Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шаруашылығымды ыңғайладым десем де, әлі де керекті заттар көп екен, мысалы, кемеден алған екі-үш кішкене бөшкем бар еді, осыларды құрастырып пайдама жаратайын деп бір апта әурелендім, бірақ бөшкеге ештеңе де сала алмадым. Су кетпестей етіп қабыстыра да алмадым, ақыры түк шықпайтын болған соң текке әуреленгенді қойдым.

Майшам мен үшін өте қажеттілік тудырды (бұл жерде сағат жетінің шамасында-ақ қараңғы түседі). Балауыз болса деймін, бірақ оны қайдан аламын. Жалғыз-ақ ешкінің майы болмаса, басқа жарық болар ештеңе жоқ. Саздан илеп ыдыс жасап, ешкінің майынан шам істедім. Саздан илеген ыдысымды күннің көзіне кептірдім. Ескі арқанның түтеленген кендірінен білте жасадым. Шам күңгірттеніп жанды.

Қарбаласып қапшық іздеп заттарымды ақтара бастадым, қарап жүріп ішінде жемнің қалдығы бар кішілеу бір қапшық тауып алдым, ешқандай дән көзіме түскен жоқ. Қапшық кемеде бұрыннан жатқан болу керек, тіпті бұдан бұрын Лиссабоннан шыққан кезден болса керек. Жасыннан қорқып дәріні бөлшектеуге және соған керекті ыдыс таба алмай абыр-сабыр болып жатқан кезім, қапшықты тастың түбіне апардым да, сілкіп-сілкіп алып келдім.

Мұның бәрі нөсер жауынның алдында ғана болған еді. Қапшықты қай жерге сілкігенім де есімде жоқ. Айға жуық уақыт өткен соң алаңның түбінде қаулап өсіп келе жатқан шөптің бірнеше көк сабақтарын көрдім.

Бастапқыда оның не екенін де ажырата алмадым, әншейін бір шөп шығар дедім де қойдым. Бірнеше апта өткеннен кейін әлгі сабақтар бас жарыпты, Еуропа мен Англияда өсетін арпадан бірде-бір кем емес, кәдімгі арпа пайда болды.

Көргендегі таңғалысымды айтып жеткізе алмаймын. Айдалаға арпа қалай шығады, қандай ғажап? Әр түрлі ойдың жетегінде болдым. Мен ешнәрсені дінге сүйеніп істемейтінмін және дін туралы түсінігім де төмен еді, тұрмыстағы ірілі-уақты оқиғаларды кездейсоқ нәрсе я құдай ісі дейтінмін де қоятынмын. Тіршілікті жаратушы құдай қандай мақсатты көздейтінін еш ойламаушы едім. Бірақ өсіп тұрған арпаны көргенде тұла бойым шымырлап, қатты қобалжыдым, ауа райы өте жайсыз мекенде де арпа шығады екен, ал шықты делік, бірақ қайдан келіп түскен? Белгісіз. Содан кейін мен бұл құдайдың құдіретімен болған, мені есіркеген, көз жасымды көріп рақымы түскен екен, пендесін аштан өлтірмеу үшін аралға арпа өсірген екен деп ойладым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий