Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Өзіме керекті заттарды және азық-түлікті жағаға жеткізу үшін ең алдымен маған қайық қажет еді. Жоқ нәрсені ойлап қол қусырып отыруға тағы болмайды, қысылған жерде адам баласы ақыл тапқыш келеді ғой, бас салып іске кірістім. Кемеде бірнеше бөрене, сырғауыл, тақтай, діңгек ағаштар бар еді. Міне, осыларды біріктіріп сал буғым келді. Бірнеше жеңіл бөренелерді таңдап алып, суға кетпестей етіп арқанмен байладым да, кеменің жиегінен төмен қарай сырғанаттым. Мұнан кейін кемеден түстім де, өзіме қарай тарттым, бөренелердің екі жақ басын бір-біріне қосып мықтап тұрып байластырдым да, қысқалау екі-үш тақтайды айқастырып үстіне салдым. Менің салмағымды көтерерліктей сал болды да шықты, бірақ ауыр жүк тиеуге келмейді. Кемедегі ағаш шеберінің қол арасын тауып алып, тағы бір діңгекті үшке бөліп кестім де, салдың енін ұлғайттым. Әбден қысылғанда кемеңгер болып шыға келдім, әрине, басқа жағдайда мұндай іс менің қолымнан келмеген болар еді. Адам төзгісіз ауыр еңбек еттім, қатты қиналдым.

Салым мығымдалды, едәуір жүк көтеретін шамасы байқалды. Ендігі мәселе – тиеген жүкті аударып алмай жағаға жеткізу, бірақ бұған да көп ойланғаным жоқ. Кемедегі бар тақтайды ыңғайлап салдың үстіне төседім: теңізшілерге арналған сандықтардың үшеуінің кілтін балталап бұздым, заттардан босаттым, сөйттім де жылжытып тақтайдың үстіне әкеліп салдым. Ең керекті дегендерін таңдап алып, сандықтың үшеуін де нығыздап тұрып толтырдым. Біреуіне күріш, нан, ірімшік, бес бөлек ешкінің сүрленген еті – азық-түліктерді және кемедегі құстарға жем үшін алынған дәннің қалғанын да салып алдым, ал құстарды әлдеқашан сойып жеп бітіргенбіз. Құстарға алған жеміміз бидай аралас арпа еді, бірақ бір жаманы, тышқан жеп қауыздап тастаған екен. Бірнеше жәшік шарап пен арақты салыма тасыдым, олар сандыққа сыймады, бірақ оларды сандыққа жасырудың қажеті де жоқ еді. Тінтіп жүріп кеме шеберінің бір жәшік құралдарын таптым, бұл мен үшін үлкен олжа еді, қазіргі жағдайымда бұл құралдарды кеме толы алтын берсе де айырбастамас едім. Жәшікті көтеріп алдым да, сол қалпы, ашып та қарамастан салға әкеліп тиедім, себебі онда қандай құралдардың бар екенін білетін едім.

Жеткілікті етіп мылтық пен оқ-дәрілер тиеп алуым керек. Каютадан әдемі екі мылтық, екі тапанша және екі қанжар тауып алдым, бір қапшық оқ-дәрі және бірнеше қаңылтыр сауытқа салынған дәрілерімен қоса оны да алдым. Кемеде үш бөшке мылтық дәрісінің барын білуші едім, бірақ оның қай жерде екенін таба алмадым. Ақыры іздеп жүріп үшеуін де таптым. Біреуі шамалы дымқылданайын депті, екеуі құп-құрғақ. Бұларды да тиеп алдым. Салым жүкке толды, енді жағаға жеткізу мәселесі күтіп тұр, ескегім не желкенім жоқ, аз-кем жел болса салымды аударып та кетуі мүмкін.

Мені теңіздің жайбарақат жатқаны, толқынның жылжытып жағаға жеткізуі, желдің соңымнан болғаны қуантты. Іздеп жүріп екі-үш сынған ескек тауып алдым, жәшіктегіден басқа екі ара, бір балта, бір балға алдым, салымды теңізге түсірдім. Бір миль жерге шейін салым бір қалыпты жүріп келді, бірақ мен жағаға шығып қалған жерден шамалы қиғаштау кетіп барады екенмін. Қиыстау кетіп бара жатқанымды сездім де, бұл жағаның жай ағысы шығар, ол ағыс жылжытып мені бір өзекке немесе өзеннің сағасына апаруы мүмкін, егер осылай болса, тоқтап жүгімді түсіріп алуға өте оңтайлы болар еді деген ой түсті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий