан адамның алыстан жылт еткен отқа қарай ұмтылғаны сияқты, менің жаным ылғи да саған қарай талпынумен талай жыл артта қалды. Сені маған берген тағдырға мың да бір рақмет! Тағдыр деген төбеттің маған көрсетпегені жоқ. Бірақ сені менің ұлым етіп жаратқаны үшін сол төбетке бәрін кештім, атасына нәлет!

Он жыл бойғы арман мен тілектен адамға Алла тағала қанат бітірер еді. Маған да сол қанат біткен-ақ шығар. Талай рет ұшуға талпындым, бірақ жерден көтеріле алмадым. Шымшықтың өз қанаты өз салмағын ғана көтеруге әлі жетеді. Егерде сол шымшықтың аяғына тас байқап қойсаң, ұша алмас еді. Менің салмағымды ауырлатып жіберген баяғы қу кісен ғой. Әйтпесе... ұшар едім-ау, Тұрар бауырым!

Ақырымен кісенді болат егеумен қырқып, бесінші рет каторгадан қаштым. Біз үшеу едік. Бір-біріміздің кісенімізді егеп, сындырып, қарғыс таңбасы алтынымен апталған, асты алтын, үсті үскірік Бодойбодан қашып шықтық. Қайран Бодойбо... Мен сансыз азап пен арманға бөккен тозақ мекенім. Қанша қаһар соққан қатыбас болсаң да мен саған риза. Алтын аралас топырағың мені тартып кетпегеніне ризамын. Он жыл бойы сенің құрсағыңнан мен қазып шығарған алтыннан сарай соқса да болар еді. Бірақ қазір қалтамда бір түйір де алтын жоқ. Сенің алтыныңа бола төгілген қанның бәрін жинаса теңіз болар еді. Бірақ мен ойлаймын, адам қаны жерге тектен-тек сіңіп кете бермес. А дам қаны екені рас болса, топырақтан тулап көтерілер де, қызыл жалау болып алаулап кетер.

«Во глубине сибирских руд

Храните гордое терпенье», –

деп пайғамбар Пушкин текке айтпаған шығар. Сол ұзақ сабырдың шегі жақындаған шығар. Менің кісенімді сындырған орыс Александр соны айтады. Ол да Алматы түрмесіндегі Александр сияқты Лениннің үмбеті. Есіңде ме, Тұрар, мен оны Ескендір деуші едім ғой. Қайда екен азамат? Тірі ме екен? Тірі болса, қызыл жалау көтеретіндердің бірі сол болар. Қос Александрдан мен жақсылықты көп көрдім. Олардың жақсылығын қалай өтесем екен деп те ойлаймын. Қамқа кигізбеспін, күреңді мінгізбеспін, бірақ бір арман: осы жарық жалғанда мен сенен немере сүйсем, Тұрар, тағдыр осы тілегімді берсе, мен оның атын Ескендір қоярмын деуші едім. Екі досыма – қос Александрға менің ескерткішім сол болар деуші едім. Қайдан білейін...

Талабым о басында-ақ тайды жейтін бөрідей-ақ едім, балам. Мені өлтірмей сақтаған сол талаптың шарпуы шығар. Құланның жайылуы бір, жусауы бөлек, қыранның ұшуы бір, алуы бөлек. Ал тағдыр біздің жайылуымызды да, ұшуымызды да бөлектеп жіберді. Бірақ баяғы бөрілікке басып, елге қарай етегім жасқа толып, аяғымды тac, маңдайымды қарсы бұтақ тіліп, Тайганың тap соқпағымен оңтүстікті бетке алып, сенің елесіңді шырағдан қылып жағып, кеудемді алға сүйрелеп жөней бердім. Серіктерім – Александр мен Мамытбек қырғыз болды.

Есіңде ме, Тұрар, мені Алматыдан каторгаға айдап шыққанда арбада бір қырғыз отыр еді ғой. Мамытбек сол. Бұрынғыдай тағы да қанды қақпанға түсер едік, бұл жолы Александр ақыл тапты. Байкал теңізін бұрынғыдай жаяу айналмай, біз сол дарияны қалтылдақ қайықпен жүзіп өтуге тәуекел қылдық. Қуғыншы бізді Тайганың жолдарынан торитыны ақиқат. Ал біз олар назар сала бермейтін теңізді жарып өтуге бел байладық. Кеме болмаса, қу қайықпен бұл дарияны кешіп өту ақылға келмейтін сұмдық!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий