Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Е, есіл ерлер, елдеріңе де жетерсіңдер, – деді Рахым бізді шын аяп кетіп. – Ел дегенде – ел қазір толқулы. Патша жарлығын естіген шығарсыңдар. Соғыстың қара жұмысына қазақ, қырғыздан да солдат алмақ болып жатыр. Менің жанымдағы серігім де тізімге ілінген екен, ол қазір Торғай асып, Аманкелді деген батырдың қолына қосылған көрінеді. Пірман бай малын бағатын кісі қалмаған соң, мені әскерден әзер алып қалып отыр. Ел арасы дүрлікті. Патшаға қарсы әр-әр жерде көтеріліп жатқандар көп. Соған қарсы мылтық асынған әскер көбейді. Жолда сақ жүрмесеңіздер, қолға түсесіздер. Күдіктіні дереу ұстайды.

Рахым осыны айтып, бізге Пірман байдың қалың жылқысынан екі ат ұстап, астымызға мінгізді. Дорбамызға пісілей де, шикілей де ет салып берді. Байдың малы сұраусыз емес, өзім де жылқышы болып көргенмін.

– Мына екі атты іздесе қайтесің, бауырым ? – дедім.

– Екі қылқұйрыққа, біріншіден, байдың ешнәрсесі кетпес. Ит-құс тиді дермін. Ал заман репеті мынандай болып тұрғанда, байдың малы ертең кімнің қолында кетері де белгісіз. Әнеукүні көтерілісшілер бір үйірін айдап әкетті. Солдатқа ат керек деп ояз аяқ артарын тағы алды. Сендерге берген малдың сауабы бар. Әйтпесе, сонау қияндағы Алатауға жаяу жүріп, алты ай жазға жете алмайсыңдар.

Ертістің арысы Рахым деген жігіттен біз осындай жақсылық көрдік, Тұрар. Өзімнің қалың дулатымның көбінен көре алмаған жақсылық бұл. Тегінде, Тұрар, адамдар руға, ұлтына қарап бөлінбесе деймін. Қайда да кедейін – кедейі, байын – байы алыстан таниды. Адамзат осылай туысады екен, атасына нәлет! Өзімнің руластарым – Дауылбай мен Саймасайдан, Таубай мен Мақаштан, тіпті дәу Омардан көрмеген жақсылықты мен Талғардағы Қара Иваннан, Меркедегі Ақкөзден, Бодойбодағы саха-жақұттан, түрмелердегі Ескендірлерден, мына Ертіс бойындағы Рахымнан, жанымдағы жолдасым Мамытбек қырғыздан көп көрдім.

Осы сөзім саған жетер күн болса, Тұрар бауырым саған айтар әкелік өсиетім, рушыл болма! Руына тартқан – ұрлықпен тең. Табыңа тapт.

Балқаштың арғы бетінде, Саяқ шөлінде мен Мамытбек бауырымнан айырылдым. Ішінен қан өтіп, жүре сыймай, қайтып бас көтере алмай есіл ер, еліме жете алмадым-ау деп еңіреп жатып жан тапсырды. Жан жолдасымды тақыр жердің топырағына тапсырып, Балқашты айналып, Шуға да іліндім-ау, әйтеуір.

* * *

Даланың түсіндей керқұла aт мінген қашқын сонда Шуды бойлап, түстікке қарай көп жүрді. Шілдеден кейін өзен едәуір тартылып қалса да, ботана суы әлі де әлуетті. Керқұла атты жолаушы өзеннің жайдақтау жерін таңдап, ботана суды жалдап өтіп, батыс жағаға шықты. Сонадайдан көрінген ауылға тура тартуға бата алмай, жан-жақты шолып мол тұрды. Арт жағында сексеуілді құм қалды. Өзен бойының ажырығына жеткен аш ат жерге тұмсығын тығып, өзеуреп жатыр. Жолаушы атты аяп, ауыздығын алып, өзі өзеннің лайсаң суына жуынып-шайынып, біршама дамылдады. Бір сәт шалқасынан түсіп, көзін жұмып жатып еді, кер құланың ауыздығы шылдыр-шылдыр қағып, оның есіне әлденені түсіргісі келгендей тыным таппады.

Ауыздық шылдырынан басқа тағы бір үн жолаушының құлағына еміс-еміс талып жеткендей. Бір кезде ол орнынан атып тұрды. Ауыл жаққа қарады. Иә, ауыл шетіндегі үйден түтін шығады. «Темір дүкен» деді өзіне-өзі. Кер құланы тез ауыздықтап, үстіне қарғып мінді де, әлгі түтін шыққан үйге қарай шоқыта жөнелді.

Темір ұста қызыл шырайлы, қияқ мұртты, нардай жігіт екен. Самайынан күйе аралас тер тамшылайды. Үстіндегі киім басы өзгешелеу бейтаныс адамды көріп, ұста дәу балғасын төске сүйеп қойды да, сыртқа шықты. Бейтаныстың түрі қазаққа келеді, бірақ басындағы әлдеқандай аңның терісінен тігілген шошақайлау, құлақсыз бөркі, үстіндегі қатқыл сұр кенептен сырылған бешпент шалбары, аяғындағы «рәботши» бәтеңкесі – бұл өңірде тек майданнан қайтқан солдаттар киетін киімге ұқсайды.

Жолаушы сәлем берді.

– Жол болсын, – деді ұста.

– Әлей болсын: Мерке жаққа бара жатқан жолаушы едім. Балхаш бойындағы Сарыүйсіндерден келемін. Сонда бір құдаларым бар еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий