Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Түнеуге бір жерді ыңғайладым да, айналамды сандықпен, жәшіктермен қоршап, үстін тақтаймен жауып, үйшік секілді бір қуыс жасадым. Азық-түлік таусылған соң, не істерімді тағы білмеймін, мылтық даусынан үркіп ұшқан құстар мен қоянға ұқсаған бір-екі кішкене аңнан басқа көзіме ешнәрсе түскен жоқ. Ендігі ойым – кемеде қалған заттарды әлімнің келгенінше бірін қалдырмай жағаға тасып жеткізу, ең алдымен, кеменің желкенін және арқандарын жеткізгім келді. Тағы бір қырсыққа ұшырамасам, кемеге тез жетуді дұрыс көрдім. Себебі, жел тұрып кетсе, кеменің қирайтыны өзіме мәлім. Басқа жұмысты қойдым да, кемеге қайта бару әрекетіне кірістім. Әрі ойлап, бері ойлап, салды жағада қалдырдым, себебі салмен баруды қолайсыз көрдім, су қайтып, жаға тайыздаған кезде теңізге түстім, аяғымдағы башмағым мен іш киімімнен басқаның бәрін шешіп кеттім.

Әуелгі жасағанымдай арқанды бойлай кеменің үстіне шықтым, тағы да жаңадан сал будым. Бұл буған салым алдыңғымен салыстырғанда өте оңтайлы болып шықты. Ауыр жүк тиегенім жоқ, қажетті деген нәрселерді ғана тасыдым. Бұрынғы кеме шеберінің құрал-саймандарын: ірілі-уақты екі-үш қап шеге, жиырма шақты балта, өзім үшін аса қажеттілік тудырған қайрақ, тағы да басқа сол сияқты пайдалы нәрселерді алдым. Кеме зеңбірекшісінің қоймасынан екі бөшке, жеті мушкет, азғантай оқ-дәрі мен тағы бір мылтық, үлкен бір қапшық бытыра, үлкен бір бөлек құйма қорғасын алдым. Қорғасынның ауыр болғаны сондай, әрең көтердім. Бұл айтылғандардан басқа екі көйлек, желкен, қосалқы желкен, тамақ, бірнеше жастық алдым да, бәрін де бүтіндей

жағаға жеткіздім.

Кемеге қайта аттанарда өзім жоқта азық-түліктерімді жыртқыштар жеп кете ме деген қорқыныш болды. Бірақ қайтып келгенімде бәрі орнында екен. Тек жабайы мысық тәрізденген бір кішкене аң сандықтың үстінде отыр. Мен жақындаған кезде азырақ қашты да, әрірек барып отыра кетті, менімен танысқысы келгендей, көзін айырмай тесіле қарады. Мылтықты кезеп ем, қаймығатын түрі жоқ, селк етпей отыра берді. Адамнан қорықпайтын бұл не қылған аң дедім де, алдына бір үзім нан лақтырдым, көбірек тастауға сараңдығым ұстап, көзім қимады, себебі азық-түлік жағы тапшы ғой. Ол жақындап, нанды иіскеді де, шайнап-шайнап жұтып жіберді, дәмі қандай тәтті еді дегендей тілін жылмаңдатып жалады да, тағы болар ма екен дегендей дәметіп отырды. Бірақ екінші қайта тастағаным жоқ, о да жөніне кетті.

Кемеге екінші рет барып, алып келген жүктерді жағаға жеткізгеннен кейін, ауыр бөшкелердің аузын ашып, оқ-дәрілерді бір-бірлеп тасығым келді, ең әуелі оларды қоятын орын сайлап алуым керек еді. Орманнан сырғауыл кесіп әкеліп, үлкен шатыр жасадым, төбесін желкеннің кенептерімен жаптым да, күнге, жауынға тез бұзылатын заттардың бәрін шатырға тасып, айналдыра бос жәшіктерді үйдім.

Шатырдың кіреберісіне үлкен сандықты қырынан қойып, ішкі жағына кесе-көлденең тақтай сүйедім. Нәрселерімді әбден жайғастырған соң, өзіме жатын орын дайындадым, екі мылтықты басыма жастап, біреуін қойныма қыстырдым да жаттым. Кемедегі апатты жағдайдан бері бірінші рет жайлы жерге жастануым. Әбден шаршағанмын ғой, қозғалмастан таң атқанша ұйықтаппын. Себебі өткен түні ұйқым қанбай оянғам. Келесі күні де кемеден жүктерді тасумен болдым.

Дәл мендей қылып мұндай сарайды ешкім салып көрмеген болар. Бірақ бұл жеткіліксіз, аздық етеді: кеме қирамай, бұрынғы орнында тұрғанда қалған заттарды біртіндеп болса да алып, қорымды молайтқым келді. Күн сайын кемеге барып, ондай-мұндай заттарды әкеле бердім. Кемеге үшінші рет барғанымда едәуір олжалы қайттым. Салға сыйған заттардың бәрін тиедім. Желкенді жамайтын үлкен бір кенеп бар еді, оны да алдым, алдында өзімнің тастап кеткен бір бөшке су тиген мылтық бытырасы бар еді, мұны да алдым. Желкеннің бірін қалдырмай жағаға шығардым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий