Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Мұнда емей-ақ, дәл осы жылы болатын. Кебеже жә­кемдікі бәріміз ана ар жақта қара судың бойында отыр­ғаңда туған. Молдағожаны құтырған ит талайтын жыл.

– Иә, иә, шөп шабыс кезі болатын, – деп, әкем есіне енді түсіре бастады.

– Бұның туған жылы қай жыл екенін айтсаңыз, мен есептеп шығарайын, – деді ақсары мұғалім. Ол салмақпен баптап сөйлейтін адам екен.

Шешем менің тышқан жылы туылғанымды айтты. Қас­қа бас мұғалім саусақтарын жұмып, есептей бастады:

– Тышқан жылы болса, тышқаннан кейін сиыр, – бір; сиырдан кейін барыс, – екі; барыстан кейін қоян, – үш; қояннан кейін ұлу, – төрт; ұлудан кейін жылан, – бес; жыланнан кейін жылқы, – алты; жылқыдан ке­йін қой, – жеті; қойдан соң мешін – сегіз... Биыл мешін. Дұрыс айтасыз, балаңыз сегіз жасқа толып, енді тоғызға­ қараған. Оқу жасына толыпты.

Қасқа бас мұғалім тізімге жазбас бұрын:

– Оқығың келе ме? – деп сұрады. Мен құлшынып:

– Келеді! – дедім.

Өмірі тіл сындырып, оқу оқымақ түгіл, оқулық дей­тін нәрсені қолға ұстап көрмеген дүм қараңғы әкем үшін оқу – ол менің қолымнан келе қоятын нәрсе емес.

– Бала неме миы ашып кетіп жүрмесе? – деп, ол мұғалімнің бетіне шүбәлана қарады.

– Ашымайды, оқимын! – дедім мен.

Біздің үйдегі бірден бір оқудың дәмін татып көрген адам Сатылған ағайым. Ол бұдан төрт-бес жыл бұрын осы ауданның Қолтық дейтін жерінен үш класс оқып келген. Сатылған мені қостады:

– Оқиды!Мектеп– Қостөбеде мектеп ашылатын бопты! Бала оқытатын мұғалім кепті! – деген қуанышты хабар әр үйдің түндігін бір желпең еткізді. Бұған, әсіресе, балалар мәз.

Сіз тақыр шөлге су келгенін көргеніңіз бар ма? Бұл ас­паннан нұр жауғанмен бірдей. Жұрттың бәрі қуана дабырласып, мәз-мейрам болысады. Үйден үйге жүгіріп:

– Су келді!

– Су! – деседі.

Ғасырлар бойы қараңғылықтан соққы жеп келген халыққа жарқырап білім сәулесінің жетуі қуарған қу мекиен шөлге тіршілік нәрін алып, сыбдырап су жеткенмен бірдей еді.

Үркердей аз ауыл Қостөбеде бұған дейін жаңаша мектеп болмаған. Жұрт балаларын Нарынқол, Сүмбе, Жалаңаш тәрізді жырақтағы мектептерге апаратын. Оған өзі аш-арық қолы қысқа халықтың бәрінің бірдей шамалары келмейді. Сондықтан да біздің ауылдың оқу жасындағы балаларының көпшілігі әлі күнге мектеп есі­гін ашып көрмеген. Оқу оларға созса қол жетпейтін алыс армандай көрінетін. Сол арман бір-ақ күнде топ етіп алақанға өзі келіп қонғалы отыр.

Қазақ айналайынды шілдей тоздырып, көгертпей кел­ген бір көне дерт бар. Ол аталастық, рушылдық ала­көз­дігі. Киікбай мен Найза түбі бір атадан тараса да, екеуі ылғи екі жік. Бір артельге бас қосып отырса да екеуі екі бригада. Іргелері тиіссе өрт шығатындай екеуі бөлек қоныстанған. Найза ауылы, Киікбай ауылы деп, бөлек-бөлек аталады.

Мектептің ашылған жері – Киікбай ауылы.

Таңертеңгі шайымызды ішіп алып, Садық екеуміз, күндегі дағды бойынша, жар жағалап, ойын қуып кетіп бара жатыр едік. Кенет қарсы алдымыздан салт атқа мініп одыраңдаған бригадир Нұрғазы шыға келді. Бізді мал қайырғандай қайырып:

– Әй, қайтыңдар! Мектепке барасыңдар! Бүгін оқу басталатын күн екенін білесіңдер ме?

– Қайдан білейік?

– Бүгін сентябрьдің бірі – оқу басталатын күн екен. Бүкіл жан-тәнім ойынға бейімделіп келе жатқандықтан мен әнеугүні оқимын деп, тізімге құлшынып жазылғаныма тап осы арада қатты өкіндім. Қазір маған оқудан ойын мың есе қымбат еді. Оқудың бүйтіп міндет болып келетінін мен қайдан білейін. Мойынға бұғалық болып түсерін қайдан білейін. Нұрғазы еркімізге қойма­ды, алдына салып айдап алды. Басымыз ауған жаққа қаң­ғып жөнелетін қайран еркіншілік өмір енді біткен екенсің деген қайғылы ойға келдім. Үйден жоспарлап шыққан неше алуан қызық ойындардың бәрі қалғалы отыр...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий