Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қабақтары қарс жабылып, қастарының ортасынан тіке сызық түскен жауынгерлер біреуі ақ қалпағын, біреуі жарғақ бөркін маңдайларына түсіре киіп түнеріп алған.

Жайраған жаудай жапырылып жатқан қарағай бағандар әлі өлмегендей сымдары гуілдейді. Мына сарбаздар баған қирату ісіне кешігіп кіріскенін қазір сезбей келеді. Жазалаушы отрядтың командирі Аркадий Приходько әу баста-ақ Әулие-Ата уезінің бастығы Кастальский мырзамен сөйлесіп үлгірген. Телеграф сымдары сол сөйлесуден кейін барып үзілген.

Көп кешікпей топалаң қырғын боларын жүз басысыз қалған жігіттер дәл осы шақ ойламап еді.

* * *

Тамыздың түнгі аспаны – түндігі шұрқ тесік киіз үйдің шаңырағындай екен. Тұрар көпке дейін көз іле алмай, аспандағы жыбырлаған жұлдыздарға қарап жатты. Оң жақ қанаттан үрпиісіп Үркер дірілдейді. Бір орыннан қозғалмай Темірқазық қалтырайды. Темірқазықтан алыстай алмай, айналшықтап Жетіқарақшы жылжып бара жатқан сияқты. Аспандағы тілсіз тілеулестер. Тоқым төсеніп, ер жастанып, бел шешпей жатқан жауынгерлерге жұлдыздардың жаны ашитын тәрізді-ау, бірақ тым алыста болған соң жәрдемі жоқ.

– Неге ұйықтамай жатырсың, Тұрар? – деді Ақкөз шалқасынан жатқан қалпы қозғалмай. – Төсек жайсыз ба? Әлде жыланнан қорқасың ба? Аттың тері шыққан жерге жылан жоламайды, қорықпай ұйықтай бер.

– Қорқып жатқан жоқпын, Ақа. Диірменде туған тышқанның баласы дүрсіліңнен қорқушы ма еді. Баяғыда түрмеде көкеммен бірге тас еденге де жатып едім ғой. Қандаласы көп болушы еді. Оны қойшы, атжалманын айтсаңшы... Жыланнан Ахат атам жаман қорқушы еді. Біз жыланды тірідей ұстап алып атамды қорқытатынбыз. Жарықтық. «Жәкетайлап» жалынатын. Қарттығына қарамай, балаша қарғып қашатын. Біз сонысын қызық көретінбіз.

– Иә, Тұрар, ұйықта, балам. Көз шырымын ал. Алда бізді не күтіп тұр, бір Аллаға аян. Әлденіп алғанымыз дұрыс-дүр. Иә, құдай қуат бер, біз сияқты бейбаққа... – Қарт қор ете түсіп, ұйықтап кетті. Тұрар ояу. Түнгі аспанда – ертедегі адамдар ертедегі әріппен жазып кеткен кітап сияқты. Оны оқу қиын. Оқыған адам – Тәңірінің өзімен бетпе-бет сөйлесе алар еді. Жәудіреген сансыз жұлдыз. Тұрар оның ішінде Жетіқарақшыны, Құс жолын, Үркерді, Темірқазықты, Ақбозатты таныды. Әр адамның жұлдызы болады дейді. Өз жұлдызы қайсысы екенін Тұрар біле алмады. Ол қашан ағып түседі. Кейде жұлдыздар әлемді жарқырату үшін, қараңғылықты ысырып өзін өзі өртеп жіберетін көрінеді. Мына жатқан Ақкөз, мына Тұрардың өзі де сол жұлдыздармен тағдырлас тәрізді. Жақсылық үшін жалаңаш барып жауға тиіп, өздерін осы таңда оққа байламақшы... Қилы-қилы ойлармен Тұрардың кірпіктері айқаса бастап еді... Өң мен түстің арасында Тұрар аулақтағы Мықан бойының иірім тұсынан көлбақаның үрейлі үнін, мәжнүн талға ұя салған зорғалдақтың жылауық нәзік дауысын естіп жатты.

* * *

Ақжал сарының тоқымын астына төсеп, күміс ерді басына жастанып, даладай, кең боз шекпенін жамылып ұйықтап жатқан Ақкөзді таңға таяу қарауыл асығыс оятты. Меркенің батыс жағына кеткен барлаушылар келіп тұр екен.

– Жайсыз хабар, Ақа, – деді барлаушылардың бастығы. – Әулие-Атадан шыққан әскер таяп келеді. Құланнан бері қарай құлады. Сәскеге жетпей келіп үлгіретін түрі бар. Жүрістері суыт.

– Қанша қол? – Ақкөз күміс ердің үстіне жүресінен отырып, ұйып қалған аяқтарын қоныштың сыртынан сипалады.

– Екі жүз қаралы. Бірақ зеңбіректері кешегіден де көп. Бесеу яки алтау. Дәл санауға қараңғыда көз жетпеді, Ақа.

– Көпей оғлы! – Ақкөз ашу қыса бастағанда ұдайы аузынан осы бір түсініксіздеу сөздер шығушы еді. Бұл сөздің мағынасын қазір үдере түрегелгендердің ішінде Тұрар ғана түсінді. Ақкөз қанша адуын, айбарлы болғанмен, адамға ақырып-зекіруді білмейтін, сабыр сабасынан аса көтерілмейтін кісі еді. Әбден ашу шақырғанда, өкпе қысылғанда айтар ең ауыр сөз осы: «Иттің баласы!» Оның өзін түсініксіздеу тілде айтады. Қорқыт-Ата хикаясын Ташкентте жүріп оқыған Тұрар ғана бұл жұмбақ «көпей оғлы» не екенін біледі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий