Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ауылдың қасындағы қара жолдың шаңын аспанға көтеріп, қора-қора мал айдап өтеді. Аттылы-жаяу адамдар малмен бірге кетіп бара жатады. Кейі мойындарынан айқастырып тапанша, сумка салған.

Бұл «кәмпеске».

Кешқұрым от басын айнала отырып алып, үлкендер­ әңгіме шертеді. Іштерінде менің әкем, ағаларым. «Жұрт колхоз болады. Бір қазаннан ас ішіп, бір көрпенің астын­да ұйықтайды»... деген тәрізді үрейлі әңгіме ­айтылады.

Бай-құлақты жояды екен дейді.

Байы бай, түсінікті. Жоя берсін. Ал құлақты неге жояды? Кесе ме сонда? Түсінбеймін.

«Бәлшейбек», «социализм», «комсомол» деген тә­різді жаңа сөздер жиі айтылады. Пәленше комсомолға жа­зылыпты десе, тыңдап отырғандар үдірейісіп қалады.­

Біздің үйдегі бірден-бір хат танитын «оқымысты» Сатылған ағайым. Ол үлкендігі тоқымдай-тоқымдай қарала қағаздар ұстап келеді.

– Аға, бұ не?

– Кәзит.

«Кәзит» те бұл ел үшін соны зат.

Сатылған оқиды. Басқалар жапырлап құлақ түріп тыңдайды. Содан соң «кәзит» олай депті, «кәзит» былай депті деп, таратып әкетеді.

Оқылған газет жыртылмайды. Үйге көрік беретін кілем орнына қабырғаға жағалата ілініп қойылады. Әр-әр жерінде адамның және бірдеңелердің суреттері. Мен суреттерге тамашалап қараумен болам. Мұншама ұқсас салынғанына таңырқаймын.

– Аға, кәзит қайдан келеді? – деп сұраймын.

– Алматыдан келеді, өкімет шығарады.

Алматы жер түбі, үлкен қала екенін білем. Ал өкімет не?

– Өкімет ол осы жұрттың бәрін билейді. Байларды кәмпеске жасайды. Түсіндің бе?

Мен басымды изеймін, еміс-еміс бірдеңелерді түсі­нетін тәріздімін.

Жігіт болып қалған Сатылған ағайым кішкентай ойық терезенің алдында тікесінен тік тұрып, кітап па, га­зет пе, бірдеңе оқып тұр. Қарағым, көргім келеді. Бірақ қазекең көңілі түскен жерден оя салған терезе тым биік, бойым жетпейді. Сатылғанның о жақ, бұ жағына шығамын, көре алмаймын.

Ал бірақ көруім керек.

Сатылғанның сол жақ қасында қабырғаға сүйелген келсап тұр. Келсаптың қасында сүйеулі шалғы тұр. Әл­гінде шешем келсапты төсеніш етіп, сапсыз шалғымен тері сүргілеген. Содан соң екеуін қатар сүйеп қоя салған.­

Келсаптың қол ұстайтын жері ойық. Соған аяғымның ұшын тіредім де, сатыға өрмелеген адамша созылып, көтеріле бердім. Жалаң аяқпын. Көтеріліп үлгер­медім. Аяғым тайып кетті де, құлап түстім. Бір аяғымды­ құшақтап, зарладым да қалдым. Асыл шалғының ащы жүзі май табанымды ырситып сойып түскен.

Бұрқ ете қалған қара қан жаралы аяғымды шеңгелдеп ұстап алған қолымның сыртына көл-көсір жайылып барады.

Ас үйден шешем жетіп келді. Жараға киіз күйдіріп басып жатыр. Ыстық киіз қарып өлтіріп барады.

– Шыда! Шыда! Қаны тоқтайды.

Сүмбеден әжем Бөпке келген. «Әже, маған не әкел­дің?» – деп, қалта-қалтасын ақтарып жатырмын. Әжем­нің қалталарында түп болмайды. Түп болатын шы­ғар-ау, бірақ оған менің қолым оңайлықпен жет­пейді. Қолтығыма дейін сұғып жіберіп іздегенде, қалта түбінен қолыма ілінбейтін нәрсе жоқ: жіп-шу, қол орамал, оймақ, құрт, кәмпит – бәрі аралас.

Кешкі уақыт. Бәріміз үйде отырмыз. Мен әжемнің мойнына асылып, мазалап ойнай бердім. Әжем көнбіс, әрі иі жұмсақ. Мазаладың деп ренжімейді. Зекіріп, дауыс көтергенді білмейді. Қазандықтың алдында жайнап жатқан отты көрсетіп:

– Ана отқа түсесің, қой, – дейді.

Мен қоймаймын. Қой деген сайын ерегісіп кетем. Арт жақтан тағы да жүгіріп келіп, мойнына асыла кетем­ дегенде, Бөпке әжем еңкейіп қалсын. Мен екпініммен ары асып, домалап түсейін. Жайнап жатқан қызыл шоқ­тың тура үстіне құладым. Отырғандар шу ете қалды. Әсіресе, шешемнің даусы ащы шығып кетті. Мен және бір домалап, шоқтың үстінен ары асып кеттім. Қазақшылап айтқанда, құдай қаққан, еш жерім күймеген.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий