Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кімсің, қайдан жүрген адамсың деп француз, португал, испан тілдерінде сұрап жатыр, бірақ бұл тілдердің бірін де білмейді екенмін, әйтеуір бір шотланд теңізшісі менімен ағылшынша сөйлесті, мен оған өзімнің ағылшын екенімді, Салехтағы маврдың тұтқынынан босап, қашып келе жатқанымды түсіндірдім. Бұдан кейін мені және менің жолсерігімді қошемет көрсетіп шақырды, біз келіп кемеге міндік. Қуғын-сүргін көріп, үміт үзілді-ау деген кезде бостандыққа жеттім деген ой менің жүрегімді жадыратты. Кеменің капитанына келдім де, мені құтқарғаны үшін қолдағы дүниенің бәрін беретінімді айттым. Бірақ ол кеңдік танытып: “Ешнәрсеңіздің де керегі жоқ. Бразилияға барған соң бәрін қайтарып аласыз, мен сізді өлімнен құтқардым, егер мен сіздің орныңызда болсам, өзім де осылай қуанған болар едім. Ал мұндай оқиға әркімнің басында болады. Қазір сенің дүниеңді алсам, Бразилияға барған соң аштан өлесің, ол жерде тиының жоқ болса күн көре алмайсың, егер бәрібір өлетін болсаңыз, қазір сізді неге құтқарамын, ағылшын мырза, Бразилияға жеткізгенім үшін ешнәрсе алмаймын, Бразилияға жеткен соң сатып, жол-пұлыңызды шығарарсыз, елге қайтуға да қаражат керек қой”, – деп жауап берді.

Капитан тек сөз жүзінде ғана кеңпейіл адам емес екен, іс жүзінде де айтқанын бұлжытпай орындады. Менің бар мүлкімді, ең ақыр аяғы үш құмырама дейін тізімге жазып, өзінің қарауына алды, біреудің мүлкіне қол сұғушы болмаңдар деп теңізшілерге әбден тапсырды, жасаған тізімін менің қолыма берді де: “Барған жерде осы тізім бойынша түгендеп ал”, – деді. Капитан қайығымның жақсы екенін көріп: “Егер, сатсаңыз алайын, бағасына не сұрайсыз?”, – деді. “Сіз маған көп жақсылық көрсеттіңіз, сондықтан қайыққа баға қоймаймын, бергеніңізді аламын”, – дедім. “Олай дейтін болсаң, қайықтың бәсі сексен пиастр болсын, бірақ Бразилияға барған соң менің бергенімнен артық төлеушілер табылса, мен де соны берейін”, – деді. “Келістік, солай болсын”, – дедім. Ксуриді алтынға айырбаста деді. “Менің алтын алғым келеді, баланы сізге аманаттаудан да қорықпаймын, бірақ қиын-қыстау кезде қасымда болған адамның бостандығын алтынға қалайша айырбастаймын?” – деп қиналдым. Капитан менің халімді түсінді, бірақ маған ұсынысымнан бас тартпа деді, егер бала христиан дінін қабылдаса, он жылдан кейін басына бостандық беремін деді. Бұл ойыңыз дұрыс екен дедім. Ксуридің өзі де капитанның қасында қалғысы келетінін айтты, мен де ризашылықта екенімді білдірдім. Бразилияға дейін сапарымыз оң болды, жиырма екі күн дегенде Тодос лос Сантосқа, яғни Күллі Әулиелер қойнауына келіп кірдік. Сонымен, мен адам баласы ғана ұшырайтын азаптан құтылып, енді не істеу керек екенін ойластырдым. Португал кемесі капитанының кеңпейілділігін, маған көрсеткен жақсылығын мәңгі ұмытпаспын. Алып келгені үшін тиын-тебен де алған жоқ. Бар дүниемді – арыстан терісін, жәшік шарапты, екі мылтықты, тағы да басқа өзімнің сатқым келген нәрселерді алды. Турасын айтсам, осылардың бәрінен екі жүз жиырма

сомдай алтын ақша құрастырып, Бразилияға келіп жеттім.

Капитан мені бір танысының үйіне ертіп келді, ол да өзі секілді мейірімді, адал жан болып шықты. Қант плантациясы мен қант зауытының қожасы екен. Мен оның үйінде ұзақ уақыт тұрдым, сондықтан барлық өндірістерді араладым және қант плантациясымен таныстым. Қант өндірісі адамның тұрмысына қолайлы, онымен айналысқан адамның тез байитынына көзім жетті. Мен де осы жерден тұрақ тауып, осы іспен айналысамын деп шештім. Лондондағы қаражаттарымды алдырып, оны қандай да бір іске жұмсау туралы ойладым. Бұл жерге бас сұғып алған соң, болашақ плантация мен усадьба салу үшін қолымдағы бар ақшаға өңделмеген жер сатып алу туралы жоспар құра бастадым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий