Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

1940 жылы Қожақан Алматы педучилищесіне оқуға түседі. Ол сонда оқып жүргенде Көпекбай бір рет сонау үш жүз елу шақырым жердегі Қостөбеден Алматыға баласына салт атпен араға пәлен қонып, азық-түлік жеткізіп беріп қайтады.

Соғыс басталғанда Қожақан өзі тіленіп майданға аттанған еді.

Осы аталған үш жігіттің үшеуі де сай тасындай ірік, аяулы жандар еді. Ащы өмірдің батпағын белшеден кешіп жүріп, қайғырып-қапалануды білмейтін.

Үшеуі де өмірге ғашық жандар, жалын атқан арман иелері еді. Алда сәулетті болашақ барына кәміл сенетін. Сол үшін жан қиюға дайын тұратын.

Үшеуі де адал коммунистер еді. Ауылдың көркі еді, сәні еді.

Жұрт балаларына «Көпекбай балаларындай неге болмайсың? Солардан неге өнеге алмайсың?» – деп ұрсушы еді.

Шіркін, амал нешік, үш әсем қызғалдақтың үшеуін де соғыс тажал мезгіл жетпей мерт етті. Үшеуі бірдей майданда қаза тапты.

Бура шал көз жасы алты тарам болып аңырап қалды.

Кішкентай шүйкебас Әйнек балаларының қайғысынан одан бетер жаншылып өлермен болды.

Көпекбай балаларының ең кішісі Мәсімбай қазір бар. Іргелі бір совхозда салауатты парторг.

Әңгіменің бастапқы мерзіміне – 1933 жылдың күзі­не – қайта оралайық.

Көпекбай үйі бірінші бригадада, яғни, Найза ауылы­ның ішінде. Жүнісбай таңертең елден бұрын тұрады. Үй-үйді кезіп, мектепке баратын балаларды оятады. Сөй­тіп, бізді жинап алып, түгендеп, мектепке бастап ке­леді. Бірде-бір баланы ол себепсіз мектептен қалдырмайды.

Бұны өзінің класкомдық міндеті деп ұғады.

Сабақ кезінде де Жүнісбай жан-жағына алақтап қарап, бізді бақылауға алып отырады. Біреуі қыбыр етсе, мұғаліммен қабаттасып: «Пәленше, тыныш отыр!», «Жап, кітабыңды!» немесе «Артыңа бұрылшақтамай отыр!» – деп, шақ-шақ етеді.

«Өте қырғыш қазанның түбін теседі» дегендей, кейде ол мұғалімнен асып та кетеді. Бала, артық кетіп қаласың дегенді Сағатбай оған үлкендеу жұмсақ мұрнының танауы сәл делдиіп, жымиюмен білдіреді де, Жүніс­байды қас, қабағымен басып қояды.

Мұғалім барда өстетін Жүнісбай, мұғалім жоқта тіпті шырқап кетеді. Бізді бір шыбықпен айдап бағындырады. Кейде Сағатбай класты Жүнісбайға тапсырады да, өзі оны-мұны шаруамен бір жақка аз уақытқа кетіп қалады. Жүнісбай класкомның қатаңдығын сіз сонда көріңіз! Алға мұғалімнің орнына барып, қаздиып­ тұрып алады да, класқа дегенін істетеді.

Жүнісбайдың әміріне бағынбайтын, одан сескен­бейтін бір жан жоқ.

Біреуге ашумен қараған кезде Жүнісбайдың көздері найзаның ұшындай суытып, екі беті ішке қарай сұрлана қабысып, жақ жүндері тікірейіп көтеріліп кетеді. Сәл ғана тәртіп бұзған оқушыны қысырақтың айғырынша жымқырынып, шайнап тастауға дайын тұрады.

Бізбен бірге Жанбосын деген бала оқиды. Жасы Жүнісбаймен шамалас. Ауыл совет председателі Батыр­қанның баласы. Ұлдан әке-шешенің жалғызы болып ерке өскен. Маңайындағы балаларға өктемдік жасап үйренген шатаққойлау. Киімді сылқым бозбалаларға еліктеп, сәндеп киінеді.

Жанбосын бүгін-ертең өзі де дайын тұрған бозбала.­

Қостөбеде мектеп ашылмай тұрған кезде Жанбосын Көпекбай балаларын адам демейтін. Олардың маңынан жүруге жиренетін. Жүнісбай, Қожақанға кемсі­тіп, шекесінен қарайтын.

Сол Жанбосын ғана бұрынғы әдетімен кейде Жү­ніс­байға қодилана қарап, бетіне қарсы келіп қалады. Жүнісбайды тыңдамай, содырлық мінездер көрсетпек болып тұрады. Тежелетін бірақ Жүнісбай емес. Ол одан бетер шақылдап, өзінен гөрі денелі Жанбосынға тістене тақалып:

– Сен немене, бағынғың келмей ме? Әкем ауылнай екен деп дандайсыма! Бағынасың! Сенің мына бүтін киімің құны мен үшін бір-ақ тиын! – дейді.

Жанбосынды айбынымен еріксіз еңсеріп алады. Жүнісбай өжеттің өжеті еді. Ешкімнен қорықпайтын да, қаймықпайтын. Алдына әзірейіл келіп тұрса да қасқайып, айылын жимай сөйлесетін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий