Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Хатта бастан кешкен оқиғаларымды, қалай тұтқынға түскенімді, қалай қашқанымды, теңізде португал кемесі кезігіп, аман қалғанымды және капитанның көрсеткен жақсылығын, түрлі басымнан кешкен оқиғаларымды түгел баяндадым. Хаттың соңында бүгінгі жайымды, қандай іспен шұғылданып жатқанымды және өзіме қажетті деген тауарларды жіберу туралы айттым. Капитан Лиссабонға келісімен ағылшын көпестері арқылы Лондонда тұратын бір көпеске хат жазып, тауар туралы тапсырыс беріп, менің бастан кешкен оқиғаларымды бастан-аяқ баяндаған. Лондон көпесі екі хатты да кешіктірмей капитанның әйеліне берген, капитанның әйелі ұсыныстарымды орындап, маған көрсеткен жақсылығы үшін португал капитанына сыйлық ретінде біраз ақша жолдапты.

Лондон көпесі менің жүз фунтыма ағылшын тауарларын сатып алып, Лиссабонға жіберген, ал португал капитаны бұл заттардың бәрін түгел менің қолыма тапсырды. Капитан мен айтпасам да әлгі тауарлармен бірге жер өңдейтін біраз құрал-сайман және үй-ішіне керекті заттар әкелді. Бұлар плантация жұмысына өте қажетті заттар еді, бәрі де пайдама жарады. Менің тауарларым келіп жеткенде қуанғаным сондай, алдағы күндеріме ақ жол ашылды деп ойладым. Қамқоршы капитаным бір қызметкерді алты жылға жалдамалы жұмыскер есебінде алып келді. Бұл мақсатқа ол менің танысым, капитанның жесірі берген бес фунт стерлинг жұмсаған. Мен көрсеткен сыйдың бірін де қабыл алмаған соң, ең болмаса өзімнің шаруашылығымның жемісі ретінде бір қапшық темекі алыңыз деп өтіндім.

Менің тауарларымның дені – ағылшын матасынан істелген кенеп, байкі, мәуіті, шұға сықылды қымбат тауарлар. Мұндай заттар осы елде өтімді тауарлар, бұларды бірін қалдырмай сатып, мол пайда көрдім, содан кейін қаражатым бұрынғысынан төрт есе көбейді. Белсенділігімнің нәтижесінде плантация жұмыстарында көршіммен салыстырғанда әлдеқайда жоғары табысқа жеттім, Лиссабоннан капитан ертіп келген еуропалық қызметшіден басқа бір зәңгі құл жалдау ендігі ойым еді.

Қолыңдағы бар ақшаны орайлы істің ыңғайына қарай жұмсамасаң, тауқыметін тартасың. Мен де осыны басымнан өткердім. Келесі жылы мен плантациямнан мол өнім алып, өзім күткен нәтижеден артық елу қапшық темекі өніміне ие болдым. Осы елу қапшық, яғни салмағы бойынша жүз фунттан артық өнімді кептіріп, Лиссабоннан келетін кемеге тиеу үшін әзірлеп қойдым. Жұмысым көбейді, байыған сайын көз алдыма небір түрлі жоспарлар мен жобалардың қисыны келді, менің ойымдағы ақшамен бұл істі жүзеге асыру мүмкін емес, қысқасын айтқанда, бұл мен түгіл, іскер деген адамның өзін тығырыққа тірер еді.

Мен өзім қалаған өмір жолымен жүргенде, тып-тыныш, қара басымды ғана күйттеп, әкем айтқан орташа тұрмыста шалқып өмір сүрген болар едім. Бірақ тағдырдың маған дайындаған сыбағасы басқалай екен: бақытсыздығым үшін әдеттегідей өзім кінәлі болып шықтым. Өз кінәмді арттырып, тағдырымды күрделендіре түсейін дегендей, беймәлім болашағым туралы толғанатын менде бос уақыт та болған жоқ. Менің албырттықпен ұшыраған сәтсіздіктерімнің бәрі – әлемді шарлап кеземін деген құштарлығымнан болды, бір кездегі алдымнан күліп шыққан жарқын болашағым мен шат өмірімнің жалғасын тауып, қайырымды құдайдың берген сол қарапайым тұрмыс игілігіне қанағат тұтуым керек еді.

Бір кезде туған үйіме сыймай қашып шыққаным секілді, мен енді бүгінгі күніме де қанағаттанбадым. Мүмкін, менің жақсы тұрмысқа жетемін деген үміттен немесе дәулетті тұрмыстан бас тартқаным, бүгінгі жағдайыммен санаспай, тез байып кеткім келгендігімнен болар.

Мен өз-өзімді қиындықтың тұзағына түсірдім, аман-сау қаларың екіталай мұндай жан жүдетер қиындыққа бірде-бір адам ұшырап көрмеген болар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий