Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Айхай, дүние-ай! Қарасұр қорғасындай сол Байкалдың шексіз теңізінде біз бір шөпшек сияқты, байтақ дүниедегі үш шіркей сияқты едік қой. Айхай, сонда Александрдың «Баргузин» дейтін әуенді аңыратқаны-ай. Мамытбектің «Алатауды» айтып сай-сүйегімді сырқыратқаны-ай, әуен құдіретін мен тәуекел қайығының үстінде, Байкалдың түпсіз тұңғиық зүмірет суын кешкенде сездім, Тұрар. Мен саған аман жетсем, сол орыс пен қырғыздың әруақты әуендерін айтып берер ме едім. Бодойбода қалған башқұрт бауырым Ділмұхамедтің «Салауатын» да айтып берер едім.

Қайтар едім жолым жоқ,

Сулар буған жолымды

Жұлдыздардан көпір салар ем,

Бұғаулады жазмыш қолымды, –

деген екен Балтық дариясының аралында қалған ер Салауат. Менің де жолымды сулар буған еді, менің де қолымды тағдыр бұғаулаған еді. Соның бәріне қарсы ақсиып, аузымды сақылдатып, бұғауды үзіп, теңізге үш құлаш қу қайықты салып, «а, Тұрарлап!» төтесінен тарттым, атасына нәлет!

Теңізде толқын тулап, қайығымызды аударып жібере жаздағанын, ашығып шикі шабақ жегенімізді, теңіздің бергі бетіне шыққан соң жан баласына көрінуге қорқып, бұқпалап, бұта тасалап жүргенімізді – бәрін-бәрін тізе беріп, қайтейін, шырағым. Бұрынғылардың қиссасындай шексіз бір хикая.

Бодойбодан қашып шығуымыз да тоғыз жүз он бесінші жылдың жазы еді, біз содан қазақ жерінің шетіне, Құлынды жазығына жеткенде қыс түсті. Барнаул деген жерде Александр қоштасып, Петерборға қарай жол тартты. Қоштасарда құшақтасып тұрып айтқаны:

– Патша сендерді каторгаға айдап, мұқатқанмен, бір жамандықтың бір жақсылығы бар, енді сендер шыңдалу мектебінен өткен революционер болдыңдар. Елдеріңе барып халықты көтеріңдер. Патшаның тағы қаусап тұр. Халық қаһарланса құламақшы. Мен де сол күреске араласу үшін асығып барамын, – деп ақырғы ақылын айтты.

«Революционер» болу бізге қайда, бірақ он жыл каторга көп нәрсеге көзімізді ашқаны рас. Жалғыз-жарым Саймасайлардың көзін жоюмен іс бітпейді екен. Ұлы шайқаста Рысқұлдар да жалғыз-жарым болғаны жарамайды екен. Мен каторгада жүргенде мың тоғыз жүз бесінші жылғы шайқастың өзім сияқты көп құрбандарымен кездестім. Солардан көп нәрсе үйрендім.

Мамытбек қырғыз екеуміз Құлындыны кесіп өтіп, Маралды деген жерді жебеледік. Ертіс дариясының арғы бетіне шыққанда көзіме Алатау елес бергендей болды. Жылқы бағып жүрген бір туғаннан: «Шырағым, Алатау алыс па?» – деп сұрап едім, состиып, біздің үсті-басымызға таңдана қарап:

– Қайдағы Алатау? Қайдан жүрген адамсыңдар? – деп тергеудің астына алды. Жаның шүберекке түюлі мүсәпір кезде, кім көрінгенге жалынышты болады екенсің, әлгі жылқышыға: «біз пақырды ая, қашқын екенімізді ешкімге айтып қойма» деп жалбарынғандай тұрпатымыз. Егер де бұл тасыраңдаған бір есер болса, қазір барып ұлығына айтса – бітті ғой! Қаншама еңбек зая, үміттің жылтыраған жарығы сөніп каторгаға қайта кете барамыз ғой.

Жылқышы біздің халді айтпай-ақ түсінді білем, түсін жылытты:

– Алатау алыс әлі, – деді ол. – Жолаушы көрінесіздер. Менің қосыма түсіп, қонақ болыңыздар.

Рахым жылқышы бізді сонда жылқы сорпасына бір тойдырды-ау. Елден кеткелі жылқы соғымының дәмін татып көрмеген байғұс бастар – Мамытбек екеуміз ағыл-тегіл терлеп: «Е, жарықтық жылқы еті, сенің де дәміңді татар күн бар екен-ау, қайран қазақ-қырғыздың қадірлі асы-ай», – деп жылап отырдық. Он жыл каторгада бізді бүйтіп дастарқанға шақырып, дәм таттырып, адам санатына қосқан жанды тұңғыш рет көрген соң, риза көңіл ағынан жарылып, Рахымға бар сырымызды бастан-аяқ айтып бердік.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий