Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қазанның 1-і. Таңертең оянсам, қайырлап шөккен кемені су көтеріп жағаға жақындатып тастапты. Біріншіден, бұл көңілге жұбаныш болды (кеме бүтін, төңкерілмеген, жел басылса, кемеге барып азық-түлік, тағы да басқа керектілерді аламын деген үміттемін), бірақ қаза тапқан жолдастарым есіме түсіп, мені қайғы басты. Кемеде аз ғана кідіргенімізде аман қалатын жайымыз бар екен, яки бәрі бірдей батып кетпеген болар еді, олар тірі болса, кеменің тақтайларынан қайық жасап, жарық күнді көруге үмітті болар едік. Осы ой күні бойы мазалады. Жел бәсеңдегесін кідірместен кемеге бардым, кемеге жеткенше бойлап бардым да, тереңдегесін құлаштап жүздім. Күні бойы жаңбыр толастамады, бірақ жел болмады.

Қазанның 1-інен 24-іне дейін. Бұл күндері кемедегі жүктерді жиекке жеткізумен болдым. Су көтерілген сайын жүктерді салға тиеп, жиекке таси бердім. Күн түнеріп, аспанның ашылғаны ара-арасында ғана болмаса, толассыз жаңбыр құйды да тұрды, бұл мезгіл жауынды маусым болуы керек.

Қазанның 20-сы. Тепе-теңдігін сақтай алмай, салым төңкеріліп бүкіл жүгім суға кетті, бірақ теңіздің жағасы тайыз еді, су кейін қайтқан соң заттың көбін бүтін алып қалдым. Қазанның 25-і. Ызғырық жел соғып, тәулік бойы жаңбыр жауды. Түнде кемені тұрған жерінен қиратып, су алып кеткен, тек орнында бөлек-салақ бірдемелері қалыпты, қирандылары су кейін тартылған кезде ғана қылтиып көрінді. Сол күні су

тисе тез бүлінетін заттарды қымтап жабумен болдым.

Қазанның 26-сы. Мекендеуге қолайлы жер іздестірдім. Көбіне ойлағаным, түнге қарағанда жыртқыш аңдардан, жабайы адамдардан қауіпсіз болу еді. Ымырт жабыла тік жардың етегінен өзіме қолайлы орын таптым. Бұл жерге екі қатар қазық қағып, сыртқы жағынан шым үйгім келді, қазықтың ара-арасын арқандармен қосқым келді.

Қазанның 31-і. Қолыма мылтық алып, құс атуға шықтым және қарайған жер көргім келді, қасына лағын ерткен бір ешкі атып алдым. Атқан ешкімнің лағы еріп үйге дейін келді, лақты сойып жеуге тура келді, себебі асырауға көнбеді, әлі отығып жетпеген екен.

Қарашаның 1-і. Жартастың түбіне шатыр тіктім, шатырымды шамам келгенше кеңейткім келді, кендірден тоқыған аспалы кереуеттің екі жағын байладым да үстіне жаттым, бұл аралға келгелі кереуетте бірінші рет жатуым.

Қарашаның 2-сі. Жәшіктерді, тақтайды және салдағы бөренелерді жинап алып, шатырды айналдыра керме жасадым. Қарашаның 3-і. Қолыма мылтық алып серуендедім, үйрекке ұқсас екі құс атып алдым. Еті өте дәмді екен, тамақ

ішіп болғаннан кейін үстел, орындық жасауға кірістім.

Қарашаның 4-і. Уақытымды күнделікті қара жұмысқа, аң аулауға және көңіл көтеруге бөлдім. Менің күн тәртібім төмендегідей еді: егер жауын болмаса, ертеңгісін қолыма мылтығымды алып екі-үш сағат аралды аралап қайтамын, мұнан соң сағат он бірге дейін жұмыс істеймін, сағат он екіден екіге дейін тынығамын (себебі бұл нағыз күннің ыситын уақыты), кешке қарай тағы жұмысқа кірісемін. Соңғы екі күн бойы үстел жасаумен болдым. Бастапқыда шеберлігім керемет емес еді. Бірақ тағдыр он саусағынан өнері тамған шебер етіп шығарды. Менің тағдырымды кешкен әрбір адам шебер болып шығатын шығар.

Қарашаның 5-і. Бүгін мылтығымды алып, соңыма итімді ерттім. Жабайы бір мысықты олжаладым, бірақ терісі жұмсақ, еті де түкке тұрмады. Олжалаған аңдарымның терілерін сойып алып, қоймаға әкелдім. Қайтып келе жатып неше түрлі құстарға куә болдым. Екі-үш итбалықты кездестірдім. Әуелі көргенде нендей нәрсе екенін ажырата алмай қорқып кеттім. Мен таң-тамаша болып қарап тұрған кезде олар суға сүңгіп жоқ болды. Қарашаның 6-сы. Таңертең серуендеп келдім де, үстел жасауға кірістім, сол күні үстелді жасап бітірдім, бірақ жасаған үстелім көңілімнен шықпады. Ұнамаған тұстарын бұзып, қайта жөндедім.

Қарашаның 7-сі. Күн ашық болды. Бірнеше күн орындық жасаумен болдым. Орындықты әдемі етіп жасаймын деп әжептәуір тер төктім. Әлденеше рет бұзып, қайтадан жасадым. Сонда да көңіліме қонбады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий