Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шілденің ыстық күні. Әжем екеуміз Сүмбеге нағашым үйіне жаяу келе жатырмыз. Даланың шаңдауыт қара жолы. Жүргінші аз. Бойы шағын әжем аяғын ты­пың-тыпың тез басады. Мен енесіне ілескен құлын тәріз­дімін, біресе о жағына, біресе бұ жағына шығамын. Зорға ілесіп келем.

Судың арғы өңірі ойпат, тоғайлы алқап. Одан әрі тау. Таудың аппақ басы күн нұрымен шағылып көзді ұялтады. Әжемнен ол аппақ не екенін сұраймын. Қар дей­ді. Жаздыгүні де қар бола ма? Болады дейді әжем. Қызық. Қалайша еріп кетпейді?

Таудан бері жазық сардала. Дала төсінде жарқырап­ аққан өзен. Тау өзені. Одан да әрі саржазықтың бетінде темір пештің қызуына ұқсаған жалындаған ғажайып бір толқын байқалады. Жерден будақ-будақ шығып жатқандай болады. Мен қызықтап қарап, көз алмаймын.

– Әже, анау алыстағы будақ-будақ толқын немене? Әжем оның сағым екенін айтады.

– Сағым деген немене? Түтін бе?

Әжем күледі. Сағымның түтін емес екенін түсін­дірген болады.

– Қасына барып, қолмен ұстауға бола ма?

– Ақымақ неме, сағым ол жел секілді. Желді қолмен қалай ұстамақсың?

Жауыннан соң кемпірқосақ пайда болады. Дөңнің ар жағында жап-жақын жерде тұрады. Мен қанша рет оның қасына жақын бармақ болып жүгірдім. Бірақ жете алған емеспін. Бір дөңнен ассам және бір дөңнің ар жағына секіріп шығып, алыстай беретін тәрізді. Сағым да соған ұқсас болғаны ғой. Көруін ап-айқын көре­сің. Ал бірақ жақындап қолмен ұстай алмайсың. Қы­зық. Бұған да менің ақылым жетпейді.

Мен шаршай бастадым.

– Апа, Сүмбе әлі алыс па?

– Бүгін Ұшқа жетіп, қонамыз. Сүмбеге ертең ­барамыз.

– Ұш алыс па?

– Жоқ, онша алыс емес.

Мен әжемнің арқасында келе жатырмын. Аяқтарым тынығып, жетісіп қалдым.

Жолдың екі жақ жағасы биік шилер. Қияқтары жел­кілдеп қау болып көрінеді. Шидің арасы толы шырылдауық шегіртке. Төңіректі мың құбылтып әнге толтырады. Екі көзі маржанға ұқсаған, шекесінде екі тал қыл мүйізі бар, ұзын сирақ қанатты көк шегірткені көк шөптен айыру қиын. Адам жақындаған кезде әндетуін қоя қояды. Әбден үстінен басар болғанда тыз етіп бір-ақ ұшады. Анадай барып, лақтырған тасқа ұқсап, торс етіп салмақпен қонады. Сосын, сен ұзай бастағанда тағы да сайрап жөнеледі.

Ұшта әлдекімнің жер үйінде отырмыз.

Төте оқу дейтін сөз шыққан. Ауылдың бар адамын оқуға, хат тануға шақырады. Шалдарға дейін қойындарына қағаз, қарындаш салып жүреді. Жұрт бір үйге жиналын, сабақ оқиды. Оқытушы Сатылған.

Мен есікті ақырын ашып, сығалап қараймын. Тақтаға жазылған әріптің біреуін Сатылған өзінің зіңгіттей оқушыларының бірінен мынау қай әріп деп, таяқшамен көрсетіп, сұрап тұр. Анау жауап бере алмайды, ша­тып-бұтады.

Ол қай әріп екенін мен білемін. Есікті кеңірек ашып, айқайлап айтып жіберем де, тұра кеп қашам.

Кейде Сатылған оқушыларына дәптер, қарындаш үлестіреді. Бір дәптер, жарым қарындаш маған да тиіп қалады (Қарындаштың аздығынан екі адамға біреуін бөліп беретін). Қуанышым қойныма сыймай, үйреніп алған әріптерді шимайлап жазумен болам.

Балалық шақтың ең арғы түкпірінен есімде қалған су­реттер, міне, осы тәрізді: біреуіне біреуі жалғаспайды,­ үзік-үзік. Мас болып немесе ұйықтап отырып көрген кино тәрізді. Басы болса, аяғы жоқ. Аяғы болса, басы жоқ. Көгендеген қозыдай уақыттың желісіне тізіп тас­тап, рет-ретімен баяндауға келмейді.Қостөбе. «Застап». Шекара.Қазақстан картасынан Алматыны көзіңізді жұмып тұрып тауып алатыныңызға мен дауласпаймын. Астанаға дәл барып тірелген саусағыңызды енді тау сілемі­мен шығысқа қарай сырғытыңыз. Тоқтаңыз! Мен әңгі­ме етіп отырған үркердей шағын ауыл Қостөбе, міне, осы арада шекараның дәл түбінде.

Менің Қостөбем.

Менің Текесім.

Әне бір көкшіл жіптей тартылған жіңішке өзенді көрдіңіз бе? Текес сол. Белгілі Іле өзенінің басы.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий