Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Соңымнан қуып жеткен толқын су түбіне батырып жіберіп, тағы да бірталай жерге алып келді. Демімді ішіме тартқан бойы құлаштап жүзе бердім. Әбден дымым құрыды, бір кезде жоғары көтерілгендей болдым; басым мен қолым су бетіне шықты, шыққаныммен ұзақ шыдар халім жоқ. Көзді ашып, жарық дүниені көрген соң бойыма қуат кірді. Толқын келіп тағы төбемнен басты, бірақ мен бұл жолы су астында ұзақ тұра алмадым. Жоғарылап барып төбемнен құлаған толқынның екпінімен аяғым жерге бір-ақ тиді. Су бетіне қайта шығып демімді алып, азырақ күш жиып жиекке қарай жүздім, қанша жанталассам да жағаға жете алмадым, толқынға тағы да екі рет көмілдім, екеуінде де ысырып ілгері апарды.

Соңғы толқын үлкен қауіп төндірді: лықсып келіп қатты соққанда едәуір жерге лақтырып жіберді, оның екпінімен ұшып барып жарға соғылдым. Өкпем қысылып, демімді ала алмай, есімнен танып, қимылдауға шамамды келтірмей есеңгіретіп тастады, егер толқын үстімнен тағы төнгенде, сөзсіз өлер едім. Есімді тез жиып, басымды көтердім де, толқын тарқағанша жарға жабысып тұрдым. Толқын кейін қарай тартылғанда ілгері қарай жүре бердім, енді жаға жақын қалды, тағы бір толқын келіп үстімнен басты, бірақ екпінімен теңізге қайта алып кете алмады. Шамалы жер жүргеннен кейін құрлыққа шықтым, қуанышым қойныма сыймады, жиектегі жартаспен жүре отырып жерге түсіп, шөптің үстіне құлай кеттім.

Бұл жерде маған қауіп-қатер жоқ, долы толқындар енді мені қуып жете алмайды деп ойладым.

Жерге табаным тиген бойда көкке қарап, амандығым үшін құдайға алғыс жаудырдым, дұға қылдым, мұнан аз ғана сәт бұрын тірі қалам деген ой да болмап еді. Менің ойымша, қабірден жарық дүниеге қайта шыққан адамның қуаныш сезімін жеткілікті түрде айқын жеткізе алатын сөз болмайды, менің тағы бір таң қалмайтын нәрсем, – өлім жазасына кесілген айыпкерді дар түбіне апарып асқалы тұрғанда кешірім беріп, еркіндік жариялағанда қасында міндетті түрде дәрігер болып, оның қанын жібереді, – иә, тағы қайталап айтамын, бұған еш таң қалуға болмайды, өйтпейінше кенеттен болған қуаныш рахым етілген жанды қатты толқынысқа ұшыратып, оның жүрегін тоқтатып тастайды екен.

Қатты қуану да қайғы секілді, адамды ақылынан адастырады.

Қолымды көкке жайып, теңізді жағалап жүрдім де қойдым, біресе секірдім, біресе отырдым, біресе тұрдым, неше түрлі қимылдар жасадым, бірақ сол кездегіқуанышымды жеткізе алар сөз де жоқ еді. Аман-есендігіме шүкіршілік етумен болдым. Суға батып кеткен жолдастарым туралы ойладым, өзімнен басқа тірі жан қалған жоқ, олардың бірін де көрмедім, үш шляпа, бір фуражка, екі түрлі башмақтан басқа жағаға ешнәрсе қалқып шықпады.

Қайырлап қалған кемеміз бұлдырлап көз ұшында көрінеді, толқындар тулап анық көрсетпеді: “Құдайым-ай, сонау қиырдан жағалауға қалай жеткенмін” деп өзіме-өзім таңғалдым.

Қара түнек ойларымнан серпіліп, есендігіме мың мәрте шүкіршілік етіп, қай жерде тұрғанымды білмек ниетпен, енді қандай қадамға бару керек екенін ойлап, айналама қарадым. Қуанышым су сепкендей басылды: өлім аузынан аман қалсам да, енді мені одан да зор сұмдықтар мен қайғылы күндер ғана күтіп тұрғанын түсіндім. Үсті-басым су, киерге киім, ішерге бір жұтым су да жоқ. Аштан өлу я жыртқыш аңдарға жем болудан басқа жол жоқ сияқты. Құстарды атып қорек қылар, жабайы аңдардан қорғанар мылтық та жоқ. Менің қолымдағы бар құралдарым – пышақ, темекі, темекінің сауыты. Шарасыз халім есіме түскенде ақылдан адасқан адамдай теңізді жағалай жүгіре бердім. Бұл аралда жыртқыш аңдар көп болса, ымырт жабылып, іңір қараңғылығы түскенде не істемекпін, олар жемтігін түнде іздеуші еді ғой деп қорыққанымнан өзіме-өзім тіл қаттым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий