Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Менің лиссабондық ағылшын, тегі Уэлз деген бір португал көршім болған. Оның да жағдайы тура менікіндей еді. Оны көрші дейтінім, оның плантациясы менің плантацияммен шектесіп жатыр, екеуміздің қарым-қатынасымыз өте жақсы; екеуміздің айналымдағы ақшамыз да онша көп емес еді; бастапқы екі жылда екеуміз де плантация түсімінен тек ішіп-жегенімізді ғана ақтар халде болдық. Бірақ жеріміз өңделген сайын біз байи түстік, үшінші жылы бөлек бір жерге темекі ектік, енді бір жерді алдағы жылға қант өсіруге дайындап қойдық, бірақ екеумізде де жұмыс күші жетіспеді, Ксуриді бекерге тастап кеткенімді сонда ғана түсіндім.

Бірақ амал нешік! Ешқашан да ақылдылықпен көзге түскен жерім жоқ еді, сондықтан бұл жолы да мүлт кеткеніме таңқаларлық ештеңе жоқ деп ойлаймын. Енді маған бастаған ісімді тура осы жолмен жалғастыра беруден басқа ештеңе де қалмап еді. Бұл мен армандағаннан мүлде басқаша өмір еді: әлемді шарлаймын деп қиялдап, әке-шешемді тыңдамай, туған жерімнен безіп жүріп, табиғатыма жанаспайтын осындай іске мойын бұрғаныма өзім де таңқалдым. Оны айтасыз, кезінде әкем маған насихат қып айтқан қарапайым тіршіліктің ең жоғарғы сатысы алтын ортаға мен өз бетіммен жетіп едім, сонда деймін-ау, егер іздегенім осы болса, оған мен ел-жұрттан безіп, жарық әлемді кезбей-ақ туған үй, қара орман отанымда жүріп-ақ жетуші едім ғой деп те ойлаймын. Мен туралы аз-кем болса да білетін жер шарының бір бөлігін ешқандай хабардың да дерегі жетпейтін, туған жерімнен бес мың миль қашықтықта орналасқан осынау жатжерліктер мен тағылардың жабайы еліне тығылмай, достарымның арасында күліп-ойнап жүріп-ақ қазіргі жетістігіме Англияда тұрып та қол жеткізуіме болушы еді ғой деймін жиі-жиі өзіме-өзім.

Міне, мен Бразилияда жатып өз тағдырым туралы осындай қамырықты ойларға берілуші едім. Менде көрші плантатордан басқа бұл жерде тіл қатысатын да адам жоқ, барлық істі өз қолыммен жасауға тура келді. Айналамда тірі жан жоқ, бейне бір елсіз-күнсіз аралда өмір сүріп жатқандаймын деп, сөйлесетін тірі жанның жоқтығына шағымданатынмын. Бірақ кейін шын мәнінде жан баласы жоқ аралға тастағанда тағдыр мені қалай әділ жазалады десеңізші! Сондықтан да біздің бәрімізге бір сәт бүгінгі тіршілігімізді бұдан да жаман күндермен салыстыра қарау қалай пайдалы болар еді деп ойлаймын, өйткені тағдыр әпсәтте бәрін айырбастап, бұрынғы өмірімізде қандай бақытты болғанымызды көзімізге көрсетіп қоюы да мүмкін ғой! Иә, қайталап айтамын, осы өмірімді елсіз аралмен салыстырып тағдырға нәумез боп жүргенде, шын мәнінде елсіз аралға тастап тағдыр мені әділ жазалады; ал өйтпей, бастаған ісімді жалғастыра бергенде мен шынында да мүмкін бақыт пен байлыққа жетер едім…

Мені апаттан құтқарған капитан еліне қайтқанға дейін менің қант плантациясы туралы жобамның бағыты белгілі болды (қайта жүк тиеп алғанша, оның кемесі Бразилияда үш айдай тұрды). Лондонда жинақталған ақшам бар екені туралы оған айтқанымда, ол маған шын ықыласымен достық кеңес берді: “Ағылшын мырза (ол мені әр уақытта осылай деп атайтын), маған сенім қағаз жазып бер де, ақшаңды аманаттаған кісіңе хат жаз, ақшаға өтімді тауар алып, мен айтқан мекенжайға, Лиссабонға жіберсін, егер құдай сәтін салып аман-сау келер болсам, өз қолыңа түгелімен тапсырамын. Адамның өмірінде аяқасты әр түрлі жағдай бола береді екен, сондықтан ақшаңды түгелдей алдыртпа, жүз фунт стерлинг яки ақшаңның жартысын ғана алдырарсың. Бастапқыда тәуекел ету керек. Егер ақша айналыммен келсе, онда қалған ақшаны да айналымға жіберу керек, ал егер ақша орта жолдан жоғалып кетсе, әйтеуір өзіңде аз болса да қаражат қалар еді”, – деді. Орынды, достық кеңес, маған тек мақұлдауға тура келді.

Сондықтан көп ойланбай сенімхатты қолына ұстаттым, ақшамды аманаттап кеткен ағылшын капитанының әйеліне хат жаздым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий