Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ескерту. Орайлы істерімнің оңын тауып, жексенбі күндері де жұмыс істейтін болдым, себебі бағанға күнде барып жазып тұрмаған соң, күндерімнен жаңылып қалдым.

Қарашаның 13-і. Бүгін жаңбыр жауды, ауа жаңарып, бойым сергіді, бірақ күн жиі күркіреп, найзағай жарқылдап, жай түсіп, оқ-дәрім өртене ме деп қатты қорықтым. Найзағай жарқылы бәсеңдеп, күннің күркірі басылысымен, оқ-дәрілер жай түссе, өртеніп кетпесін деп, бөлшектеп әр жерге көму әрекетіне кірістім.

14, 15, 16 қараша. Осы күндерде жәшіктерге бір-екі қадақтан дәрі салып, бір-бірінен қашықтатып жартастың түбіне көмдім. Кеше бір үлкен құс атып алдым, еті өте дәмді болды. Бірақ бұл қандай құс екенін ажырата алмадым.

Қарашаның 17-сі. Бұл күні қолдағы бар дүниелерімді жайғастыру үшін шатырдың сыртқы жағындағы үңгірді кеңейте бастадым.

Ескерту. Бұл жұмысқа үш нәрсе керек: қайла, күрек және құмын шығаратын жалғыз аяқ қол арба немесе себет, бірақ бұлардың менде бірі де жоқ. Сондықтан жұмысты мүлдем доғаруға тура келді. Бұлардың орнына басқа қандай құралдарды пайдалануға болады, қалай жасауға болады – осы туралы көп ойладым. Қайланың орнына темір сүйменді пайдаланып едім – қолайлы секілді, бірақ өте ауыр. Ендігісі күрек, онсыз болмайды. Бірақ күректің орнына қандай құрал пайдалануға болады, біле алмадым.

Қарашаның 18-і. Орманнан өзіме керекті нәрселер іздеп жүріп, Бразилияда өсетін қатты бір ағашты таптым (темір ағаш деп қатты болғандықтан айтылған). Көп азаппен, балтамның жүзін мұқалтып, әрең дегенде кестім, әупірімдеп сүйреп үйге әкелдім, енді бұдан күрек істеп алмақшымын. Ағаш қатты болған соң, көп уақытымды алды, менде басқалай амал бар ма? Балтамен шапқылай-шапқылай әйтеуір күректің сыңайына келтірдім, сап жағы өте келісті болды, ағылшындар істейтін күректің сабынан бірде-бір кем емес, ұшы темір болмаған соң ұзаққа шыдамады. Дегенмен жер қазғанымда едәуір көмегі болды, көп қажетіме жарады, жер бетінде күрделі әдіспен, ұзақ уақыт бойы мұндай қылып күректі ешкім істеп көрмеген болар деп ойлаймын.

Маған ендігі керегі – жәшік арба немесе себет. Себет туралы ойлап бас қатырудың да керегі жоқ, себебі оны тоқитын шыбықтар да жоқ, ал шыбық өсетін жер әлі маған кездескен де жоқ. Ал енді жәшік арбаны істеуге болады ғой деп ойлаймын. Ең қиыны доңғалағы: доңғалақты қалай жасау керектігін мен тіпті білмеймін, бел ағашына темір керек, темір менде атымен жоқ. Сондықтан арба жасау туралы ойдан бас тарттым, тас таситындардың әк салатын астауы сықылды бірдеме жасадым. Астау жасау күрек жасаудан оңай болды, бұл да төрт күн уақытымды алды. Аңға шықпай қалған күндерім өте сирек, шыққан сайын құр қайтпаймын, әйтеуір олжалы ораламын.

Қарашаның 23-і. Құрал-саймандарды ыңғайлағанша басқа шаруаларым кейінге қалды. Құрал-саймандарым дайын болған соң, үңгір қазуға кірістім. Қуатым жеткенше күнұзақ қаздым, үңгір маған заттарымды орналастыру үшін керек болды. Бұл жұмысқа он сегіз күн уақытым кетті.

Ескерту. Он сегіз күн ішіндегі бар ермегім үңгір қазу болды, мақсатым – жүк жиятын қойма, тамақ әзірлейтін асүй, ас ішетін орын және азық қоятын қойма дайындасам деймін; жатын орным, отыратын орным шатыр, жаңбыр қатты жауып тамшы аққанда болмаса, үңгірде көп болмаймын. Ең соңында үйімнің төбесін көтердім, сабан төбелі үй тәрізді болды, үстін жапырақпен жаптым. Желтоқсанның 10-ы. Үңгір бітті, енді істер еш нәрсесі қалған жоқ деп ойлағанмын. Бүгін ішіне кірсем, бір жақ бүйірінің төбесі құлап, едәуір жерін басып қалыпты (тым кеңітіп жіберген болуым керек). Көрдім де зәрем ұшып кетті, себебі сол сәтте үңгірде болсам, өзімді де басып қалар еді, егер басып қалса, маған көмушінің де керегі болмайды екен. Тағы бір ауыр жұмысқа тап келдім: ішке құлаған құмды тасып шығару керек және тіреу қоюға тура келді, тағы құлап қалмасына кім кепіл?.

Желтоқсанның 11-і. Амалым бар ма, бүгіннен бастап осы іске кірістім. Төбесіне уақытша болса да айқыш-ұйқыш екі тақтай қағып, екі тіреу қойдым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий