Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ендеше, тыңда! – деді Тұрар дауысын көтеріп – жақсылық жақын, ағайын. Ішкі Ресейден соққан халық дауылы күннен күнге үдеп келеді. Патша құлады, бірақ үкімет әлі де үстем таптың қолында қалып тұр. Оған халықтың көзі жетті. Ендігі міндет – сол үстем таптың уақытша үкіметін құлатып, кедей тапқа тендік алып беретін кеңес үкіметін орнату. Кеңес үкіметі сенің арқаңды аязға тестірмейді, байлардың, әкімдердің қанауынан құтқарады. Бұрынғыдай бүгежектемей, еңсең көтеріледі. Кеңсе үкіметі сен орыс, сен қазақ деп бөлмей, алаламай, ұлттар тендігін тең ұстайды. Патша тартып алған жерінді өзіңе қайтып береді. Халықты сол халықтың өз өкілдері басқарады. Ол күн таяу. Ал әзір қиыншылық болуы мүмкін. Өйткені, айттым ғой, үкімет әлі де байлар мен помещиктердің қолында. Одан билікті тартып алу үшін күрес керек, ұйымшылдық, ауызбірлік керек. Тоз-тоз болып, жел аударған қаңбақтай қаңғырып кетсең, әрине, жау жеңеді. Қытайға ауамын дейсің. Қытай саған құшағын жайып, бауырым-ай деп емешегі езіліп тұр ма екен? Қорлықтың көкесін сонда көресің. Туған жеріңе жете алмай, көзіңе көк шыбын сонда үймелейді. Тұқымың тұздай құриды. Қырқына шыдап, біріне шыдамайсың ба?! Қайтыңдар ауылдарыңа. Шөбіңді шап, егініңді жина. Биыл қуаңшылық. Қыс қамын ойла. Ал Атамырза шығарған жарлыққа көнбеңдер. Малыңды тартып алуға уақытша үкімет әлі де әрекет жасайды. Бірақ бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсаң – ешкім сені жеңе алмайды.

– Қазіргі солдат – бұрынғы солдат емес, олар бізге жақ. Міне, жаңа ғана Атамырзаның жанында жүрген солдаттар мына өзімізге келіп қосылды, – деп Қабылбек сөзге араласты.

Әлгі екі солдат, шынында да, тұмсық айналып барып, желке тұстан Тұрар мен Қабылбекке келіп қосылып тұрған.

– Атамырза мен Кузьминнің өліміне сендер кінәлі емессіңдер. Оған мына біз куә, міне мына солдаттар куә. Ал Шәкінің Дүрменін атқаны үшін олар жазасын алып та қойды. Сондықтан енді мына ыстық күнде солықтамай, көштің басын кері бұр, ағайын, – деп Тұрар жар жағадан аттың басын елге қарай қайырды. – Ал біз, мына Қабылбек, ана өздерің білетін Жылысбайдың Мақсұты, Нұршанның балалары, Тұрдалы Тоқбайұлы сияқты азаматтар, Әулие-Ата гарнизоны мен Мерке гарнизонының солдаттары, орыс жұмысшыларымен, қазақ, қырғыз кедей шаруаларымен қосылып, күреске аттанамыз. Жер-жерде кеңес орнатамыз. Бұл істі әуелі Бектен ауылынан, Аспара болысынан бастаймыз. Жолымыз болсын, туғандар!

* * *

Ширатпа қалың мұрты құлағына қарай қайырылған, бойы тіп-тік, кең жауырынды әскери адам сықырлауық үстел басынан түрегеліп, оң қолындағы қарындашпен шыны графинді сыңғырлатып біраз тұрды. Бұл Степан Хмелевский еді.

– Тынышталыңыздар, жолдастар! Жиналыс күн тәртібінде екі мәселе:

1) Қазіргі кезеңде аштықпен күрес.

2) Мүшелікке қабылдау.

Күн тәртібі бойынша ескертулеріңіз, қосып-аларыңыз бар ма?

Шағын залдан «жоқ, жоқ» деген дауыстар естілді.

– Жоқ болса, дауысқа саламын: күн тәртібі осы қалпында бекітілсін дегендеріңіз қол көтеріңіздер. Қарсы? Қалыс? Ондайлар жоқ. Күн тәртібі бірауыздан бекітіледі. Ендеше күн тәртібіндегі екінші мәселені бірінші етіп қарау жөнінде ұсыныс бар. Бұған қалай қарайсыздар? Келісесіздер ме? Дауысқа салу керек пе? Жоқ па? Жарайды, келістік.

– Жолдастар! Большевиктер фрақциясының атына Әулие-Ата Совдепі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов жолдастан арыз түсті. Ол өзін большевиктер партиясының қатарына алуды өтінеді. Анкеталық деректерімен қысқаша таныстырып өтейін.

– Тұрар Рысқұлов. 1894 жылы 24-желтоқсанда Жетісу губерниясы Шығыс-Талғар болысында туған. Ұлты – қазақ. Ата-анасы кедей шаруа. Білімі – Ташкент педагогикалық институтын толық бітірмеген. 1916 жылы патша түрмесінде отырған...

Хмелевский кенет ресми сөйлеуін тия қойып, жайсаң мұртын бір ширатып алып, мырс етіп күлді:

– Көрдіңіздер ме, жолдастар, анкета қандай қып-қысқа. Ал біз білетін Тұрар жолдастың өмірбаяны, менімше, өте бай болса керек. Кәне, қандай сұрақтарыңыз бар? Тұрар жолдас, орныңыздан тұрыңыз. Берірек, алға шығыңыз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий