Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жұмыс үстінде біраз қиындықтарға ұшырадым, бұл туралы да сіздерге айтып өткенім дұрыс шығар деп есептедім. Бір күні шатыр тігіп, үңгір қазуға әзірленіп жатқанымда, бір буда қалың қара бұлт жөңкіп өте шықты да, жаңбыр құйып кетті. Мұнан кейін найзағай жарқылдап, күн қатты күркіреді. Әрине, бұл бұрын-соңды көрмей жүрген нәрсе емес, қорыққаным найзағай жарқылдап, күннің күркірегені емес, менің оқ-дәрілерім еді. Осы ой менің басыма найзағайдың жарқылынан да қатты жылдамдықпен келіп түскенде жүрегім мұздап, денем қалтырап қоя берді, егер жасын түссе, ең алдымен дәрі жанады, дәрі жанса, жағдай қалай болады, қорғанар құралымның да, тамақ табар құралымның да көзі осы еді. Дәрілер жарылса, өзім қандай қауіпте болатыным туралы түк ойламадым. Бұл ой мені қинады, жұмысымды уақытша тоқтаттым да, дәріні бөлшектеп әр жерге орналастыру ниетімен найзағай басылғаннан кейін қалта тігіп, жәшіктер істеуге кірістім. Менің ойым, бәрі жанып кетпес үшін дәріні бөлшектеп, жана қалса бірінің жалыны біріне тимеу үшін әрқайсысын әр жерге көму еді. Бұған екі жеті уақытым кетті. Оқ-дәрілер екі жүз қырық қадақтың шамасындай еді. Дорбаға салып түйіншек еттім де, дымқылданбайтын жерді іздеп жүріп таудың етегіне көмдім, іздегенде бірден табу үшін бәрінің үстін сызып белгі салдым. Кемеде су тиіп дымқылданған дәріні сол күйі өзімнің үңгіріме қойдым. Қорғанды тұрғыза жүріп күніне бір рет әр жерді бір қарап қайтушы едім, өйткені, біріншіден, құс атып көңіл көтерейін дедім, екіншіден, аз да болса маңайымды зерттеп, арал туралы білгім келді. Бірінші рет шыққанымда жабайы ешкілердің қаптап жүргенін көрдім, ешкінің көптігіне қуандым, бірақ өте сақ мақұлық екен, маңайына жолатпай алыстан қашады. Бұған көп қайғырғаным жоқ, әйтеуір бір күні болмаса бір күні жақындаудың амалын табармын дедім. Үйірімен жүрген ешкілерді сырттай бақыладым, тау басында тұрғандарында мен етек жағынан келсем, маңына жолатпайды, тым алыстан қашады, ал енді етекте жайылып жатқанда, айналып тау жағынан келсем сезбейді, жайбарақат жайылып жүре береді. Әбден көзімнің жеткені – бұл жануарлар төбесіндегіні көрмейді екен. Енді үнемі биік тастың басына шығып, тау жағынан келетін болдым және жоғарыдан келсем, жақындап ататын болдым. Әуелгі атқаным бір ешкіге тиді. Атуын атып алсам да, лағын аяп кеттім. Енесі жаны шықпай тыпырлап жатқанда лағы қозғалмастан қасында тұрды. Тұрғаны былай тұрсын, ешкіні иығыма салып үйге қарай бет алғанымда да, лағы қалмай маңырап артымнан ерді, үйге дейін келді. Ешкіні жерге тастадым да, лақты қолыма алып қорғанға келдім, лақты асырағым келді. Бірақ асырауға көнбеді, жарытып ешнәрсе де жей алмады, амалсыз сойдым. Екі ешкінің етін үнемдедім. Себебі азық-түлігімді, әсіресе нанды үнемдеу керек болды.

Үйімді әбден жайғаған соң, от жағатын ошақ қазып, мол қылып отын жинағым келді. Мен мұнымен қалай айналысқанымды, өзіме қолайлы жағдайларды қалай туғызғанымды артынан айтармын, қазір өзім туралы, сол кезде басыма келген ойлар туралы айтқым келеді, әрине, ондай ойлардың аз еместігі белгілі.

Тағдыр айдап, жалғыз қалып, үлкен бақытсыздыққа ұшыраған мен адамдар ортасынан көз жаздым. Мейірімсіз мекен біздің кемеміз аттанған жерден қашық, сауда кемелерінің жүретін жолы да әлденеше жүз миль, көктен болмаса, жерден келіп қолының ұшын берер ешкім жоқ, адам баласы аяқ баспаған қу мекенде, жалғыздық азабында күндерім өтіп жатты. Тұңғиық бір түпсіз үрей құшағында қалғасын әлдеқалай көңілім босап, көзімнің ыстық жасы тыйылмады, құдай өз пендесін тағдырдың тәлкегіне не үшін салады, үмітсіз етіп, еш жәрдемін көрсетпей не үшін зарықтырады, естен кетпес бейнетті күндер үшін құдайға қандай жан ризашылығын білдіреді деп ойладым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий