Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Күндердің бір күні басқаша сәулелі жарқын өмірдің кіріспесі басталғандай болды және ол күн әлі есімде. Қалың ой басып, мылтығымды асып алып теңіз жағасын кезіп келе жаттым. Тағдыр сынағы не деген ауыр еді деп қажыдым. Сол кезде менің ішкі ойым: “Иә, сенің жағдайың адам қызығарлық емес, бұл шындық. Бірақ есіңде болсын, сен кімсің және қайдан келдің? Сенімен бірге он бір адам сапарлас еді, олар қайда? Олар неге өлім аузында қалды? Сенің тірі қалуыңа не себеп? Ажал құшып, бақилық болғаныңды қалайсың ба, әлде жаның жүдесе де жарық дүниеге куә болып жүргенің жақсы ма, қалай ойлайсың?”. Мен бұрылып теңіз бетіне көз жүгірттім. Қайғы келді деп несіне құлай беремін, қайғым бұдан да ауыр болса қайтер едім деп ойладым.

Егер біздің кеме қайырлап қалған жерде қалса, егер кемені толқындар жағаға жақындатып әкелмесе, өзіме керекті нәрселерімді қайдан алар едім. Теңізде қалған алғашқы күндегідей ішер су, жейтін тамақ жоқ болса, көрер күнім қалай болмақ еді деп өзімді өзім жұбаттым. Расымен де, дедім мен өзіме-өзім, қарусыз, оқ-дәрісіз, құралдарсыз көрген күнім қалай болар еді? Тіршілікке қолайсыз қайырсыз бұл мекенде қалайша тірлік кешер едім? Ал қазір менде бәрі жеткілікті, келер күндеріме де сеніммен қарай аламын, оқ-дәрім және азығым таусылса да, өмірімнің соңғы күніне дейін өз күнімді өзім көре алатыныма сенімдімін.

Шынын айтсам, аралда қалған алғашқы күннен егер оқ-дәрілерім таусылып қалса, күш-қуатым азайса, сырқаттанып қалсам деген үреймен келер күндерімнің қамы туралы ойладым. Жасын түссе оқ-дәрілерімнің түгі қалмай өртеніп кететіні туралы ескермеппін, жасынның бір сәтте менің қоймам мен оқ-дәрілерімді өртеп жіберетіні ойыма да келмепті. Найзағай жарқылдағанда осы ойдың жылт ете қалғаны да содан шығар.

Ажалды пенденің басынан кешкен қайғылы өмірі туралы басынан бастап және рет-ретімен баяндап берейін.Үрейлі аралға табаным тиген күн қыркүйек айының 30-ы, күз мезгілі болатын (менің есебім бойынша экватордан солтүстік ендікке 9°22). Бұл айда күн тас төбеңде тұрады. Аралға келгеніме он-он бес күн өткеннен кейін жазып жүрер қағаз-қалам мен сияның жоқтығынан күн, ай, апта есебінен тіпті, жексенбінің қай күні екенінен де жаңылып қалғаным есіме түсті. Соны ойладым да, мені толқындар шығарып тастаған жағаға келіп, бір жуан бағанды қазып орнаттым, қалың тақтайды пышақпен ірі етіп ойып: “Мен бұл жерге 1659 жылы қыркүйек айының 30-ы күні келдім” деп жаздым да, ағашқа айқастырып шегеледім. Бағанға күніне бір рет белгі салдым; жетінші күнгі белгімді ұзынырақ етіп белгілеп отырдым: бұл жексенбінің белгісі, әр айдың бір жаңасын ұзынырақ етіп белгіледім. Сонымен, әр жылды, әр

айды, әр апта мен әрбір күнді белгілер күнтізбе жасадым. Кемеден алған заттардың көбін тізбелеп баяндасам да,

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий