Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тамақтанып болған соң бой жазып, серуендеп қайтпақ болып едім, бірақ қолдарым дірілдеп, мылтықты көтеруге шамам келмеді (мылтықсыз серуенге шықпайтынмын). Көп ұзамай жүрдім де, тізе бүгіп, аласұрған теңізге көз жүгірттім, теңіз беті тып-тыныш, айнадай жарқырап жатыр. Ұзақ отырып ойға шомдым: бақытсыздыққа ұшырасам, бәрі де құдайдың әмірі, ол тек менің емес, бар жаратылыстың қожасы екен. “Құдай мені не үшін қарғайды? Мен не жаздым?” деп өзімнен-өзім сұрадым. Жауабына арым тіл қатты: “Малғұн! Не жаздым деп қызармай қай бетіңмен сұрап отырсың? Өткен өміріңді ойлап, артыңа бұрылып қарашы, сен не істемедің? Сен не үшін әлдеқашан өліп қалмадың, не үшін сен Ярмут рейдінде суға батып кетпедің? Баяғыда маврлар кемелеріңді талап, өздеріңді тұтқынға алғанда қалай ажал құшпадың? Африка жағалауында жүргеніңде жабайы аңдардың тырнағынан қалай аман қалдың? Ақырында, сен өзге жолдастарың секілді не үшін теңізге батып кетпедің? Осылардың бәрін біле тұра, не жаздым деп сұрайсың!”

Өз жауабымнан өзім түңіліп, не қыларды білмей қатты састым, сенікі теріс деп бір ауыз айта алмадым. Еңсем түсіп ойға батқан қалпымда орнымнан тұрдым да, ақырындап үйге келдім. Төсекке жатып тынығайын десем, жанымды түршіктірген қайғы ұйқымды қашырды. Қас қарайып, ымырт жабылды, шамды жақтым да, үстелдің жанындағы орындыққа отырдым. Безгектің қорқынышы әлі басылмады, тағы ұстай ма деп қауіптене бердім, Бразилия елінің халқы науқасты темекімен емдейтіні ойыма келді, сандығымда бірнеше бөлек темекі орамдары жататын, бір үлкен бөлегі ұнтақталып, даярланып та қойған еді, ал қалғанын жапырақ күйінде сақтадым. Темекі іздеп қоймаға бардым. Бұл да құдайдың ісі екен деп ойладым, себебі сандықты ашқанымда жан дүнием қалаған нәрселерге куә болдым: іздегенім темекі еді, ең бастысы, Інжіл кітабын таптым. Кемеден алған кітаптарды осы сандыққа салған екенмін. Кітаптарды ақтарып қарауға осы уақытқа дейін қолым тимепті, мүмкін, ниет те болмаған шығар. Темекі мен кітаптарды үстел үстіне қойдым. Қалай ойласам да, темекімен безгекті емдеудің жолын білмедім. Темекі безгекке ем бола ма, жоқ па, оған көзім анық жеткен жоқ. Әуелі бірнеше рет тәжірибе ретінде емделіп көрдім, себебі ем болса, белгісі болар деп ойладым. Бастапқыда бір түп жапырақ темекіні аузыма салып, сағыз құсатып шайнадым. Темекі ащы, ал оның үстіне мен темекі тартпайтынмын, темекінің иісінен басым айналып, көзім қарауытып кетті. Ұйқыға кетпес бұрын бір шымшым темекіні ромға араластырып, былғап-былғап сіміріп салдым. Артынан темекіні табаға қуырып, қақалып тұншыққанша иіскей бердім. Міне, осылай етіп бірнеше рет ем қабылдадым.

Емнің арасында Інжіл оқуға ниетім ауды, темекінің иісінен басым айналып, еңсемді көтеруге шамам келмеді, оқуды да қойдым. Інжілді парақтағанымда көзіме түсіп, есімде қалғаны мынадай сөздер: “Басыңа қиыншылық түскенде мені есіңе ал, мен сені пәле-жаладан құтқарам, сен маған құлшылық ететін боласың”. Темекіден басым айналып, көзім қарауытып ұйқы басты. Түнде шамды сөндірместен төсекке құладым. Жатар алдында Інжілдегі “Басыңа қиыншылық түскенде мені есіңе ал, мен сені пәле-жаладан құтқарам, маған құлшылық ететін боласың” деген жолдар қайта көз алдыма келіп, өмірімде алғаш рет тізерлеп отырып құдайға құлшылық еттім. Келістіріп айта алмасам да, аузыма түскен дұғаны оқып, темекі салған ромды іштім де, төсегіме жаттым. Дәмі біртүрлі әрі ащы екен, жүрегім айнып, лоқси-лоқси әрең жұттым. Ішкеннен басымды айналдырды, көп ұзамай ұйқыға кеттім. Ертеңгісін оянсам, түс ауып кеткен, есептеп қарасам, бір емес, екі түн ұйықтап, сағат үштің шамасында, үшінші күн дегенде оянған тәріздімін, неліктен екенін білмеймін, бір күннен жаңылдым, жаңылғанымды бірнеше жыл өткеннен кейін барып білдім; жаңылғаным тек бір күн болса да, әрі ойлап, бері ойлап себебін таба алмай-ақ қойдым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий