Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір күні мұғалімнің қарасы көзден таса болып, жол айырығына жеткен кезде, дағдылы майдандасу басталды. Әуелі төбелесқой ересек балалар шартпа-шұрт қойғыласып қалды. «Ұр, Киікбайды!», «Ұр, Найзаны!». Бұл ұран делебесін қоздырмайтын жан жоқ. Бізге кіш­кентай балаларға дейін желігіп, қым-қиғаш қойғыластық та кеттік.

Бұндайда бейбітшілік сақтайтындар тек қыздар. Олар төбелеске араласпайды. Кімді кім жеңер екен дегендей шетке іркіліп шығып, қарап тұрады.

Найзаның қарасы молдау, әрі біздің балалар ересек. Найза еңсеріп, Киікбайлар шайлығып, қаша бастады. Біз тырқыратып қуып келеміз:

– Ұр, Киікбайды! Ұр!

Киікбай ауылы әлгі арадан жап-жақын.

Мен нәзіктігіме қарамастан, өзім қатар балалардың ішіндегі төбелесқойдың бірі едім. Шатақ шығар жерді із­деп жүрем. Шапшаң жүгірем. Оспан дейтін менімен өшігіңкіреп жүретін бір баланың соңына түсіп алғам. Жетсем, желкеден бір түйсем деп, еліріп қуып келе жатырмын. Ауылдың қақ ортасына келгенімді бір-ақ байқадым.

Өкпе тұстағы бір үйдің қалқасынан бақан ұстаған ересек бала шыға келді. Ол да Киікбай еді. Ұзын бақанмен басымнан қасқайтып салып қалды. Мен жасқа­нып та үлгермедім. Шекеме дәлдеп тиген ауыр соққы дың ете қалды да, басымның бүкіл бір қапталын жарып­ түскендей болды. Көзім қарауытып, жер-дүние айналып, дөңгеленіп барады. Таяқ тиген шекемді ұстай алған кезде қолыма жып-жылы боп аққан қан білінді...

Үйде жер төсекте жатырмын. Шекемдегі жараға шешем киіз күйгізіп басып, домбаздай етіп байлап берген. Әрі оңай, әрі даяр ем. Ақ бақанның не болғанын білмеймін, ал менің басым әжептәуір зақымданып қалған екен. Ісік кернеген оң көзім жылтырап зорға ашылады. Үстімдегі жейдемнің бір қапталы мен омырауы қызыл жоса қан.

Дәрігер дегенді біздің ауыл білмейді. Амбулатория, емхана осыдан он екі шақырым Нарынқолда ғана бар. Аурулар ішінара соған барып емделеді. Әйтпесе, негі­зінен, ауылдағы бақсы-балгердің ақылымен өздерін өздері емдейді.

Мені ешкім дәрігерге апарған жоқ. Апаруға жағдай да жоқ. Бас сүйегім сынғаннан сау ма, сау емес пе? Оны рентген арқылы зерттеп білу мұндағы жұрттың ойы түгіл, түсіне де кірмейді.

Екі-үш күндей сабаққа бара алмадым. Шешеме салса, енді тіпті мені мектепке жіберетін түрі жоқ. Биылша­ оқымай-ақ қой. Келер жылы, бұдан гөрі есейіңкіре­генде барарсың дейді.

Менің хал-жағдайымды білуге біздікіне әдейілеп Сағатбай келді. Болған уақиғаны ол түгел естіп-білген. Ашуланған. Балалар арасында руға бөлушілік болмасын деп, қатаң тыйым салған.

«Найза ауылы», «Киікбай ауылы» деудің орнына Сағатбай бізге «бірінші бригада», «екінші бригада» деп айтыңдар дейтін еді.

Бара-бара осыған үлкендер де үйрене бастады.Көпекбай және оның балаларыКөпекбайұлы Жүнісбайдың қолына класкомдық тіз­гін тимей-ақ тұр екен. Арба қамшыдай шартылдап ол енді бізді бір шыбықпен айдайтын болды.

Жүнісбай кластағы ересек баланың біреуі. Бойы сұңғақ, талдырмаш, сіріңке өңді. Мінезі әрі шапшаң, әрі қызба. Сабаққа алғыр. Мұғалімнің аузынан шыққанды заңдай көріп, шаш ал десе бас алуға дайын, лыпып тұрады.

Жүнісбай Найза да, Киікбай да емес, ішкері Шелек­ маңындағы Қыстық дейтін рудан. Найзаға жиен. Әкесі Көпекбай осыдан үш-төрт жыл бұрын үйелмелі-сүйел­мелі төрт ер баласы мен шүйкебас момын әйелі Әйнекті шұбыртып, жекжат-жұрағаттарын сағалап жанбағыс іздеп келген.

Көпекбай үйінің сол кездегі өзгеше жүдеу халі ме­нің көз алдымнан кетпейді. Ауылдан шеткерек тігілген үш-төрт керегелік сомпиған шұрық-тесік құрым үйлері болушы еді. Таңертең сол құрым үйдің ішінен әдейі кісі қорқыту үшін солай киінгендей жалба-жұлба, шаштары құлақтарын жауып өсіп кеткен балалар өре шығып, киіз үйдің сырт босағасына тізіліп, күнге қыздырынып тұрады. Ең үлкені Бәзіл жігіт болып қалған. Одан кейін Жүнісбай, Жүнісбайдан кейін Қожақан, Қожақаннан кейін Мәсімбай.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий