Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қарт ұстаз Қабылбек үйден шығып кеткенше, терезе жаққа барып, көше жақты бақылап тұрды.

«Бұл да қармаққа ілініп қалмағай!» – деп тіледі ішінен. Қабылбек те Тұрар сияқты мұның қолында оқып жүріп-ақ кеңceгe орналасқан. Мерке пошта бастығының көмекшісі. Талай жылдан бері Иван Владимирович «Коваль» деген фамилиямен Петербургтен жасырын кітаптар алады. Егер поштада Қабылбек Сармолдаев істемесе, орталықпен байланысу мүмкін емес еді. Меркедегі социал-демократтардың шағын үйірмесінде осы Қабылбек те бар. Өзге шәкірттерден Тұрдалы, Мақсұт, Садуақас... Төребек. Бұлардың ішінде Тұрдалы мен Төребек қырғыз балалары, Мақсұт пен Садуақас осы меркеліктер. Төребекті алдыңғы күні көрген. Оның айтуынша, көтеріліске Тұрардың әкесі Рысқұл да қатысқан дейді. Көтерілісшілердің ішінде оны көргендер бар дейді.

Иван Владимирович мұнтаздай киініп, қолына таяғын ұстап, Меркенің орталығына қарай аяндады. Селоның адамдары үйлерінен шықпай, бұғып отырған сияқты. Жым-жырт. Тек орталыққа жақындағанда қалың топ көрінді.

– Тараңдар! Тараңдар! – деп айқайлаған дауысты естіп, қарт мұғалім асыға түсті. Жұртты кимелеп, әрең дегенде алға ұмтыла бергенде, пристав кеңсесінен шығып келе жатқан тұтқынды көрді. Сол екенін білсе де, танымай қалды. Тұтқынның бет-аузын қан жауып кетіпті. Жан-жағы қаптаған мылтықты айдауыл болса да, тұтқынның аяқ-қолына кісен салыныпты.

– «Иә, – деді қарт ұстаз ішінен. – Герцен айтқан герой осы. «Аяқ-қолы кісендеулі болса да, басын биік көтеріп жүру үшін адамда асқан тәкаппар сезім болса керек. Мынаны әбден қинаған ғой. Қанша қалжыраса да, аяғын нық басуға тырысады. Басын жоғары ұстауын қарашы! Менің шәкіртім, бауырым Тұрар!».

Кісеннің үні қаттырақ шығып, қанға бөккен халықтың құлағына жетсін дегендей аяғын жерге нық-нық шекіп басады. Әлгінде сұрақ үстінде оған ротмистр айтты: – «Каторжник әкең қашып кетіпті. Жандармерия бүкіл ресейлік розыск жариялады. Әкең сындырған кісенді енді сен татасың!» – деді. Қуанғанын білдірместен сонда Тұрар қолындағы кісенді сүйді. Ол әкесін сүйгені еді. Өйткені он жыл бойы әкесін бұғаулаған кісен қанша суық болса да, оның он екі мүшесінің бір бөлігіндей болып кетті той. Оны ротмистр түсінбестен:

– Ә, бәлем, көптен сағынған досыңды сүйіп тұрсың ба? – деді.

– Дұрыс айтасың, Аркаша, – деді Тұрар тілі сөйлеуге әрең келіп, күрмеліп.

Ол қаптаған топты қақ жарып келе жатып, қалт тоқтай жаздап, қайтадан жүріп кетті. Қарт ұстазын көріп қалып еді, бірақ оған айдауылдардың назарын аударғысы келмеді. Ұстазы болар-болмас бас игенін байқады.

Иван Владимирович айдауылдардың ішінен үйірме мүшесі чех Иржи Волчекті көріп қалды.

ҮШІНШІ БӨЛІМ

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

Бақ, тайса, елге дәулет құралмаған.

Күніне тоқсан тоғыз бәле көрсең,

Сонда да күдер үзбе бір Алладан.

(Рысқұл әні)

«Оян, Тұрар!»

Менің аласапыран өмірімнің тұтқасы, мені адам етіп caқтап жүрген арманымның алыстағы шырағданы – ұлым Тұрар! Мен Алматы түрмесінің қақпасынан аттап, сенен айырылып қалғалы бері он жылдан асып барады екен. Осы он жылда қанша ай, қанша күн, қанша сағат бар – менің өмірімнің барлығы сені ойлаумен, сені аңсаумен өтіп кетті. Жоқ, бауырым Тұрар! Бұл он жыл ғана емес шығар. Күні – айға, айы – жылға бергісіз тұтac бір дәуір. Діндарлар күнде құдайға бес мезгіл құлшылық етіп, намаз оқиды. Ал менің тәңірім, табынатын, сыйынатын құдіретім – сен болдың.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий