Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қос салт атты шоқыға түсіп көлденең белдің қырқасына шыға келгенде, алдарынан Аспара өзенінің аңғары арса-арса болып, лебімен тартып жіберердей суық көрінді. Аңғардың түбінде күміс жалатқан жыландай жалтылдап, ирелендеп шапшып жатқан өзен. Сол өзенді бойлай көтерілген жалғыз аяқ жолдың үстінен қараң-құраң мына биіктен құрт-құмырсқадай жыбырлап қана байқалады.

Қырқадан қиялап төмен түсу атқа қиын. Құйысқанды ердің өзі аттың мойнына лықсып кете берді.

«Қазақ жастары революциялық одағының» мүшелері бүгін Меркенің болыс-болысына екеу-екеуден бөлініп аттанған. Мақсат – Атамырзаның «декретіне» қарсы үгіт. Халықтан мал өндіріп алу туралы шешімін әшкерелеп, елді уақытша үкіметке қарсы күреске шақыру. Тұрар мен Қабылбек бұл мәселенің ең түйінді жері – Аспара болысына бет алып еді. Жолдан бұрылып, тау қиялап түсіп келе жатқан беттері мынау.

Осы шатқалмен өзен бойын өрлеп, ойдағы ел Сусамыр асып жатқан шақ. Жар жағалаған жалғыз аяқ жол – қияметтің қыл көпіріндей. Сусыма қорым тасты жолдан тұяғы тайған мал құзға құлап, төменде шапшып жатқан асау өзенге барып бір-ақ дамылдайды. Ол судан ешкімнің сүйегі табылып көрген емес.

Сол қиыншылыққа қарамай биыл ойдағы елдің байлары ғана емес, жөндем шаруалары да азын-аулақ тұяқтарын Сусамыр асыруға асыққан. Атамырза жұрттың малын жинап алады екен деген хабар тарасымен, не де болса, тау асып, тас басып кетейік деп сасқан ел.

Тау қырқасын қиялаған қос салт атты сол соқпақтың үстінен түсті.

* * *

Тобылғы гүлдеген тоты дәурен. Қырық жыл қуаң болса да таудың нілі таймайды. Ойдағы тозаң тұтқан кермек жусаннан кейін тау беткейіндегі дүрия шалғынға мал құныға бас қойып, қомағай қара мал сасырдың жапырағын тілімен орап алып сыдыра сыпырады. Жылқы баласы сыпайылық сақтап, киік оты мен теңге жапырақ сияқты шөп асылдарын ғана таңдап шалады. Ешкі жарықтық адамдардың «шәй-шәйіне» көнбей тобылғының қабығын, долана мен аюбадам қабығын кеміреді.

Беткей қусырылып, мал да, адамдар да қаздай тізіліп, бір табан жолға түскенде, гүлрайхан дүниенің түсі өзгеріп, мүк пен қызыл қына басқан тарғыл тастар әлемі басталды.

Тастұмсық бұлым айналып, ең бір қылға тұстан өтер жерде алдыдан иттің үйшігі сияқты жыбырлаған жәшіктер көрінді. Жайлау жолының жымын жақсы білетін жол бастаушы Дүрмен жылқышы белі бекем келте торы аттың басын тартып, таң қалып тұрып қалды.

Алды бөгелген көш іркіліп, не кейін шегіне алмай, не қиянға шыға алмай, не құзға түсе алмай, тар қылғада қысылып, мал болса, бір үрей билеп, сиыр мөңіреп, солықтаған қой маңырап, кебенек келгір шыдамсыз ешкі қиянға өрмелеймін деп сусыма тастан домалап түсіп, құзға құлап бара жатып жан дауысы шыға бақырды.

– О, не боп қалды, неғып тұрмыз?! – деп арттағылар айқайлады.

– Мына біреу... – деп жолбасы Дүрмен жылқышы күмілжіп, ол «мына біреудің» не екенін өзі де түсіне алмай, аттан түсті. Алдында қаз-қатар тізулі тұрған жәшіктердің шеткісін аяғымен теуіп көрді. Ары-бері шұқылап болып:

– Ой, әкеңнің! – деп рахаттана бір сыбап алды да, әлгі жәшікті теуіп кеп жіберіп еді, салдыр-гүлдір төмен қарай, тастан тасқа секіріп, жол-жөнекей быт-шыты шығып, жәшіктің жаңқалары жан-жаққа шашырады.

– Еріккен енеңді ұрайындардың істеп жүргенін қарашы! Құдайдың кең даласы жетпегендей тар жолға әкеліп омарта қойған қандай жын! – Дүрмен жылқышы енді бал ара омарталарын шетінен теуіп, құзға құлата берді, құлата берді.

– Әй, дүлей, абайла, орыс байынікі болып жүрмесін, бәлесіне қалып жүрмейік, – деп арттан біреу тоқтау айтты.

Айтса – айтқандай, жақпар тастың тасасынан сау етіп үш-төрт атты шыға келді. Сонда ең алдында келе жатқан Кузьмин байды біреу танып, біреу танымады.

– Ей, ақымақ! – деп Кузьмин Дүрменге айқай салды. – Heгe тиісесің омартаға?!

– Е, жолды неге жабасың? Басқа жер таппадың ба? – деп Дүрмен ежірейе түскенде ашудан жалақ ерні шытынап, қан шығып кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий