Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кемеге бесінші рет пе, алтыншы рет пе барғанымнан кейін, бір күні қайта барып тағы қандай нәрселер бар екен деп әр жерін бір қарап жүрсем, ойламаған жерден тағы бір олжаға тап болып қуанғанымды көрсеңіз. Кеменің трюмінен үлкен бір бөшке кепкен нан, үш бөшке ром, бір жәшік шекер және бір бөшке ақ ұн таптым. Трюмнен мұндай азық-түлік табамын деген ойымда жоқ еді, себебі бар болса да су тиіп былғанып қалды ғой деген ойда болғанмын. Кепкен нанды бөшкеден алып, желкеннің кенебіне орадым, қалғанын сол қалпы салға тиеп жағаға жеткіздім.

Екінші күні кемеге тағы бардым, әлім келген заттың бірін қалдырмай алдым да, енді арқанды алып кетпек болдым, көтеруге жеңіл болсын деп бөлек-бөлек етіп арқанды кесіп, салға тиедім. Әлім жеткенінше бірталай темір жинадым. Мұның артынша қалған ағаш тақтайларды кесіп, үлкен сал будым да, жүктерімді тиеп, баяу ғана жиекке қарай жылжи бердім. Менің салым өте қолайсыз және жүгі ауыр болғандықтан, оны басқарып отыру қиынға соқты. Бұрынғы жүк түсірген қуысқа келіп кіргенімде, еппен келіп тоқтата алмай, сал аударылып, жүкпен бірге өзім суға құладым. Өз басым суға батып кетемін деп қауіптенгенім жоқ, себебі жағадамын, су тайыз, бірақ алып шыққан нәрселерімнің көбін жоғалттым, әсіресе темір-терсек жағы. Темір маған өте қажет еді, өкінгенмен амалым жоқ, су кейін қайтып, жаға тайыздалған кезде арқандарды сүйреп жағаға шығардым және бірнеше бөлек темірлерді тауып алдым: мұның бәрі маған оңай болған жоқ, көбінесе су астынан сүңгіп іздеуге тура келді, өзім де әбден шаршадым. Мұнан кейін де күн сайын кемеге барып, қолыма іліккенін әкеле бердім.

Аралға келгеніме он үшінші күн болды, осы он үш күнде кемеге он бір рет барып, екі қолға іліккеннің бәрін алып үлгердім. Егер күн тынық болғанда, бірнеше күннің ішінде бөліп-бөліп кеменің өзін шығаруға да шамам жететін еді. Он бір күн өтіп, он екінші күнге жеткенде жел тұрып, дауыл көтерілгендей болды. Дегенмен судың кейін қайтқанын күтіп кемеге жеттім. Каютаны түгелдей тінттім, ондағы бар керектілерді алған сияқтымын, екі әдемі қаңылтыр сауыт көзіме түсті, біріншісінің ішінде үш ұстара, бір үлкен қайшы, пышақ пен шанышқылар; екіншісінде – отыз алты стерлинг шамасындай алтын және күміс еуропалық, бразилиялық ақшалар бар екен. Ақшаларды көргенде ызам келгеннен булығып кеттім: “Сен түкке де тұрмайсың, маған енді ешбір қажетің жоқ! Еңкейіп жерден аларлықтай да құның жоқ қой сенің, сенен гөрі пышақ артық емес пе, сені алғанда не қылмақшымын, сен менің қандай қажетіме жарайсың, қай жерде жатсаң, сол жеріңде қал да су түбінде шірі” дедім де жөніме кеттім. Енді жаңадан сал буудың жөні жоқ сияқты, аспан түнеріп жағалауда жел көтеріле бастады. Жел жағадан соққан кезде сал буудың пайдасы жоқ, толқын күшеймей тұрып тезірек жету керек, әйтпесе жағаға жетуімнің өзі екіталай болғалы тұр. Уақыт оздырып тұрмадым, суға түстім де, жағаға қарай жүзе бастадым, иығымда ауыр жүгім бар, жел қарсы алдымнан соғып, өліп-талып жағаға әрең жеттім. Мен жағаға жете бергенімде жел бұрынғысынан да қатты күшейіп, таудай толқындар көтерілді. Бірақ мен үйіме аман-сау жеттім. Келдім де, шатырыма жайғастым. Жойқын жел ұзақ таңға бір тынбады, азанда шатырдан басымды шығарып қарасам, кеме тұрған орнында жоқ. Бұл көрініске әуелгіде көңілім жүдеп қалса да, артынан өзімді өзім жұбаттым, желсіз кезде қуатымды артық жұмсамай өзіме қажетті дегендерді түгел алдым, енді кеме

орнында тұрса да, мен алатын еш нәрсе қалған жоқ.

Бұдан қайтып мен кемені де, онда қалған нәрселер туралы да ойыма алғаным жоқ. Мүмкін, дауылдан кейін де қирандыны жағадан тауып алуға болар ма еді, кеменің зақымданған бөліктерін тауып та алдым, бірақ одан келіп-кеткен пайда болмады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий