Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Атамырза шырағым, әуелі осы отырған мырзалардың атынан, бүкіл халқыңның атынан өзіңе құтты болсын айтпақпын. Мерке атырабы өзі-өз болғалы, көйлегі боз болғалы өз қолы өз аузына енді жетті білем. Қоқан заманында билік біздің милләтқа тиген жоқ, кешегі патша заманында билік біздің милләтқа тиген жоқ. Иншалла, аруақты атаның баласы едің, аруақ-құдай қолдап, міне, бүгін күллі Меркені басқарып, тәмәм жұртты аузына қаратып отырсың, алла-құдай алдыңнан жарылқап, мәртебең биіктей берсін! Ел бағына туған ер, өркенің өссін! Көне, мырзалар, әумин! – деп Бектен отырған қауымға қарап қол жайып еді, лезде алтын сақиналы қолдар, түкті қолдар, оқа-зерлі қолдар, мыртық қолдар, сояу қолдар, өмірі күстенбеген сылаң қолдар, қан төккен қанды қолдар, әлуетті қолдар сабаудай көтеріліп, күллісі болып: «Әумин!» – деп бірі бұрын, бірі кейін жапырылып төмен түсті.

Сәлден кейін барып кейбір естілері: «Ей, бұл Бектен бүкіл бәріміздің атымыздан сөйлейтін сондай кім еді, ит таз!» деп іштей кіжініп, қанға тойған қандаладай долыра берді.

– Енді сауалымды айтайын, – деді Бектен игі жақсының бәрін ықыласына бағындырғанына риза болып. – Атамырза шырағым, сонда әлгі өндірілетін малдың Аспараға тиістісі қанша екен? Мүмкін болса...

Әлгібір марапатын іштей сүйсіне тыңдаса да, Атамырза Бектеннің бұл сұрағына тәнті емес. Әлгінде айтты ғой, қағаз таратылады әр болысқа деп. Үкімет басшысын сыйлайды екенсің бір айтылған жайды екіншілей қайталатпа. Әрі десе мына отырған болыстардың ішінде езін жақтайтындары бар, ішінен жек көретіндері, көре алмайтындары бар, дұшпан көзі қылып, Бектенді «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп өз жөніне қойғысы келді.

– Беке, былтырғы бүліктің көбі Аспарадан шыққан. Қорағаты, Аспара, Көшеней... Соның ішінде Аспараның ылаңы көп. Ендеше сізге түсетін салмақ та ауыр болад та.

Көң қураса қалпына келеді, Бектен лезде пәс болып қалды да, басқа болыстар: «Әб-бәлем, өзіңе сол керек, шоқ-шоқ!» – десті. Бірақ Бектен әлгі бір шыққан биігінен оңай құлатысы келмей, әрі десе «отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге кетерін» естен шығармай, Маңырақ алдындағы айып-кінәсін жуып қалмақ оймен:

– Атамырза шырағым, мал өндіргенің дұрыс-ақ. Ал бірақ сол былтырғы қырғында жазықсыз опат болып кеткендер де бар той. Мәселен, Маңырақ...

Одан әріге Атамырза ауыз аштырмай тастады.

– Болды! – деп үстелді дәу май жұдырығымен қойып қалды. – Қойқаптағыны қозғап қайтесіз. Қатқан боқты шұқылай берсең сасығы шығады, Маңырақ мәселесі көтерілген жерде сіз шет қала алмайсыз, Беке!

Туған құдасын мұнша тұқыртып тастауда Атамырзада да есеп бар. «Тура биде туған жоқ» деген асыл қағиданы ол дәл осы жерде өз пайдасына асырып қалмақ. Осы мақсатына Атамырза біршама жетті де. Өзге болыстардың қыбы қанып: «Әй, бәрекелде, мынау бір әділ, адалынан туған азамат екен. Өз жақынын да аямады ғой!» – десіп сыбыр-сыбыр, күбір-күбір аяғы гуілге айналып кетті.

– Бәрекелді, Атамырза!

– Милләтімізден дара шыққан данышпан! – десіп, қаралған екі мәселе бойынша қаулы қабылдасып, болыстар жиыны осымен тәмәм болып, ел-елге тарқасты.

* * *

Гүрс ете қалған мылтық дауысы шатқалдың ішін жаңғырықтырып, тау теңселгендей болды. Тұрар аттың басын тарта беріп, қатарында келе жатқан Қабылбекке:

– Тоқта! – деді.

Қабылбек онсыз да тізгін тартқан.

– Аңшы болар, – деді Қабылбек қаһарлы үн шыққан жаққа құлақ түріп.

– Ел көшіп жатқан сайда аң жүре ме? – Тұрар шүбәланып сәл тұрды да:

– Не де болса, барып көрейік, – деп аттың басын өрге қарай бұра берді.

– Жолдан бұрыс қой, Тұрар. Ерте күнді кеш қылмай Бектеннің ауылына жетейік те, – Қабылбек осылайша уәж айтып еді, Тұрар көне қоймады.

– Бектен бізді сағынып қалса да, күте тұрады. Жүр!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий