Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әлгі бір сойқан көрініс, ақылға сыйымсыз арпалыс болмағандай, бейбітшілік жаршысы бозторғай шырылдап, жақпар тастар қуысынан шықылықтап, таудың өз тіршілігі өз бетінше созыла берген. Тау, шіркін, адамдардың алқын-жұлқын ақымақ әрекеттерін елең қылмағандай, өзінің мәңгілік екенін, қас-қағым өткінші ит-ырғылжың ырду-дырдуға көзінің қиығын да салмайтынын білдіргісі келгендей, пан-тәкаппар күйінде маңқиып қалыпты. Түптің-түбінде оның паңдығында да тұрақ жоқ. Асқар таулар да шөгеді. Шындықтың бір аты – уақыт. Уақыт бәрін жеңеді.

Тұрар төмендегі ақ айдаһар тәрізді шапшып аққан Аспара суынан Атамырза белгісін іздегендей үңіле қарап біраз тұрды:

– Атамырза, Атамырза. Мұның ақыры осылай болар деп кім ойлаған? Бірге жүрдік, бірге өстік. Жұтқан ауамыз, ұшқан ұямыз бір еді, өрісіміз басқа-басқа болды. Тағдыр – тосын ақыры аянышты-ақ. Бізді алда не күтіп тұр десеңші? Талқан қашан таусылмақ?

– Ау, сен Тұрарға ұқсамай тұрсың ғой, – деп Қабылбек ежірейе қалды. – Немене, аяп тұрсың ба Атамырзаны? Кәдімгідей жоқтау айттың ғой тегі. Тап жауың сол емес пе еді?! Жауды аяған – жаралы.

Тұрар мырс етіп күліп жіберді. Айнала тауға қарап тұрып:

– Мен аяп тұрған жоқпын, Қабылбек. Жәй, әншейін өмір деген қызық қой. Өзімнің ақырымды ойлап тұрмын. Әйтеуір бір кетпек бар. Ол ақиқат. Бірақ қандай сәт, қандай жағдайда? Болжап болмайды. Айталық, енді бір жиырма жылдан кейін? Қазір ғой он жетінші жылдың көктемі... Жиырма жылдан кейін не болад?

– Ей, қайдағы-жайдағыны күңірентпей қойшы әрі. Ондай философияны жиып қой. Онан да ана аңтарылып тұрған жұртқа қара! – деп Қабылбек қолын бір сілтеді. – Не болад? Не болад? Өзің айтқан жақсылық жаңа заман болад. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын, еңсеміз көтеріліп, іргелі ел болып, халық қатарына қосылатын күн туад.

– Оның рас, Қабылбек, сенікі дұрыс. Ал бірақ жаңа Кузьмин бізді атып жіберуі де мүмкін еді ғой. Яки Атамырза, яки солдаттар. Оны ойладың ба? Немесе, осыдан он минут бұрын Атамырза өлемін деп ойлап па еді? Жә, жарайды, өмір мен өлім туралы философия соғатын жер, шынында да бұл емес.

Тұрар төменде аттарының басын бұрып алып, тас тұмсықты айнала жорта берген екі солдатқа қарап:

– Грач! – деп айқай салды.

Алдыңғы солдат атының басын шалт тартып жоғары қарады.

– Грач! Сен мені танымай қалдың ба? Мен – Рысқұлов. Жол тосып, жұртты тонауға сен де қатысып жүрсің бе?

– Жоқ, жолдас Рысқұлов. Бұйрық солай болды. Комиссар солай бұйырды, – деп Грач Атамырзаны іздегендей шыңырау құзға үңілді.

– Мұныңды Хмелевский жолдас білсе, не айтар екен? Егер адал екенің рас болса, қазір біздің қасымызға кел! Мені Әулие-Ата, Мерке гарнизондары түгел танитынын білесің ғой. Қорықпа. Ақылдасатын шаруа бар.

Тұрар қия жол қамауында әлі есін жия алмай тұрған көшке қарап, дауыстап тұрып:

– Оу, бауырлар! – деді. Бұрын да жалтыр жар басында төмен түсе алмай тұрған қос салт аттыға көз тіккен халық енді жоғарыға ентелей қарап қалды. – Босқын болған түрің бар. От басы, ошақ қасы – Отаныңнан үдере көшпей, кері қайт. Малыңның құйрығынан ұстап, тым-тырақай қаша жөнелгенді қой енді!

– Жарқыным, сен Тұрарсың ғой. Танып тұрмын. Қасындағы Сармолданың Қабылбегі. Қияметтің қыл көпірін о дүниеде емес, бұ дүниеде көрді ғой бұ халқың. Сол қатерде сен екеуің аспаннан ақ періште болып түстіңдер. Әйтпесе, әлгі жауыздар бізді түгел қыратын түрі бар еді. Мен Досмайыл ғой, таныдың ба, Тұрар?

– Таныдым, Досеке! Таныдым, ағатай! Былтырғы көтерілістің көсемдерінің бірі болған ардагерді танымай не болыпты маған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий