Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қалың қолдың қақырап, быт-шыт болып жыртылғанын көріп: «Қайт! Қайт!» – деп қаһарлана айқайлап Ақжал аттың үстінде алас ұрған Ақкөздің бір кез лезде дауысы шықпай қалды. Оң иығы топшасынан жұлынып түскендей, ат үстінен оны бір дүлей күш жұлқып өтті де, батыр есінен ауып, шалқалап бара жатқанда, сарбаздар келіп, Ақжалдың тізгінін тартып, қолбасшыны шегінгендер соңынан алып кетіп бара жатты.

– Күміс ер! – деп айқайлады Ақкөз көзін тарс жұмып алып жанындағыларға. – Рысқұлдың күміс ері... Мен алай-бұлай болып кетсем, Тұрарға табыстаңдар. Әкесінің аманаты. Тұрар қайда? Тұрар!..

Ақкөздің айқайын естісе де, жанындағы сарбаздары артқа бұрыла алмай, жаралы сардарды қаумалап, алыстағы мұнар құмды бет алып, суси берген.

Осы қым-қуыт сүргін сапырылыста Аркадий Приходько өзінің адамдарына екі кісіні: Ақкөз бен Тұрарды қолға түсіруді қатаң бұйырып тапсырған. «Бұл дүлей бүліктің қос басы бар. Сол екі басын қағып тастасақ, қалғаны қауіпті емес», – деді ротмистр әскерлеріне.

Ақкөз қолға түспей кетті. Өзгелерден киім киісі, бітімі өзгеше Тұрар көзге оңай түсті.

* * *

Маңырақ маңындағы соғыста-ақ көз үйреншікті болып қалған Тұрарды солдаттар жан-жағынан қамалап, әуелі астындағы атын көздеп атып құлатып, құлаған аттың астында аяғы қайырылып қалған Тұрарды бес-алтауы бас салып ұстап, қол-аяғын байлап-матап Аркадий Приходькоға алып келді.

– Таныдың ба? – деді жас офицер сыңар езулеп күліп тұрып. – Арада талай жыл өтті ғой. Танымауың да мүмкін. Верныйды, түрмені, гимназияны есіңе алшы.

– Танығанда қандай, Аркаша, мен сені Ташкенттен бірге шыққанда, жол үстінде танығанмын. Білесің бе, қалай? «Айда!» деген айқайыңнан таныдым.

– А-а...

– Жас кезінде-ақ есірік едің, иығыңдағы пагон саған ақыл қоса қоймаса керек. Ал сен мені күйме үстінде танымадың, Аркаша.

Жанында бөтен адамдар, приставтың орынбасары, солдаттар тұрғанда тұтқынның өзімен мұнша рабайсыз сөйлескеніне шамданып, өз мундирінің намысын қорғап, Аркадий Приходько енді сұстана қалды.

– Күйме үстінде танымасам, арада аз күн көрер жарық сәулең бар екен. Енді соңғы сағатың соқты. Сені ана жабайы қандастарың сияқты сұраусыз атып тастай салсам, менің арым таза. Өйткені соғыс жағдайы. Білесің бе сенің қарақшы бауырларыңның қаншасы қолға түскенін? Жүз елу қаралы. Тұтқынға алмай далада атып кете беру керек еді. Бірақ киргиздар енді құтырмас үшін оларды жұрт көретін жерге апарып атамыз. Ал, сені әскери трибунал соттайды. Трибунал басыңнан сипамас. Ату жазасы емес, асу жазасына бұйырады. Мерке базарында, қалың халық алдында асыласың. Оған дейін сенен бізге бір дерек керек. Сенің кәрі серігің, әлгі аты кім еді?

– Ақкөз Қосанов, – деп өлген приставтың орынбасары Теляшкин жалбақтай жауап қатты.

– Иә, сол бізден құтылып кетті. Ол қайда барып паналауы мүмкін? Соны айт! Жақын жолдастары кім? Қай ауыл, қай болыстан? Соны айт! Азап көргің келмесе, айтасың. Айтпасаң, біздің қалай айтқызатынымызды сезетін шығарсың. Ақкөздің мекені қайда? Қай жерді барып паналайды?

– Оны мен қайдан білейін. Оның мекені – кең дала. Осы жердің тау-тасы, әрбір түп қамысы мен қоғасы, әрбір бұтасы – бәрі пана. Жоғары мәртебелі генерал-губернатор Куропаткин мырза Петербургтегі соғыс министріне «Дәл қазір Түркістанға атты әскерлер көп керек... Жаяу әскерді өзім-ақ жасақтап алар едім. Бірақ шексіз далада киргиздармен атты әскерсіз айқасу өте қиын...» деп телеграмма бергенін сен білмеуші ме едің? Қазаққа кең даланың бәрі пана екенін генерал-губернатор біліп отырғанда, оның сеніп жіберген адамы – сен неге білмейсің? Енді бұл далада Ақкөзді іздеу – бір мая шөптің ішінен ине іздеуден де қиын. Сондықтан мені мұндай сұрақ қойып қинама.

Тұрар мына топтың ортасында өзінің беделін қайта-қайта түсіре бергеніне тұлданған офицер ақырып жіберді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий