Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– «Атуға алып бара жатпасын!» – деп қорқып қалды.

«Не істеу керек? Тез Ковальге айту керек. Бір тапса, амалын сол табады. Жігіттерге хабарлау қажет. Тұрдалы осында, Мақсұт пен Төребек те осында. Олардың бәрін аралап шығуға жарты күн кетеді. Жұмысты қайтеді? Пошта бастық рұқсат берер ме екен? – Тұрар үшін қорқа тұрса да, оның соншалықты тәкаппар, сабырлы түрін көріп, Қабылбек бір жағынан сүйсініп те қалды. Өзімен бірге оқыған балаларға Тұрар: «Диірменде туған тышқанның баласы дүрсіліңнен қорықпайды» дегенді жиі айтушы еді. «Рас, – деді Қабылбек ішінен қызыққандай болып. – Бұл қаршадайынан түрмеде екен. Біз мұның көргенінің оннан бірін көрдік пе екен... Бірақ батырдың өзі бір оқтық...».

Көше бойы кәдімгідей қараң-құраң көбейіп, күбір-сыбыр әңгіме шыға бастады:

– Мынау Тұрар ғой!

– Кешегі соғысты бастаған осы дейді ғой.

– Жоқ, Ақкөз!

– Осы да бар. Әйтпесе, айдауға ала ма?

– Рас болса, мұның әкесі кәдімгі Рысқұл да қатысты дейді кешегі соғысқа.

– Бекер. Ол қайда, Сібірге айдалып кеткен.

– Ойбай, қашып шығыпты дейді.

– Ақкөздің қолына қосылып, соғысқа қатысыпты.

– Әй, неде болса, әкелі-балалы – екеуі де нағыз ерлер екен. Әкімдердің құйрығын бір бүлк еткізді ғой.

– Ері бар болсын, ел қырғынға ұшырады. Ана үлкен жолдың бойы түгел өлік дейді. Бүлік қой бұл! Өстіп тұрғанда бәлеге қалмайық, қой тарайық...

– Ай, өзі де қасқыр екен, қасқайып бара жатқанын қарашы!

Үркек қауым осылай деп сыбыр-сыбыр сөйлесіп, қипақтап қала берді де, Тұрарды айдауылдар пристав кеңсесіне алып кіріп кетті.

Генерал-губернатор жандармериясының ротмистрі Аркадий Приходько ендігі Тұрардың жүні жығылған шығар деп күткен. Қанша қайсар болсаң да, өлім алдында қобалжымас адам жоқ. Өмірге келген екенсің, анаңның құрсағынан шыр етіп түскен шақтан бастап, барар жолыңның ақыры бір өлім. Оны тірі жанның бәрі біледі және мойындайды. Бірақ сол қаһарлы сәтпен бетпе-бет кездесер шақ, әсіресе, жас азамат үшін аянышты шығар. Ал бірақ табиғат заңын жақсы білетін ақылды адамдар өлімнен қорықпайды деседі. Өйткені олар бұл зауалдың ақиқат екеніне көздері жетеді. Сократқа біреу: «Сізді отыз озбыр өлім жазасына бұйырды», – депті. Сонда Сократ саспастан: «Ал оларды өлімге табиғаттың өзі бұйырып қойған», – деп жауап беріпті. Ажалдың азу тісінде тұрғанның өзінде өлім туралы ойламаудан абзалы жоқ.

Өлген пристав Сокольскийдің креслосында Тұрардың келуін күтіп, шалқайыңқырап, өзін-өзі дүрдитіп отырған ротмистр тұтқын кіріп келгенде еріксіз қопаңдап, орнынан көтеріле берді...

Тұрар ротмистрге қарама-қарсы бір жайдақ табуреткеге отырды. Екеуінің арасын көк мәуіті үлкен шомбал үстел бөліп тұрды. Айдауылдар әрірек шегініп, босаға жақта қатып қалды.

– Ал, енді еркін сөйлесейікші. Біз көріспегелі он жыл болыпты ғой, – деп сөз бастады қайтадан шалқақтаған ротмистр папирос тұтатып, аузын қисайта түтін шығарып болып. – Он жыл ішінде мен гимназия бітірдім, Ташкенттегі кадет корпусын бітірдім. Сонда қызметте қалдым. Ал сен... Егер сол жолы қашып кетпей, біздің үйде жүре бергенінде, мүмкін сен де офицер болып шығар ма едің...

– Жоқ, Аркаша, сенің сүйікті әкең мені діни оқуға дайындаған. Мен мұсылмандарды христиан дініне уағыздайтын миссионер болуым керек еді. Орысша айтқанда оны: «шило – на мыло» дейді.

Аркадий Приходько басын шайқап, қолын ербеңдетіп, түтінді қуалады.

– О да жаман болмас еді. Білесің бе, қазір Ресейде патшадан кейінгі ең мықты адам кім?

– Білемін, – деді Тұрар жұлып алғандай. – Гришка Распутин. Сібірден шыққан поп сымақ. Бірақ сол патшаның өзінен де мықты ма деп қорқамын. Өйткені государь өзі соның айтқанына көніп, айдауында жүретін көрінеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий