Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Но-но! Тарта сөйле! Государь сенің ойыншығың емес! – деп Аркадий Приходько лезде өзгере қалды. – Жарайды, ескі достарша біраз әңгімелестік. Енді негізгі мәселеге көшейік. Бірақ ескертемін. Мен бұрынғы «Аркаша» сен бұрынғы «Турарка» емеспіз. Ұлы империяның адал сақшысы мен оның жауы, қарама-қарсы отырғандар. Сондықтан тек ресми сөйлесеміз. Мен сұраймын, ал сен түзу жауап беруге тырыс. Ал сонымен жолдасың Ақ... Ақкөз қайда жасырынып жүруі мүмкін?

– Оны бұрын айтқанмын, қосып-аларым жоқ.

– Так. Қасарысасың. Бірақ біз тіліңді шығара аламыз. Бала емессің, түсінесің ғой.

– Айтарымды – айттым.

Сұрақ қатая, жауап қасарыса түскен сайын босағадағы айдауылдар да ширыға бастаған сияқты.

«Қап!» – десе, «арс!» ете түскелі тұр.

Ротмистр креслодан тұрып, терезе жаққа барып, омырауына қолдарын айқастыра ұстап, біраз тұрды.

Сыртта телеграф сымына қарлығаштар қаз-қатар тізіліп, күн шуақтап отыр екен.

– Сен білесің бе, қолға түскендерді біз қалай жазалағанымызды? – деді ротмистр өкшесімен қалт бұрылып, хром етігінің сірісін сықырлатып.

– Сеземін, – деп Тұрар сазарып қалды.

– Ә, сезесің. Сенін сыбағаң басқаша. Олар қиналмай, оңай опат болды. Бекер сазарма. Ақкөз қайда? Соны айт. Бір. Ташкентте кімдермен байланысың бар? Екі. Осы екі сұраққа қанағаттанарлық жауап берсең – мүмкін, жазаң жеңілденер. Білесің бе, мен сені бала күннен-ақ жек көретінмін. Несін жасырайын. Бірақ табандылығыңа іштей табынатынмын. Табанды болудың да орны бар. Ал табан тірер жерің қалмаған кезде, жазадан құтылудың жолын табу да ақылдылық. Фанатик болу – надандық. Ал сенің көзің ашық қой. Мүмкін, менің сенімен былай бейбіт сөйлесуімнің өзі де сол себепті шығар. Басқа біреу болса...

Офицер өз кеңірдегін ұстап тұрып, үйдің төбесін көрсетті.

– Ұқтың ба? Шыдамның да шегі бар. Сенің сарбаздарыңның біразы баған басында салбырап та қалды. Сарбаздарың тұрмақ, ұраныңа дейін жазаланды.

Тұрар түсінбей, жалт қарады.

– Сарбаздарың шулап айқайлайтын ұран ше? «Спатай! Спатай!» Солдаттар оның күмбезін атқылады.

Тұрар мырс етіп күліп жіберді.

– Өлгендерге де оқ аттық де. Жарайсың, ротмистр. Ал сен білесің бе оның кім екенін? Сенің бұл масқараңды естісе, ұлы мәртебелі государьдың өзі ашулануы мүмкін. Неменеге ақшия қалдың? Жә, ол өткен тасырдың орта шенінде Ресейге осы өлкенің өз еркімен қосылуын жақтап, патшаға хат жазған адам. Ол Черняев отрядымен қол ұстасып, Қоқанға қарсы соғысқан адам. Жеке өзі емес, қалың қол бастап шайқасқан. Кадет корпусын бітірдім, генерал-губернатордың оң қолымын дейсің, ал тарихты білмейсің. Сыпатай күмбезін атқызғанын шатақ болған екен, саған жаным ашиды. Мұныңды білсе...

– Жә-жә, қорқытпа, – деп келімдәрі жегендей ротмистр тыжырынып қалды. – Ол Черняев заманы. Ол кездегі Спатай рөлі дұрыс та шығар. Ал қазір бүлікшілердің ұранына айналған Спатай – патшаның жауы. Мені білім жағынан ақсатпақ болғанша, алдымен логиканы түсініп ал. Сен өзің институт әлі аяқтаған да жоқ көрінесің ғой. Айтпақшы, Ташкентте сені қалай кездестірмегем?

– Кездеспегеніміз жақсы болған. Верныйда көрсеткен қорлығың әлі естен шыққан жоқ.

– Сен кекшілсің, ә? Кекшілдік – ақылдылығының белгісі емес. Бірақ сенен не ақыл күтуге болады. Өлетін бала молаға қарай жүгіреді дегендей, қасарысып отырғаның мынау. Сенерің, сүйенерің жоқ. Дәл осы жерде осы тәлкегің! – Кенет ротмистрдің көзі шыны сияқтанып шақшиып кетті де, Тұрардың астындағы табуретканы теуіп кеп жіберді. Тұрар шалқалай құлап түсті. Айдауылдар айтақ күткен төбеттердей дүрдиісе қалды.

Тұрар артына қайырылып байланған қолдарының шынтағына сүйеніп, ұмтылып-ұмтылып барып, орнынан қайта тұра берген кезде кеңсенің есігі кең ашылды да, сол есікке әрең сыйып Атамырза кіріп келді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий