Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сағатбай ойынға жан-тәнімен беріліп, осыдан өзіне ра­қат тауып, қызып ойнаушы еді. Кішкентай балалардың біреуін мысық боп қуалағанда көздері мысықтың кө­зіндей жайнап, түр-түсі бір түрлі айбаттыланып, елі­ріп кетеді. Сен шын тышқан болғанда артыңнан нағыз шын мысық қуып келе жатқандай зәрең қалмайды. Ауыр да мол денесімен қатты қызып жүгірген кезде Са­­ғатбай иегін алқымына тығып алушы еді. Қашан тыш­қан­ды қуып жетіп, бас салмайынша жаны жай таппайды.­

Оқулық қана емес, қарындаштың да тапшы кезі.

Бір күні Сағатбай класқа бір уыс қарындаш алып келді. Екеу ара бір қарындаштан үлестірді де, өздерің пышақпен бөліп алыңдар деді. Осы арада класта біраз дау, жанжалдар туып қалды. Бөлінген қарындаштардың бір жағы ұзындау, бір жағы қысқалау болып шығады. Әркім ұзынырағын алғысы келеді.

– Тоқтаңдар! Бөлмей тұра тұрыңдар.

Сағатбай осыны айтты да, жерден қарындаштың ұзындығындай бір тал шөп тауып алды. Оны қарындаштың бойына дәл етіп туралады. Сосын екі бүктеп сындырды да, әр сынық қарындаштың тең жарымы болатынын, яғни қарындаштың дәл ортасын табудың қарапайым тәсілі осы екенін көрсетті.

Осы бір оп-оңай ақыл біздің басымызға неғып келмеген?!

Ал енді ұзынды-қысқалы боп бөлініп қойылған қарындаштар бар емес пе? Оларды қалай етеміз?

Сағатбай бұған да ақыл тапты. Жеребе салып, ешкім ренжіместей етіп бөліп берді.

Жеребесі мынадай: қарындаштың екі бөлегінің де ол кесілмеген ұштарын теңестіріп, кесілген жағын көр­сет­пей ұстап тұрады. Таласушы балалардың біріне, қане, қалағаныңды суырып ал дейді. Суырасың. Ұзыны кез келе ме, қысқасы кез келе ме, өз бақытың.

Ақылдылық тек үлкен істен байқалмайды. Ұсақ-түйектен де анық көрініп тұрады. Сағатбай сабақ беруде ғана емес, тұрмыста кез боп қалатын ескерусіз жәйттардың бәрінде де тапқыр адам еді.«Киікбай!», «Найза!»Мектеп түпкілікті болып басқа үйге көшті.

Сол Киікбай ауылында бұрын мешіт болған бір ұзынша там үй бар-ды. Діннен қадыр кеткен соң тере­зелері қирап, сырт қабырғасының сылағын жауын езіп түсіріп, қаңырап бос тұратын. Сол үй қайта жөнделіп, ортасына темір пеш орнатылып, терезелері бүтінделіп, мектеп болған. Біз қазір осында оқимыз.

Бір кезде дін ордасы болған мешіт, қазір білім ордасы – мектеп.

Жалпиып жерде отырудан құтылғанбыз. Қозғалсаң, шиқыл салып бірге қозғалатын, ыңыршақ ұзын парталар пайда болған.

Сағатбайдың үйі мектептің бет алдында жақын. Сабақ соңынан ол бізбен хош айтысады да, сол арада қалып қояды.

Киікбай ауылының көпшілік үйлері мектептен бері­рек – Батырбай түбегі аталатын шағын түбекшенің аузында. Сабақ соңынан жол айырығына дейін Киік­бай. Найза болып бірге келеміз. Киікбай балалары осы арадан төмен бұрылып кетеді де, Найзалар қара жолды бойлап, ауылымызға тура тартамыз. Қай күндері дәл осы жол айырығына жеткен кезде кеудені құрт боп жайлап алған рушылдық алакөздігінен туатын сойқанды уақиғалар басталып кеп кетеді.

Бұл індет, бұл жексұрын ауру балаларға үлкендерден жұққан.

Пәленің басы Киікбай, Найза деуден басталады. Жік-жік боп, бөлектеніп шыға келеміз. Біреуімізді бі­реу­іміз қалайда кемсітуге тырысамыз. Найзалар Киік­бай­ды, Киікбайлар Найзаны жамандап өлең айтамыз.

Найза, Найза, нақұрыс,

Көк есектің сүтін іш! –

Ал шыдап көр мықты болсаң!

Сөзбен жамандасу өршіп, шегіне жетеді. Енді ашықтан-ашық боқтасу кетеді. Боқтасудың арты – төбелес.

Надандықтан туатын осы бір жікшілдікті өте-мөте қоздырып, еліріп тұратындар төбелесқой жуан білек балалар. Оларға қандай жолмен болса да шатақ шығару­ керек. Ең оңай, ең сыналған сенімді жол әлгі – «Киік­бай!», «Найза!».

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий