Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Менің басыма жалғыз-ақ ой келді: көзіме түскен үлкен бір ағаш бар еді, түні бойы сол ағаштың басына шығып отыру, алда өмірім бар ма, жоқ па, таң атқан соң көремін, себебі бұл жерде тұрып әрі қарай өмір сүремін деп ойға алудың өзі қорқынышты. Су іздеп, аралды бойлап ширек мильдей жүрдім, онша көп ұзамай-ақ, менің бағыма қарай бір бұлақ тап болды. Суды әбден қанып ішіп, аштығымды басайын деп аузыма темекі салып, қайтып әлгі ағашқа келдім, өрмелеп басына шығып, көзім ілініп кетсе, құлап кетпеуім үшін ыңғайлы отырдым. Сонан соң сақтық үшін бір бұтақты кесіп алдым да, кесе-көлденең ұстап, орныма қайта жайғастым, шаршағаннан қатты ұйықтап кетіппін. Екінің бірі мұндай жерде мен сияқты ұйықтай алмас

еді, кәдімгідей тынығып, сергіп ояндым. Көзімді ашқанымда таң атып, тіршілік басталыпты. Күн ашылған, жел тынып, теңіз беті тыныштық тауыпты. Кеме орнынан жылжып, кеше толқын мені лақтырған құздың түбіне келіп жеткенін көргенде, көңілім қатты құлазып кетті, түнде су сырғытып жағаға жылжытқан сияқты. Ол мен түнеп шыққан ағаш түбінен тура бір мильдей жерде екен. Ендігі ниетім кемеге жүзіп барып, ішіндегі азық-түлік пен керекті заттарды алу еді. Ағаштан төмен түсе салып, жан-жағыма қарадым, ең әуелі көзіме түскені – екі мильдей жердегі кешегі өзіміз мінген қайық, оны да оң жаққа жылжытып тастапты. Қайыққа барсам қайтеді деп оңтайландым да кері қайттым, себебі екі ортада ені жарты мильдей су басқан терең өзек бар екен.

Тезірек кемеге жетіп, тіршілігімнің негізі – азық-түліктерді жеткізіп алайын деп ойладым.

Түс ауа теңіз бетіне тыныштық орнап, толқындар жағаны еркелей ұрып жатты, жаға тайыздап қалған, екі жүз қадамдай жерді жүзбей-ақ кешіп жүруге болады. Теңізге шықпай-ақ сәл кідіргенде бәріміз де дін аман болады екенбіз, жел бәсеңдегенше неге кідірмегенбіз, жағаға аман жететін мүмкіндік болған екен, бәріміз жағаға бүтін жетсек, мен тап осы халге ұшырап, адам баласынан қол үзіп, жалғыз қалмас едім деп қатты күйзелдім. Көзімнің жасын төктім, бірақ көңілдегі қайғыға көздің жасы көмекші болмайды ғой, қалай да кемеге жету қамына кірістім. Күн ыстық, киімдерімді шештім де суға түстім. Кемеге жүзіп жеткенімде тағы да қиындықтың тұзағына шырмалдым: кеменің үстіне қалай шығу керек? Себебі кеменің қайырлаған жері өте тайыз, кеме судан шығып биік тұр, сондықтан оған шығуға қол ілігерлік еш нәрсе таба алмадым. Жүзіп кемені екі рет айналдым, әуелгіде қалай көрмегенімді білмеймін, екіншіде тартылған арқанға көзім түсті, арқанның ұшы су астында, тек су бетіне екі-үш тұтамдай ғана шығып тұр, арқанның ұшын әрі-бері іздеп саусағыма іліктірдім де, өрмелеп кемеге шықтым. Кемеге су кіріп, трюм толуға жақындапты, бірақ төмпешіктің үстінде тұрған болуы керек, арт жағы көтеріліп, тұмсығы суға батып тұр, сондықтан арт жағындағы заттарға су тимеген. Артқы жағына орналас-тырылған заттардың бүтін екенін жеткен бойда-ақ білдім. Ең әуелі заттардың қандайы бүлініп, қандайының бүлінбегенін білгім келді. Азық-түліктердің бәрі де құрғақ, тіпті дымқылданбаған да, азық салған бөлікті аштым да қалтама нан салып алдым, уақытым зая кетпесін деп аузыма да жүре салып жеп жүрмін. Бас қосып отырыс жасайтын каютадан бір бөтелке ром тауып алып, қылқылдатып бірнеше рет жұттым, күш жиып іске кіріспесем болатын емес, әбден қалжыраған екенмін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий