Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

жоқ, жер сілкініп болған соң, ол сөздерді де ұмыттым.

Аспанды бұлт қаптап, дала күңгірттеніп кетті, әуелі сәл ғана жел тұрып, бірте-бірте күшейе түсті, артынан ол қатты дауылға айналды. Теңіз шулап, беті көбіктеніп, асау толқындар жағаға соқты, бірсыпыра ағаштарды қопарып та кетті, өте үрейлі көрініс. Бұл көрініс үш сағатқа созылды, содан кейін дауыл басылды, енді бір-екі сағатта жел де тынды, тыныштықтың орнағаны сондай, масаның ызыңы да естілмейді, артынан іле-шала қатты жаңбыр жауды.

Дауыл басылғанша үрейім ұшып, қорғаныма кіре алмай, далада отырдым. Жаңбыр жауған кезде ойыма келгені, жел басылып, жаңбырдың жаууы жер сілкінудің салдары шығар, енді басылған болуы керек, тәуекел, үйге кірсем қайтеді деп ойладым. Осы ой келгенде еңсем көтерілгендей болды. Үйге кіріп ем, жаңбыр бұрынғысынан да күшейіп, төбеден тамшы ағып, топырақ басып қала ма деп қорықсам да, амалсыздан үңгірде отыруға тура келді. Бұл нөсер маған тағы да аяқ астынан жұмыс тауып берді: қорғанның тау жақ тұсын тесіп, су ағар жасадым, әйтпесе үңгірді су басып кететін түрі бар. Үңгірде біраз отырғаннан кейін сілкінудің енді қайталанбасына көзім жетіп, жаным жай табайын деді. Көңілімді көтерейін дедім де, бір жұтым ром іштім. Мен ромды үнемдеп анда-санда, аз-аздап ішетінмін, таусылып қалса, таптырмайтынын білемін ғой.

Келесі күні де жаңбыр жауып, тысқа шыға алмадым. Жүрегім орнына түсіп, жаным тыныш тапқан соң, әрі қарай не істеу керек екенін ойладым. Бұл мекенде жер сілкінеді екен, енді маған үңгірде тұруға болмайды деген қорытындыға келдім. Енді шатырды орнынан көшіріп, ашық жерге орнатуым я қос тігуім керек, адамнан, аңнан қауіпсіз болу үшін бұрынғыша сырт жағын нықтап алуым керек. Егер қонысымды ауыстырмай осы үңгірде қалар болсам, күндердің бір күні тірілей көмілетінім анық.

Расымен де шатырымның тұрған жері қауіпті, таудың құлама етегі, егер тағы жер сілкінсе, таудан топырақ құлап, құм басып қалуы анық. Сондықтан шатырды басқа жерге көшірмекші болдым. Келесі екі күнде – 19-ы мен 20-сында үй салып, қоныс қылар жаңа орын іздедім және жоспарымды іске асыруды ойладым.

Үйімді құм басып тірілей көмілемін деген үреймен түні бойы ұйықтай алмайтын болдым; қорғаннан сырт жерге түнеуге де қауіптендім. Даяр жайды, жиюлы мүлікті тастап кетуге көзім қимады – қай жағынан болса да қолайлы, ықшам, мықты, қауіпсіз әрі таза және біраз тер төктім – қонысымды ауыстырғым келмеді. Бұдан кейін мынадай ой туды.

Жаңадан қорған салып, оны нығайтып, ол жерге көшіп барғанша біраз уақыт өтеді, дегенмен үңгірде қалудан көпке дейін қорқып жүрдім. Енді тынышталайын дедім, бірақ көп уақыт оздырмай жаңа қорған салу қамына кірістім, бұрынғыдай қазық қағып, арқанмен байластырып нығайтқым келді, қорғаным біткен бойда шатырымды көшірмекшімін; оған дейін көшу ісіне әзірленіп осы арада тұра бергім келді. Бұл сәуірдің 21-і еді. Сәуірдің 22-сі. Келесі күні ойымды қалай жүзеге асырамын деп ойлай бастадым. Құрал-сайманға өте зәру едім. Қолда үш үлкен балта, бірнеше ұсақ балта тағы бар. Бұл құралдарды үндістерге сату үшін алғанбыз, бірақ қатты заттарға тынымсыз жұмсай берген соң көбінің жүзі майырылып, мұқалып қалған. Балталарды қайрап, өткірлейтін қайрақ бар, бірақ оны аяқпен басып, тасын айналдыруды білмейді екенмін. Қайрақты іске қосамын деп көп әурелендім, әрі айналдырып, бері айналдырып көп уақытқа дейін нәтиже шығара алмадым. Бірде-бір мемлекет қайраткері маңызды саяси мәселені талқылағанда да тап мен секілді басын қатырмаған болар және бірде-бір судья адамның тағдырын шешерде оны өлтіру, я тірі қалдыру мәселесін шешу үшін тап мен секілді ақылын сарп етпеген болар. Ақырында доңғалақ пен қайысты шарға үйлестіріп, қайрақты аяғыммен басып жүргізетін болдым.

Ескерту. Осы уақытқа дейін мұндай қайрақты көрген емеспін, мұндай қайрақтар ағылшындарда өте көп болса да, оның қалай іске қосыларын байқаған да емеспін. Оның үстіне қайрақ өте үлкен және ауыр. Қайрақты құрудың өзіне бір апта уақытым кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий