Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мамырдың 15-і. Бүгін кемеге өзіммен бірге екі кішкене балта алып бардым, ішкі ойым, жаңқалап болса да қорғасын кесіп алу еді (балтаның біреуін пышақ, біреуін балға орнына пайдаланғым келді). Бірақ бір жарым футтай су астында қалғандықтан, қорғасын алу қиынға соқты.

Мамырдың 16-сы. Түнде қатты жел тұрды. Кеменің діңгектерін одан бетер шайқады. Азық етуге көгершін іздеп орманда көп жүрдім, сөйтіп жүргенімде су көтеріліп, кемеге жете алмадым.

Мамырдың 17-сі. Менің үйімнен екі мильдей жерде кеменің жағаға шығып қалған қирандыларын көрдім. Не нәрсе екен деп аңсарым ауып қарасам, кеменің тұмсық жақ бөлігі екен, өте ауыр, көтеруге шамам келмеді.

Мамырдың 24-і. Бүгін күні бойы кемеде жұмыс істедім. Көп нәрселерді әрең дегенде сүйменмен қопарып қозғадым, су көтерілген кезде бірнеше бөшке, екі сандық қалқып бетіне шықты, бірақ жағалаудан соққан жел оларды ығыстырып, теңізге алып кетті. Бүгін жел кеменің бірнеше қирандыларын және ішінде Бразилия шошқасының еті бар бір бөшкені жағаға шығарып тастаған, ет теңіздің ащы суы тиіп, құмға былғанып бұзылып кетіпті.

Мамырдың 25-інен маусымның 16-сына дейін осы жұмыстарды атқардым. Анда-санда азық іздеп қайтқаным болмаса, басқа жұмысқа алаңдағаным жоқ. Су көтерілген кезде ғана аң аулауға шығамын, ал су кейін қайтқан кезде кемеге барамын. Осы үш аптаның ішінде көптеген ағаш, тақтай және темір-терсек жинадым, егер қолымнан келсе, осы алған ағаштардан жақсы бір қайық жасап шығаруға болар еді. Бұдан басқа бір центнерге жақын қорғасын алдым.

Маусымның 16-сы. Жағадан үлкен бір тасбақа тауып алдым. Тасбақа бұрын көзге түспеуші еді, бүгін қайдан пайда болғанына таңырқадым. Аралдың екінші жағына барсам, тасбақа көп екен.

Маусымның 17-сі. Көмір жағып тасбақаның етін пісірдім. Ішінен алпысқа тарта жұмыртқа шықты. Өмірімде мұндай тәтті етті жеп көрмеген шығармын, бірақ тәттілігіне таңғалуға да болмайды, себебі аралға келгелі жегенім – тек ешкінің еті мен құстың еті.

Маусымның 18-і. Күнұзақ жауын жауған соң үйден шыққаным жоқ. Тұла бойым мұздай бастады, бірақ тоңуым мүмкін емес, менің білуімше, бұл жерлерде суық болмайды. Суық тиді ме, білмеймін.

Маусымның 19-ы. Қысты күнгідей денем қатты мұздап, тұла бойым қалтырады.

Маусымның 20-сы. Тұла бойым қалтырап, басым қатты ауырды, түні бойы ұйықтай алмай шықтым. Маусымның 21-і. Бұрынғыдан да бетер тынышсыздандым. Ауырып қалдым ба деп қатты қорықтым. Егер ауырар болсам, халім не болмақ? Қорыққанымнан құдайға жалбарынып, дұға оқи бастадым, бұл Гулльдің түбінде болған апаттан кейінгі бірінші рет жалбарынуым, бірақ шын беріліп дұға оқымадым, әрнәрсе ойыма түсіп шатаса бердім, тек әйтеуір аузым күбірлейді.

Маусымның 22-сі. Бүгін кішкене тәуірмін, бірақ үрейім басылар емес.

Маусымның 23-і. Тағы тынышсыздандым: денем қалтырап, басым қатты ауырды.

Маусымның 24-і. Тәуірлеу болдым.

Маусымның 25-і. Қатты безгек ұстады, жеті сағаттың ішінде бір қызып, бір суындым. Аздап терлегесін басылды. Маусымның 26-сы. Өз-өзіме келіп, бетім бері қарағандай болды. Азық қылар етім таусылған соң, айығып кетпесем де, амалсыз аң аулауға шықтым. Бір ешкі атып алып, үйге зорға көтеріп келдім, көмір жағып бір бөлек етін пісіріп жедім. Сорпа істеп ішкім келіп еді, бірақ оны құйып ішер

ыдысым болмады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий