Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Сен шпионсың. Генерал-губернатордың депешаларын сен қайдан білесің? Демек, Ташкентте, өлкелік өкіметте сенін сыбайласың отыр. Сенің әрбір тарамысыңды жеке-жеке суырып отырып, сол сырыңды да ашу керек. Жетті әзірге. Әкетіңдер! Мықтап қарауыл қойындар! – деп бұйырды ротмистр өз адамдарына.

– Аркаша, бір сұрағым бар? – Тәкаппарлықпен аттай беріп қолдары қоса шандулы денесімен тұтас бұрылды Тұрар.

Ротмистр тыжырынып қолын бір-ақ сермеді. Айдауылдар Тұрарды итермелей бастады.

– Наташа қайда?

Мұндай сұрақ күтпеген ротмистр көзі ежірейіп, мынау мені мазақ қыла бастады-ау деп жобалап, жынданып кете жаздады. Өзінің жауы мұның туған қарындасының бейнесін кеудесінде жылдар бойы сақтап жүргенін қайдан білсін, басқаша жорыды.

– Сандалма! Топас сұраққа мен жауап бермеймін. Әкетіңдер! – деп жерді бір теуіп қалды.

IV

Меркенің әкімдері ротмистр Приходько мен Тұрардың бұрыннан таныс болып шыққанына түсінісе алмай, дал болыңқырады. Соны байқаған офицер Мерке басшыларының алдында өзінің әлгі құлдыраған беделін қайтадан қалпына келтірмек болып, күпіне сөйлеп кетті.

– Бұл оңай жау емес. Мұның әкесі де оңай жау емес еді. Верныйдан білемін. Әкесі каторгаға кеткен. Біліп қойындар, бұл каторжниктің баласы.

– Так это Киргизбаев! – деп Теляшкин өзінің білімпаздығын көрсетіп қалғысы келді. – Осында бір либерал тергеуші Семашко деген болған. Соның писарі болып жүрген. Бір құрметті болыстың тойында бүлікші Ақкөзге жақтасқан. Да-да! Енді есіме түсе бастады. Міне, күшік! Азуы шыға бастаған.

– Пристав мырза! Қайдағы Киргизбаев? Ол – Рысқұлов. Өзіңіздің иегіңіздің астында өскен большевик. Жалпы, бұл бүліктің Әулие-Ата уезі бойынша әсіресе Меркеде белең алып кеткеніне не себеп? Осыны ойланып көрдіңіз бе, құрметті пристав? Жо-жоқ, орынбасар... Бұған сіз қандай жауап айтар едіңіз? Большевиктер, социал-демократтар ұя салып алып жүрген жоқ па сіздің участокке? Соларға тиімді де, жайлырақ мекен ғой деймін Мерке? Бұған не дер едіңіз? Ертең жоғарғы жақ сізге осындай сауалдар қойып жүрсе, немен түсіндіресіз? Ашықауыздықтың нышандары жоқ па?

Мына жас офицердің өзін тықсыртып бара жатқанына шамданған приставтың орынбасары сол көзі ырбыңдап, мұрты жыбырлап, мойны кительдің жағасына сыймай долырып бара жатты.

– Мәртебелі ротмистр мырза! Мен егде тартқан адаммын. Таяуда бандиттердің қолынан қаза болған Сокольский мырзамен бірге Меркеде он жылдан астам уақыт қызмет істедім. Бірақ бұл уақыт ішінде мен жоғарғы шен тарапынан ешқандай сөгіс естіген емеспін. Сіздің мына күдігіңіз мені қатты жәбірлеп тұр, кешіріңіз, әрине...

– Ендеше шайтан алсын, қатаңырақ болыңыз, ы-ы...

– Теляшкин!

– Теляшкин мырза! Ана қолға түскен киргиздарды дереу жазалаңыз. Бірі қалмасын. Қандай түрде жазалайсыз – өз еркіңіз. Тек өлім!

– Құп болады, ротмистр мырза! Мен таптым. Бұл бандиттер телеграф бағандарын қиратқан. Жолда көрдіңіз ғой. Біздің есебімізше, Меркенің шығысы мен батысында жүзден аса баған құлатылған. Әр бағанға – бір киргиздан құрбандық шаламыз. Жол бойында жатқаны жақсы. Әлгіде өзіңіз айттыңыз ғой, көпшілік көретін жерде жазалансын деп. Ең дұрысы осы. Бұған қалай қарайсыз.

– Ол да дұрыс. Те... Теляшкин. Орындаңыз. Ал бағандар қалпына келтірілсін. Телеграф жұмыс істейтін болсын. Ал ана главарьді қалың базарда дарға асамыз. Ешқандай әскери трибунал жоқ. Трибунал – мына мен! Алдымен одан біршама деректер аламыз. Одан соң...

* * *

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий