Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Аралары екі-үш жастан ғана. Біреуінен біреуі сүйем­дей аласарып, белбеуге арқаларын тіреп, тізіледі де тұрады. Әлдекім бойларына қарай әдейі тізіп тұрғыз­ғандай. Істеуге, іс жоқ. Ішуге тамақ жоқ. Күн нұры мен таза ауаны қорек етіп, маужырап тұрғанды біледі. Ара-тұра бала мінездері ұстап, бірін-бірі бүйірге түртіп ­ойнап та қояды.

Жалба-жұлба киімнің жыртығынан жылтылдап жа­лаңаш еттері көрінеді.

Бір ғажабы осынша ауыр тұрмыста жүрсе де, Кө­пекбай балалары шетінен пысық. Көздерінде шақпақтың отындай жылтылдаған от, жігер бар.

Көпекбай өзі еңгезердей тіп-тік, шоқша сақалды, қара торы жүзі ызбарланып ашумен қарайтын, зор дауысты адам. Қараша үйдің көлеңке жақ іргесінде сырт­та­ ол қашанда қамшы өріп, немесе аяқ киім жамап, әйтеуір бір ісмерлік істеп отырады. Басында тер сіңген қара тақия, бұтында бура сан тері шалбар, аяғында қоншы мен жұлығына жамау түскен жеңіл мәсі – етік.

Жоқшылықтың тепкісін қанша жесе де Көпекбайдың жүні жығылмаған, еңсесі түспеген. Тек болар-болмасқа қабаған ит тәрізді арс ете қалатын ашуланшақ.

Балалары Көпекбайдан керемет қорқатын еді. Оның алдында аяқтарының ұшынан жорғалайды. Әке­лері «Жүнісбай!» немесе «Мәсімбай!» деп дауыстай қал­ғанда, аты аталған бала қандай қызық ойынды болса да­ тастай салып жүгіреді. Әкелерін екінші рет дауыстатқызбайды. Екінші рет дауыстатса, одан әрі арқаны осып-осып түсетін қамшы даяр тұратынын олар жақсы біледі.

Көпекбай өте-мөте әйеліне қатал еді. Тұрмыстың зардабына деген ашуын содан алмақ болғандай шүйкебас момын Әйнекті кейде ол үйден үйге қуалап сабайды. Қолына не ілінсе, сонымен ұрады. Жеткен жерде зіл­дей ауыр аяқтарымен аяусыз жаншып, тепкілеп жатады.

Ашуланған кезде Көпекбай құтырған бура тәріз­деніп кетеді. Оңайлықпен араша бермейді.

Араша түсетін Көпекбайдың төрт баласы. Әлжуаз байғұс шешемізді біржолата өлтіріп қоймасын дегендей олар шыр-шыр етіп Көпекбайдың қолына, аяғына жар­масады. Бір уыс әлсіз Әйнекті өздерінің сәби дене­лерімен бүркейді. Аяулы аналарына жан аямай пана болып, ол үшін басы-көздерін Көпекбайдың аяусыз қатты соққысына тосады.

Екі көзі қанталап құтырған бура ештеңеге қарамайды. Төрт баланы төрт жаққа допша лақтырып, әйелін мылжалап сабай береді.

Таяққа көнбіс болып алған Әйнек өлмейді де, мер­тікпейді. Артынан басы-көзі көкала болып, түрегеп, үй ша­руасын істеп жүреді. Үш бұтты ошақ темірге қара шәугімді асып, Көпекбайға шай қайнатып береді.

Әңгіме тұжырымды болу үшін уақыттан жеті-сегіз жылдай алға озып, Көпекбай семьясының кейінгі тағдыры жайлы айта кетейін.

Кейін, заман оңала бастағанда, Көпекбай балалары шеттерінен жігерлі, қасқыр жігіттер болып ержетті. Тұр­мыстарын тез түзеп алды. Бәзілі колхоз құрылысын­ қолдан тұрғызысқан еңбеккер азаматтың бірі еді. Отан соғысына дейін колхозда бригадир болып істеді. Әйел алды, бала сүйді.

Жүнісбай Бәзілден асып кетті. Ол ғажап зерек оқи­тын еді. Кластан класқа мезгілсіз аттап (ол кезде бұған жол берілетін), он жылдықты бізден бұрын бітірді. Армияға алынды. Офицерлік училищеде оқып жүріп, 1940 жылдың Қызыл Алаңдағы Бірінші май әскери парадына қатысты.

Жүнісбайдан үйлеріне хат үзбей келіп тұратын. Әс­кери формамен қатып түскен әдемі суреттерін жібере­тін. Жарау аттай қағылез, бойшаң жігітке солдат киімі әдейі сол үшін тігілгендей керемет жарасатын. Әлгі суреттерді бүкіл ауыл болып тамашалап көретін едік.

Көпекбайдың үшінші ұлы Қожақан жас жағынан менімен шамалас. Оның өнер-қабілеті екі ағасының еке­уінен де артық еді. Сабақты озат оқумен қабат, талантты музыкант болатын. Домбыраны жас кезінен безіл­де­тіп тартатын. Домбыраны және өзі жасап алатын.

Музыка аспаптарының қай түрін де Қожақан өзді­гі­нен меңгеріп, төпеп әкететін. Қыз-бозбала кешқұрым Қожақанның маңына жиналатын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий