Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Солардың бірі – баяғы Бектен еді. Меркелік өкіметтің бастығы Атамырза шақыртып жатыр деген хабар жеткен соң Бектен әуелі ақсарыбас құдайы атап, бір қой сойдырып, ауылдың аш-жалаңашын тұңғыш рет сорпа-суға бір тойдырды. Ескі-құсқы киімдерін үлестіріп берді. Сонда қайыр-садақа алғандар оған:

– Жолың шыдыр болсын, жолдасың Қызыр болсын, Бектен мырза! Басыңнан – бақ, астыңнан – тақ кетпесін! – деп шуылдасып жатты.

– Бағың зор екен, Бектен мырза, Николай патша тағынан құлағанмен, таққа жарты патша болып Атамырза құдаң отырды. Атамырзаның өскені – сенің өскенің. Бір кісі таққа мінсе, қырық кісі атқа мінер деген. Меркенің патшасы Атамырза мырзаға мына біз сияқты бұқарадан сәлем айта бар: бізге назарын салып, рақымын төксін.

Иә, мұны Бектен қалай ұмытады? Атамырза бел құдасы, кешегі Қоқан мен Самарқан, Тәшкен мен Әулие-Ата, Пішпек пен Жәркент аумағына атағы шыққан атақты бай саудагер Айбармен құда болғаны қандай ақын, қандай көрегендік болған. «Өз ақылым – ақыл-ақ, кісі ақылы – шоқырақ» – рас, Бектеннің құда баласы, Атамырзаның ағасы Атамұрат ақылға шолақтау, жәй әумесердің бірі болып, ат жалын тартып мініп, елге бас бола алмады. Оның есесіне Атамырза құдасын құдай қолдап тұр. Атамырза Бектенді өлтірмейді. Патша құлады дегенде түні бойы албасты басып, қылқынып ұйықтамай шығып еді, ырысы бес елі екен, бел құдасы Меркені билеп, бұлтаңдап шыға келді. «Күйеу – жүз жылдық, құда – мың жылдық».

Ақсарыбас айтып, құдайы беріп, аш-жалаңашты аузына қараттым ба, – деп өзінің бұл ақылына да дән риза болып, енді атқа қона бергенде, үй сыртында, көлеңкеде сорпа ішіп отырған Жапарқұл дуана ақ шелді көзін аспандата қарап, жүні ағарып кеткен жалаңаш омырауына сорпаны ағыза-мағыза басына төңкере салды да:

– Әй, Бектен! Әлгі құдаңа айт: Маңырақтың құнын өндіріп берсін! Айт соны, әйтпесе ол Некалай патшадан әулие емес, Маңырақ қырғыны құрбандарының аруағы оны да құтқармайды. Айт, білдің бе! Бүкіл бір ауылдан тірі қалып, өлмей жүрген жалғыз мына – мен қақбас. Құдай мені саған осы сөзді айтсын, Маңырақтың аманатын айтсын деп тірі қалдырған. Маңырақ қаны сенің мойнында, біліп қой, Бектен! – деп аузынан көбік көрініп, тұлабойы қалшылдап барып, көзі аларып, бүрісіп, тырысып құлап түсті. Құлап жатып та әлдене айтқысы келгендей, бойы бір жиырылып, бір созылып, қолын Бектенге қарай ербеңдете беріп еді, Бектен шыдай алмай:

– Бұ сорлы қайдан жүр еді, – деп атын тебініп кеп қалды. Әлгі жұрт айтқан марапат-мақтау, игі тілектерден, алғыстардан кейін тәтті қуаныштың рақатына бір түйір тотияйын түсіп кеткендей, көңілі көлдей тартылып, тақыр шекесі құрысты да қалды. Қасына ерген нөкерлеріне тіл қатпастан, Меркеге жеткенше тыжырынып, тырысқағы тарқамады.

Ал жер-жерден келіп жеткен басқа болыстармен бас қосқанда Бектеннің әлгі қырыс-тырысы тез тарқап кетті. Өйткені басқа болыстар бүгежектеп қалған екен. Тіпті мұның Атамырзамен құдандалы екенін білетіндер Бектенге жалпаңдап амандасып, бұрынғыдан гөрі сәлемі түзеліп, жақындасуға тырысып, жарамсақтанып қалыпты. Соған қарап Бектен өз шоқтығы биіктегенін сезді де, әлгі ауылдан аттанардағы келеңсіз көріністі ұмытып үлгірді.

Бірақ сол жаман түстей оқыс жайт біраздан соң қайтадан көрініс берді...

Атамырза жиылғандарға қазіргі кезеңге сипаттама берген болып, саясаттан біраз білгенін айтудан бастады да, шұғыл мәселелерге көшті. Меркеде қазір бір-ақ үкімет бар. Ол Уақытша үкіметтің Мерке комитеті. Бұл үкімет осы отырған ел ағаларының арқасында солардың риясыз көмегімен жемісті жұмыс жүргізуге әзір.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий