Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Желтоқсанның 17-сі. Он жетісінен жиырмасына дейін үңгірге айнала зат жинайтын тақтайлар салдым, бағандарға шеге қағып, тиісті нәрселерді ілдім, үңгірдің іші енді мұнтаздай болды.

Желтоқсанның 20-сы. Заттардың денін тасып әкеліп, өз орындарына орналастырдым. Бірнеше кішкене тақтайды бірінің үстіне бірін қатарлап, азық-түлік қоятын сөре жасадым, мұның өзі буфет сықылды болды да шықты. Тақтай азайып бара жатқан соң, өзіме тағы бір үстел жасадым.

Желтоқсанның 24-і. Тәулік бойы жаңбыр жауып, үйден бір қадам ұзап шыққаным жоқ.

Желтоқсанның 25-і. Үздіксіз жаңбыр жауды да тұрды. Желтоқсанның 26-сы. Күн ашылды. Едәуір қоңыр салқын,

жанға өте жайлы күн болды.

Желтоқсанның 27-сі. Ешкінің екі лағын олжаладым, біреуін атып алдым, екіншісі қаша алмаған соң тірілей ұстап алып, үйге әкелдім. Үйге келген соң байқағаным, аяғы сынған екен, мықтап тұрып таңып тастадым.

Ескерту. Көп күндер өткен соң, лақтың аяғының сынған жері бітіп, ойнақтауды шығарды. Лақты ұзақ уақыт бақтым, өзіме әбден бауыр басты, тіпті жанымнан бір елі ұзап кетпейтін болды. Күндіз шатырымның алдында жайылып жүреді. Асыранды ешкіні көбейтудің қажет екендігі туралы ой түсті, оқ-дәрі таусылғанша осыны жүзеге асыруым керек екен. Желтоқсанның 28, 29, 30 және 31-і. Жел жоқ, күн қапырық. Мұндай қапырық күндерде аң аулауға тек кешке қарай шығамын. Осы күндерде де шаруашылығымды реттеумен болдым.

Қаңтардың 1-і. Бетті қарпыған аптап ыстық басылмады. Дей тұрғанмен бүгін екі рет таңертеңгілік, кешкілік аңға шығып келдім. Түс мезгілінде сәл тынығып алдым. Кешкілік аралды аралап біраз жүріп қайттым, барған жерімде ешкілер тым көп екен, атайын деп ем, маңайлатпады. Итімді қоссам ба деген ой келді.

Қаңтардың 2-сі. Итімді ертіп шығып ешкілерге қостым, бірақ бұл нәтижесіз қадам болды, ешкілер үркіп қарсы жүгіріп еді, ит қорқасоқтады ма, маңайларына жуымай қойды.

Қаңтардың 3-і. Қорғанымды нығайттым, себебі әлі үрейлімін.

Сыртқы жағын бұрынғыдан да гөрі нығыздағым келді.

Ескерту. Қорғанымның қалай тұрғызылғанын бұдан бұрын да айтып бергенмін, сондықтан бұл туралы жазылғандарды енді қайталамасам да болады. Бірақ төбені жөндеуге қаңтардың 3-і мен сәуірдің 14-іне дейінгі аралықтағы уақытым кетті, қорғанның ұзындығы 24 метрден артық болмаса да көп уақыт қажет болды.

Қорғанымның бір шеті иіліп барып тауға тіреледі. Мөлшермен алғанда тауға сегіз метрден артық қашық емес, сол арадан сырт жаққа шықпай, тіке үңгірге қатынайтын есік бар. Осы күндердің бәрі бейнетті болды, қарап отырмай іспен шұғылдандым. Кей-кейде жаңбырдың салдарынан аптаға жақын үйден шықпай отырған да кездерім болды, бірақ қорғанның сыртын ойдағыдай еткенімше қауіпсізбін деп ойлағаным жоқ. Керемет тер төктім деп айта алмас едім. Ең қиыны – орманға барып ағаш кесу, оны тасу, жерге қағу, қазықтар да ауыр еді, әрбірін бір адам зорға көтереді. Қорған жұмыстары нәтиже тауып, сыртқы жағы нығайғаннан кейін жүрегім орнына келіп, жаным тыныш тапты. Бұл маңда адам баласы бар десеңіз де менің үйімнің бар-жоғын сезбейді, көрсе де үй деп ойлауы екіталай, себебі адам тұратын нәрсеге ұқсамайды. Әрине, бұл менің қиялымнан туды ғой, бұл жайында бір қызықты әңгіме бар, оны кейінірек айтып беремін. Жауын-шашынсыз ашық күндердің бірінде құс аулауға шықтым, өзіме пайда әкелер нәрселерге куә болдым. Мысалы, тұқымы басқа жабайы көгершіндерді көрдім, олар біз көрген көгершіндердей ұяларын ағаштың басына салмайды, олардың ұясы жартастың қуысында болады екен. Әлгі көгершіндердің бірнеше балапанын ұстап алып, асырап өсірмекке үйге алып келдім. Өздері асырауға көнгіш болады екен, бірақ қанаттары жетілген соң ұшып жөніне кетті, жемнің жоқтығынан шығар.

Асырап әуре болғаным жоқ, қолыма түскенін қорек ете бердім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий