Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осылай ойлағанымда буын-буыным босап елжіреп кеттім, көзден жас парлады, бұл ғажап құбылыс мен үшін болып отыр ғой деп қуандым. Таңғалып отырғанымда арпа сабақтарының арасында жаңа өсіп келе жатқан тағы да бір жас өсімдіктердің қаулап келе жатқанын байқадым, ол күріш болып шықты, күріш екенін бірден байқадым. Себебі Африкада жүргенімде күріш еккен жерлерде көп болғанмын. Күріш пен арпа маған құдайдың құдіретімен жіберілген екен деп ойлап, енді басқа да жерлерде өсіп тұрғандары болуы мүмкін деп үміттендім, басқа жерде жоқ дегенге сенгім де келмеді. Маңайымның бәрін кезіп шарладым, түкпір-түкпірді қалдырмай бәрін араладым, бірақ еш жерден күрішті де, арпаны да кездестірмедім. Сол кезде қапшықты үйдің жанында сілкігенім есіме түсті. Мұның ешқандай құдіреті жоқ екен, бұл кәдімгі табиғи нәрсе болып шықты. Шынын айтуым керек, бұл жайды білгеннен кейін құдайға құлшылық қылуды доғардым.Бірақ мен қандай оқиғаға тап болсам да, бәрі құдайдың құдіретімен болған сияқты, ойлап қарасам, бұл да бір құдайдың жарылқағаны емес пе. Абырой болғанда, қапшықты күн түспейтін көлеңке жерге сіліккенімді қарашы, кішкене аулағырақ түскенде, ыстыққа күйіп, қурап қалар еді. Піскеннен кейін күріш пен арпаны қалай жинап алғанымды оқырманның өзі-ақ білер (осы уақыт маусым айының аяқ кезі еді). Бір дәнін қалдырмай уқалап үгіп алдым да, өзімнің ішіп-жеуіме жетерліктей етіп дән жинау үшін егін салуға ниеттендім. Жинаған дәнім төрт жылдан кейін барып азық етуге жете бастады, бұл туралы сосын айтып беремін. Әуелгі еккенім дұрыс болмай, егінім шықпай қалды, өйткені мезгілді есепке алмай, дәнді қуаңшылық кезінде сеуіппін, сондықтан ойдағыдай дән жинап ала алмадым, бұл туралы да кейінірек әңгімелермін.

Арпадан басқа жиырма-отыз сабақтай күріш өсті, оны да түгелімен жинап алдым, нан пісірудің, дәлірек айтсам, пешсіз тамақ дайындаудың жаңа әдісін ойлап таптым. Енді күнделігіме қайта оралайын.

Төрт немесе үш жарым айдай қорған жұмыстарымен айналыстым, қолым қалт еткен жоқ.

Сәуірдің 14-і. Қорған жұмыстарын аяқтадым. Бұл маңайда адам тұратын жай бар екенін ешкім білмесін деп, басқышпен түсіп, басқышпен шығамын деген ойда болдым.

Сәуірдің 16-сы. Басқыш жұмыстарын бітірдім, ішке кіргенде басқышты өзіммен бірге ала түсемін. Енді жан-жағымның бәрін қымтап алдым. Қамалым кең, төбесінен түспесе, қабырғамен өрмелеп ішке кіре алмайды. Келесі күні төккен терім бекер болып, өзіме де ажал төнгендей болды. Шатырдан шығып үңгір аузында бір іспен шұғылданып жатыр едім, үңгірден, тау жақтан үстіме топырақ құлап, тіреуіш қылып қойған алдыңғы қатардағы екі баған сытырлап майысты. Зәрем ұшып, қатты қорықтым, не себепті мұндай тосын жайдың болғанын білмедім, өткен күндегідей үңгір ішіне қарай опырылып түскен екен деп ойладым. Үстімді басып қала ма деп қауіптендім де, басқышқа қарай жүгірдім, басқышты қойып үйдің қабырғасын жағалап далаға шықтым, шыққан соң себебіне түсіндім, әлгінің бәрі жер сілкінгеннен болған екен. Бейнебір басым айналғандай аяғымның асты теңселіп тұрды, жер сегіз минөттің ішінде қатты-қатты үш-төрт рет сілкінді, бұл жерде қандай мықты үй болса да қирап қалған болар еді. Менен жарты мильдей жерде теңіздің жағасында тұрған жартастың үстіңгі жағы құлап түскенде жер қозғалды, мұндай гүрсілді өмірімде естіген емеспін. Теңіз де қатты шайқалды. Соған қарағанда теңіз астының қозғалысы жер бетіндегіден де қатты болады-ау деп ойладым. Бұрын-соңды мұндайды көргенім жоқ, қорыққанымнан есім шығып, мелшидім де қалдым. Жердің қозғалуы кеме апатқа ұшырағандағыдан кем әсер еткен жоқ, кеудемдегі жаным шығып бара жатқан сияқты сезіндім. Бірақ жартастардың құлаған қатты гүрсілінен есімді жиып алдым. Өз-өзіме келген соң, шатырды таудан құлаған топырақ басып қалады-ау деп ойлағанымда жүрегім мұздап, буын-буыным қалтырады. Үйге кіруге қорқып, не істерімді білмей, көп уақыт бойы құлазып далада отырдым. Осы сәтте “Жаратқаным, сақтай гөр!” дегеннен басқа ештеңе ойлағаным

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий