Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Маңырақ қайсы? Өртеніп кеткен ауыл емес пе? – деп сұрады ротмистр Теляшкиннен.

– Дәл солай, мәртебелі мырза.

– Ауылда жүріп адасып кетем деп ойлады ма, мұны неге тағып алған?

– Надан киргиз ғой, мәртебелі мырза. Бұл киргиз да солдатқа қара жұмысқа алынатын болған. Егер солдатқа кетсем, керек шығар дегендегісі ғой, сірә. Бұлардың көбісі сөйтеді. Осындағы орыстарға жаздырып алады.

Ротмистр ойланып қалды.

– Демек, бұл солдатқа баруға бір мезгіл пейілді де болған. Бірақ бүлікшілдердің дүрмегіне қосылып кеткен. Кешірім етуге де болатын екен. Бекер дарға асып жібергенсіңдер, Теляшкин!

– Дәл солай, мәртебелі мырза! Бұл өзі осындағы құрметті Кузьмин байдың жалшысы еді. Мұны азғырған сол Кузьминнің екінші жалшысы Пахом Петров деген орыс, майданнан мүгедек болып қайтқан. Соның арбауына түсіп қалды.

– Соны біле тұра, неге өлтірдің иттің баласы?!

– Өзіңіздің әміріңіз бойынша мәртебелі мырза. Бұлардың ақ-қарасын тексеріп жататын сот болған жоқ қой.

– Қысқарт!

– Ал Пахом ит болатын болса, киргиз бүлікшілеріне қосылып кетіп, кеше бізбен соғысты ғой.

– Ол қайда қазір?

– Оққа ұшып өлді, мәртебелі мырза. Мен өзім көрдім. Алғашқы шайқаста. Маңырақ маңында.

– Атама сол қарғыс атқан ауылдың атын!

Ротмистр әлдеқайда, батыс жаққа көз қадап, басын әнтек шайқап, мырс етті.

– Герман соғысында ерлікпен өлудің орнына, елге оралып, бүлікшілерге қосылып, өз қандастарының қолынан оққа ұшу... неткен масқара!

Әйтеуір мырзаға жағымды бірдеңе істесем деген ниетпен Теляшкин ептеп қана:

– Мәртебелі мырза, онда бұл киргизді адам сияқты жерлесек қайтеді? – деп сипақтады, бағанды нұсқап.

– Қажеті жоқ, болары – болды. Тұра берсін.

Осыны айтып ротмистр мәстек аттың тоқ бүйірін торс-торс тебініп қалды.

Жапқан көзден бастап көрген-білгенін айтқан кезде – о дүниеліктердің бәрі-бәрі Тәңірінің өзі бастап, күллі періштелер, әзірейіл, жәбірейілдер селт етпестен ұйып тыңдап, үнсіз тебіреніп, күйзеліп, күңіреніп кетті. Тіпті Тәңірінің де қызыл жиек кәрі көздерінен сора-сора жас парлап, ұзын ақ сақалын жуып ағып жатты.

– Апырай-ай, біздің мұндағы тамұғымыз – жарық дүниедегі сұмдықтарға қарағанда жұмақ екен ғой! – деп тіл қатты бас Әзірейіл.

– Е, бейшара пендем, көрген азап-тозағың басындағы шашыңнан да көп екен. Сен күнәдан пәк, нағыз періштесің, – деді Тәңірі кеуілжірігі жібіп кеткен дәу мұрнын бір тартып қойып. – Қаласаң, осындағы періштелердің бастығы етіп қояйын. Қаласаң, сені тірілтіп, жарық дүниеге қайта жіберейін. Таңдағаныңды ал.

– Жо-жоқ, қайтпаймын! – деп Тайлақ шар-шар етті.

– Сонда қалай? – деп Тәңірі сарсаң, екі қолын екі жаққа жайып жіберді,– «Уа, Тәңірі, тірі қыла гөр, өлтіре көрме!» – деп жарық дүниеден келіп жатқан арыздардан менің құлағым керең болып қалды. Ал сен ғой, қайта тірілгің келмейді.

– Ей, Тәңірі! Жақсылық қылсаң – мен жарық дүниеде жүргенде қайда қалдың! Мен саған сонда жалынбады дейсің бе?! – деп Тайлақ ашына айқайлап жіберді.

Тәңірі қызыл жиек, ақ шел көзін тайқытып, төмен қарады. Аппақ періштелер ұялғаннан қып-қызыл болып кетті. Әзірейіл, Жәбірейілдер өз бастарын өздері тоқпақтап, беттеріне тырнақ салды...

* * *

Мерке приставының тарбиған, жалғыз қабат үлкен қызыл үйі көшенің тау жақ бетінде еді де, түрме соның қарама-қарсысында болатын. Аралары жақын-ақ. Сол түрмеден пристав кеңсесіне қарай келе жатқан үшеуге ары-бері өткен халық қалт тұрып қарай қалысты. Үшеудің алдынғысының қолдары артына байлаулы. Еңсесін биік, басын тік ұстап сұсты келе жатқанына қарағанда ана соңғы екеудің қожайыны екен деп те қаласың. Бірақ сәлден соң оның қолы байлаулы, артындағылардың мылтықтары кезенулі екенін көріп, біріншінің тұтқын екенін, соңғылардың айдауыл екенін аңғарасың. Айдауылдардың бірі – урядник пұшық Обровты Меркенің итіне дейін таниды.

Поштаның торлы терезесінен көшеге қарап тұрған Қабылбек Тұрарды бірден таныды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий