Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– А-а, Айбаров мырза, мархабат. Таныдыңыз ба, қателеспесем, сіздің «ескі досыңыз» ғой мына тұрған? – деп Аркадий Приходько мысқылдаған болып, Атамырзаға сынай көз тастады. Тұрармен туасы бітіспес жау екенін дәлелдейтін кез осы екенін Атамырза жылдам сезді де:

– Иә, «ескі дос» екеніміз рас, ротмистр мырза, – деп Тұрардың, қасына таяп келіп, кенет шықшыты бұлтылдап, дүрдік еріндері бульдог иттің езуіндей салбырап, ұртынан көбік көрініп, бітіктеу көздері тұнжырап кетті де, құлаштап тұрып, тұтқынның бетін ала періп кеп жіберді. Тұрар тәлтіректеп барып, жуан үстелге тіреліп барып тоқтады. Атамырза тағы ұмтыла бергенде, ротмистр:

– Айбаров! Тым қызбаланбаңыз. Жұдырық жұмсау сіз бен біздің ісіміз емес. Аналар да жетеді, – деп босағада тұрған еңгезердей екі солдатты иегімен нұсқады.

– Жәй, ескі есебім бар, – деді Атамырза алғашқы райынан қайтса да, қалшылдаңқырап тұрып. – Есінде ме, Тұрар, мектептің коридорында мұрнымды қанатқаның?

Тұрар жәй езу тартып күлді де қойды. Жымиған езуінен жылжып қан ата бастаған. Сүртіп тастауға қолы қайырулы. «Жылама, аузым қанады деме, шие жедім де!» – деген қаһарлы үн құлағына тағы келді.

– Ұпай бұлай теңеспейді ғой, Атамырза. Кегіңді сегіз жыл бойы сақтаған екенсің. Бірақ қайтара алмадың. Менің аузым қанаған жоқ. Атамырза, аяймын сені. Ұялмайсың ба, бала кездегі жеген жұдырықты енді ротмистр мырзаға шағынып айтуға!

Атамырза сөзден тосылып, енді тағы да қолын ала ұмтылайын десе, Приходьконың ескертуінен сескеніп, офицерден көмек күткендей жалына қарап еді, ротмистр оның көмейіне тығылып тұрған тілекті ұқты да, солдаттарға иек қағып, белгі берді.

Тамұқ басталды.

– «Көке, шиеге тоятын болдым», – деді Тұрар мекені беймәлім әкесімен ойша сөйлесіп.

* * *

Қабылбек өзінің ұстазының қартайғанын байқады. Сақал-шашы бақбақтың басындай үлпілдеп, бұрынғыдан бетер аппақ құдай болып кетіпті. Қабылбекті көргеннен сүріне-қабына қарсы жүріп, шәкіртін бауырына басып құшақтады да, оған әйнектің ар жағынан жасаураған көзін қадап:

– Сойқанның ішінде сен де болдың ба, Қабылбек? – деді.

– Жоқ, Иван Владимирович, көтеріліс басталардың алдында мені пошта бастық Долгопятов Пішпек пен Верныйға жұмсап жіберген. Верныйдан қайтып Пішпекке келгенде, «жол қауіпті, бүлік шығып жатыр», – деп бізді жүргізбей қойды. Содан тек кеше ғана оралдым. Меркеге жақындағанда көрген сұмдығымды, Иван Владимирович, ауызбен айтып жеткізе алмаймын. Баған бас сайын асылған, атылған адам; жол бойы қан сасиды. Түнімен шошып, ұйықтай алмай шықтым. Бұл не сұмдық Иван Владимирович?!

– Тарихта талай геноцид болған, бауырым. Бұл соның жаңа түрі. Жиырмасыншы ғасырда жетілген түрі. Бірақ адам қаны – су емес. Ол тегін кетпес. Патшаның тағы сықырлай бастады. Соғыстағы жағдай анау. Миллиондаған адам қырылып жатыр. Бір жақсылықтың толғағы жеткен сияқты. Ал мына Меркедегі көтеріліс сол жақсылықты жақындата түседі. Сен көрген марқұмдар сол жақсылық үшін құрбан болғандар. Жасыма, бауырым. Сәтін берсе – төңкеріс жақын.

– Иван Владимирович, менің сізге асығып келген себебім басқа: жаңа мен конвоймен пристав кеңсесіне кіргізілген Тұрарды көрдім. Оны да жазалайтын қауіп бар. Сірә, сұраққа алып жатыр. Қалай құтқарамыз? Не амал бар, ағатай? Шынымен айырылып қаламыз ба Тұрардан?!

Қабылбектің көзіне жас үйірілгенін көріп, ұстаз оны арқасынан қағып, жұбатқан болды.

– Келген бетте неге айтпайсың? Апырай, асығайық та! Егер бүгін түнге дейін аман болатын болса, сірә құтқарудың сәті түсер. Түрме қарауылдарының ішінде менің таныстарым бар. Рас, олар бүгін түнде қарауылда тұра ма, тұрмай ма, білмеймін. Үміт етейік. Ал сен тез жігіттерді жина. Сезіктеніп қалмасын, абайлаңдар. Шоғырланбаңдар. Тұрдалы Тоқбаев, Мақсұт Жылысбаев, Садуақас Жамансартов, Төребек Исабеков... Осылар сенімді. Тез жалғас. Питерден маған ештеңе түскен жоқ па?

– Ештеңе көре алмадым, Иван Владимирович.

– Иә, қазір поштаның кетуі де қиындады ғой. Жарайды, тез жөнел. Мен де кетемін қазір.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий