Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Көлік жағы әлгіндей болғанда, соқа-сайман жағы тіп­тен сорақы. Қамыт, доға, ершік, постремка, дағар се­кілді нәрселер мүлдем жетіспейді. Колхоз председателі, бригадирлер, ауыл совет қызметкерлері үйден үйге қы­дырып, жіп-шу, киіз, тулақ, ноқта-жүген, дағар жинайды. Оған да болмаса, сен ананы тауып бересің, сен мына­ны тауып бересің деп, түтін басына салық етіп салады.

Сумка асынған шадыр көз Сарманов өкіл менің көз алдымнан кетпейді. Үлкен түгіл одан бала-шаға да қорқып, қалтырап тұратын. Маңайындағы елді Сарманов қы­рып кете жаздап жүреді. Екі сөзінің бірі – жаусың! Колхоз жұмысына зиянкессің! Атам, шабам! Айдатам! Шаш ал десе, бас алатын әлгідей әпербақан өкілдер­-

ге әй, батыр, бұның қалай деп, бетіне тура қарайтын адам ол кезде санасы жаңа оянып келе жатқан ауылда сирек еді.

Суырдың айғырындай шақ-шақ еткен Сарманов бір күні сабақ уақытысында қамшысын бүктеп ұстап, клас­қа кіріп келді. Тері шужурка, тері кепка киген. Галифе­ шалбарының құйрығына ер қажап тозбас үшін тері қаптатып алған. Бойы шағын, жуантық, бұлтиған қозы қар­ны бар шәнтік адам. Қара сұр өңді қабағын үнемі түйіп алады. Біз сыйлағаннан бұрын қорқып, дүр етіп түрегелдік. Сармановтың жақсылық алып келмейтінін білгендейміз. Ол Сағатбайға жақындап, бізге бір қырынан тоқтады.

– Так, сабақ бүгіннен бастап тоқтатылады. Мына мырқымбайларды күнде таңертең масаққа алып барасың. Масақ тереді.

Қарсылық айтуға Сағатбайда шама жоқ.

Оқу тоқтап, біз масақ теретін болдық.

Жүнісбай класком Сармановтан бетер шақылдауық. Таңертең ең бір тәтті ұйқының құшағында жат­қан кезде терезені өрт шыққандай тақ-тақ ұрып оятады. Өзінде ұйқы деген жоқ па, білмеймін. Қаңқылдаған­ дауысы миыңды найзаша тесіп өтеді.

Тұрмасқа лажың жоқ. Апыл-ғұпыл киініп, болмашы бірдеңені қарынға салып алып, ұйқымыз әлі ашылып болмаған қабақпен кіржиіп үйден шығамыз. Түскі азыққа бір бөтелке арпа көже құйып, құшақтап алғанбыз.­

Жүнісбай үй-үйді кезіп, бір бала қоймай жинайды. Бойымызға қарай тізіп сапқа тұрғызады. Жұмысқа саппен алып жүреді.

Команда беруші өзі. Еңсемізді түзу ұстап, аяғымызды дұрыс алып жүрмесек, пәле қылады.

– Әріпбай, көтер еңсеңді!

– Әбек, есінеме!

– Ұлдақан, қалма!

Төсектен ұйқы қанбай тұрғандықтан біз оңайлықпен серги алмаймыз. Аяғымыз түзелмей, бұзыла береді.

– Қане, жүгіріңдер! – дейді Жүнісбай. Жамыраған қозыша дүрлігіп, бірімізден біріміз озып, араласып кетеміз.

– Тоқтаңдар!

Тоқтаймыз. Әрқайсымыз өз орнымызды табамыз. Қашан аяғымыз түзелгенше Жүнісбай бір орында тұр­ғызып, жер тепкізеді:

– Бір, екі, сол аяқ!

– Бір, екі, сол аяқ! Күләйхан, сол аяқ қайсы екенін білмейсің бе? Түзе аяғыңды! Тоқтаңдар! Қайта бастаңдар! Бір, екі, солаяқ! Сол аяқ! Пірам шагім марш!

Әлгіден гөрі сергіп қалғандаймыз.

– Қане, өлең айтыңдар! Мәлік, баста!

Мәлік ересек қыз. Әрі әнші, әрі биші. Тартынбай бастай жөнеледі:

Ленин біздің атамыз.

Саясына жатамыз,

Қарсы келген дұшпанды

Қақ жүректен атамыз!

– Жамырап кеттіңдер! Жамырамай, жөндеп айтыңдар! – дейді Жүнісбай. Және бір өлең басталады:

Біз жастар жұрттың таңын атырамыз,

Дұшпанды су түбіне батырамыз.

Еңбекші ел қызыл туын тіккен жерге,

Кедейдің бар баласын шақырамыз.

Қайырмасы:Ахау, социализм, коммунизм,

Жасасын жер жүзінде ленинизм!

Бойым кішкене болғандықтан менің орным саптың арт жағында. Бұған қорланамын. Алға таман тұруды арман етем. Сапқа тұру басталғанда өкшемді көте­рің­кіреп, немесе жердің төмпегін пайдаланып қалуға тырысам.

Әсіресе, қыздардан да кейін тұру намысымды шоқтай қаритын еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий