Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шілденің 19-ы, екі қапшығымды арқалап, жеміс теруге тағы шықтым. Келсем, жинап кеткен жемістерімді жан-жаққа лақтырып, шашып тастапты, жеген, бірсыпырасының тапталып, езілгенін көрдім де аң-таң қалдым. Бұл жемістерге иелік етіп жүрген бір мақұлық болу керек, бірақ қандай екенін біле алмадым.

Жүзімді бір жерге үйіп, оны қапшықпен тасу қолайсыз болған соң, үйге жеткізудің басқаша әдісін табу керек болды. Біраз жүзімді үзіп алдым да, күннің көзіне кепсін деп ағашқа ілдім. Ал лимонды керісінше, көтергенімше үйге алып қайттым. Үйге келген соң өзім іздеп жүріп тапқан жемісі мәуелеген жер туралы ойладым. Көз тоймас әдемілігіне сүйсініп, тапқаныма қуандым. Жаратылысы сұлу, желден қағыс, айналасын қалың ағаш қоршаған, сарқырап ағып жатқан бұлақ көз алдыма елестегенде менің орналасқан жерім қолайсыз екен деген ойға келдім. Енді қонысымды солай қарай ауыстырғым келді. Сол жерден қолайлы орын іздеп, оны да нығайтып, қауіпсіз болу үшін жан-жағынан бекітсем деймін. Жатсам да, тұрсам да осы ойдан арылмадым: көз тоймас алқаптың әдемілігі мені еліктірді, көп уақытқа дейін көшкім келіп аңсарым ауды да тұрды. Бірақ әрі ойлап, бері ойлап орын ауыстыруым дұрыс емес шығар деген шешімге келдім, себебі қазіргі тұрған жерім – теңіздің жағасы, кірсем де, шықсам да теңіз көз алдымда, кім біледі, кемеге кездесермін, мүмкін, күндердің күнінде мен сияқты бір бейбақты тағдыр айдап осы жерге әкелер, егер теңізден алыстап, тау-тас, ағаштардың тасасында қалсам, тірліктен мәңгі қол үзіп, бостандығыма жете алмай қалармын деп ойладым.

Алқаптың әдемілігіне көзім тоймай, шілде айының соңғы күндерін сол жерде өткіздім. Ол жерге көшпесем де, жауын-шашыннан, шілденің қапырығынан құтылу үшін баспана керек болды, сондықтан жасыл желек арасынан кісі бойынан сәл биіктеу етіп қос тіктім. Өрілген екі шыбықтың арасына ұйысқан қалың шөптерді салдым, кіріп-шыққанда бұрынғы үйім секілді, сүйемелі басқышпен төбесі арқылы кіріп-шығатын болдым.

Бұл жерде еш қауіп жоқ. Қосымда екі-үш күндеп қонып жүрген кездерім болды. Теңіз жағасында үйім болса, енді орман ішінде саяжайым бар дедім ризашылықпен өзіме-өзім. Тамыз айы туғанша бар ермегім осы болды.

Қорғанды тұрғызып, еңбегімнің жемісін енді көремін дегенде қатты жаңбыр жауып, амал жоқ, ескі орынға қайтуға тура келді. Желкеннің кенебімен тоқыған бұл жерде де шатырым бар, ол жерде ықтайтын тауы жоқ және жаңбырда паналайтын үңгір тағы жоқ.

Қосымды тұрғызуды тамыз айының басында аяқтап, сосын екі-үш күндей тынығып алдым. Ағашқа ілген жүзімдерімнің кеуіп, нағыз мейіз болуға айнала бастағанын байқадым. Кепкен жүзімнің бірін қалдырмай жинап алып үйге таси бастадым, жинап алғаным да жөн екен, әйтпесе жаңбырға тиіп шіріп кетеді екен де, қыста азықсыз қалады екенмін. Жаңылмасам, кептірген жүзімім екі жүз түптен артық болып шықты. Жинап болған бойда тездетіп үңгірге тасыдым. Нөсерлетіп жаңбыр жауа бастады, тамыздың 14-інен басталған жауын қазанның ортасына дейін жалғасты, күндіз-түні бір толастамай жауды да тұрды. Қатты жауған жауыннан бірнеше күн бойы үңгірден шыға алмай отырған да кездерім болды.

Бүгін отбасымның түгел жиналғаны қызық болды. Бір мысығымның жоғалып кеткеніне көп уақыт болған: оның қашып кеткенін я бір жерде өліп қалғанын білмей ойлап жүретінмін, бір күні жаңылмасам, тамыз айының аяқ тұсы болар деймін, соңына ерткен үш баласы бар мысығым жетіп келді, көргенде таңғалдым. Мысығымның екеуі де ұрғашы еді. Бұл жерде де жабайы мысықтарды көріп жүрдім, біреуін атып өлтіргенмін, Еуропаның мысықтарымен салыстырғанда басқашалау көрінген, ал енді соған ұйығып болды ма дейін десем, балалары енесінен айнымайды. Үшеуі кезек балалап мысық көбейіп кетті, улап-шулап, мияулап мазамды алған соң, үйдің маңына жолатпай қуып жіберетін болдым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий