Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Алпыстан асқан шағында «Сыпатайлап», апай төсін айқара ашып, таң бозында жауға шапқан Ақкөз табиғатында да мына көкшіл перуза гүлге ұқсас бірдеңе бар. Ол қазір қаракөк барқытпен көмкерген ақ қалпағын баса киіп, ақжал сарыны сабылтып бара жатқан шағында Алатаудың ақ шоқыларынан жаралған алпамса перзент сияқты. Адам, асылы, табиғаттың ұрығы. Тірі жан табиғатына тартып туады, өйткені ол адамның анасы. Тасты аспанға қанша лақтырсаң да қайтадан жерге түсетіні сияқты, бұл Ақкөзді де, оның соңынан ертең қалың қолды да осы туған жерден айыра алмайсың. Осы топырақта өліп кетуге риза, ал айырылуға бейіл емес. Олардың тас қабырғалы қара бесігі осы Мерке атырабы. Олардың бойына күн сүйіп жүкті болған қара жердің: оның жусаны мен шәй-қурайының, торы тобылғысы мен рауашының, ащы миясы мен дермене-жалбызының исі сіңген. Биылғыдай шөбі шая құрғақшылықтың өзінде шөлге шыдамды шилеуіт жандарын шүберекке түйіп жауға жалаң төс аттанып бара жатқан мына жасақтың аттарының бауырынан сипап қалып жатыр. Сол шилеуіттен осы елдің әйелдері ши тартып, киіз үйлерінің қабырғасын жабады. Қаралы үй ахиреттік арысын сол шиге орап шығарады.

Туған жердің аспаны қара бұлт қаптап тұрса да қарата үйдің түндігіндей жылы көрінер. Осы аспанның астында, осы жердің үстінде қорлық пен зорлыққа шыдай-шыдай төзімі кемерден асып төгілген ақкөңіл, аңғал адамдар мына боз ала таңда, боз далада тарғыл тастай түйіліп атқа қонған бір заман. Тақта жауыз патша отырғанда азаттық жолы қан сасиды екен. Соған саналы түрде бас тіккендер жорығы еді мынау.

* * *

Меркеден күнбатысқа қарай жиырма шақырым шыққанда алдан әскер қарасы мұнартты. Ақкөздің жер қайысқан қалың қолына қарағанда жазалаушы отряд бір шөкім ғана аз қол сияқты көрінді.

– Құдай бұйыртса, мұны біз таптап өтеміз! – деп Ақкөз үзенгінің таралғысын қысқарта түсті.

– Кішкене жыланның уы көп болады. Ақа, абайлау керек, – деді Тұрар адуын қарттың аптығын басып. – Қолды екіге жарып, қос бүйірден орай шапқан жөн. Сонда күші екіге бөлінсе, бәлкім бізге жеңілдеу тиер.

Ақкөз қолдың жартысын Досмайылды бас қылып, қара жолдың тау жақ бетіне өткізді де, қос қанаттан бір мезгілде ат ойлауға келісті. Қырық боз жылқының құйрық қылынан жасалған боз қылаң ту желбіреп жоғары көтерілді. Оның жанынан атқан таңның арайлы шапағындай қызыл ту желбіреді. Тұрардың айтуымен Ақкөз бұл жорықта қызыл ту көтеруге келіссе де, кешегі Сыпатай батырдың салтымен ат қылынан жасалған ақ жалауды да тастамады.

– Ақ жалау патшанікі! – деп Тұрар көнбеп еді.

– Патшанікі ақ болғанмен, қос бас самұрығы бар мата байрақ, біздікі тұлпар тектес жылқыдан, тірі тәннен шыққан қыл байрақ. Мұның әруағы басым, – деп Ақкөз көнбеді. – Бұл байрақта менің Ақжал сарымның да қылы бар. Ал көне, Ақжал жануар, осы сапар тұяғың мұқалмағай, сүрініп кетпей, сүңгідей сілте, тұлпарым! – Ақкөз аттың жалын сипап ішінен күбірледі де, – ендігі замат қарала күміс белдігін шешіп алып, мойнына салып тұрып айқай салды:

– Әруақ-құдай жар болсын, ерлерім! Ата-баба әруағы қолдасын, алға!

Қалың қолдың шабысынан жер сілкініп, тау қозғалғандай еді. «Сыпатайлап!», «А құдайлап!» ақырған айқайдан аспан асты күңіреніп кеткен.

Осы телегей теңіздің толқынындай шуды баса көктеп бір кезде зеңбіректер гүрсілдеді. Сатырлай атылған мылтықтардың азынауық үні таңғы ауаның сарынымен жаңғырығып, алты қырдан аса естіліп жатты. Өкірген адам дауысы, шыңғырған жылқы дауысы, көк түтін мен бозала шаң қапырығына, күйген еттің күлімсі иісі араласып, мына сұрапылдан көз тұнып, адам есінен адасып, бас айналды.

Соғыстың ең сын сәтінде, жазалаушы отряд қыспақта қалып, енді-енді іргесі сөгілейін деп тұрғанда көтерілісшілердің ту сыртынан, Мерке жақтан Аркадий Приходько бастаған Пішпектен жеткен тың күш тұтқиылдан соқты да, оңынан келіп тұрған істің быт-шыты шығып, берекесі қаша берді. Қанша өлермен болса да, бұршақша жауған оққа төтеп бере алмаған қарусыз қол қырылғаны қырылып, қырылмағаны терістікке, Ойталға қарай сырылып шегіне бастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий