Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тер төгіп, біраз уақыт өткізіп мұның да ретін қиыстырдым, енді тағы екі нәрсе жетіспей тұр, оны қалай жасарымды білмедім. Менде ром құйған кішкене екі бөшке болмаса, су мен спирт құйылған бірнеше шиша шынылардан басқа сұйық зат сақтайтын ыдыс жоқ екен. Сорпа дайындап ішер ең болмағанда күрешке де жоқ. Кемеден тауып алған бір үлкен қазаным бар еді, ол ыдысқа сорпа дайындау, ет қуырып жеуге тым үлкен, өте қолайсыз. Мен үшін қажеттілік тудырған екінші нәрсе – мүштік еді, бірақ мен оны істей алмадым, оның орнына басқа ыдыс қолдандым.

Жаз бойы қорғанымның айналасына ағаш отырғызумен, себет тоқумен айналыстым. Енді тағы бір жаңа істі бастадым, бұл ойлағанымдай емес, көп уақытымды алды. Аралды шарлап шықсам деген ойым бар еді деп жоғарыда айтқан едім, бұған дейін қанша шарласам да, өзім қос тіккен алаптан әрі асқаным жоқ-ты, ол жерге барғанда теңіз аралдың екінші жағынан көрінетін. Сонымен, аралды тегіс аралап, қарсы жақ жиекке дейін барып қайтпақшы болдым. Мылтықты қолыма алып, кішкене балғаны беліме қыстырдым, оқ-дәрілерім де жеткілікті еді, алған азығым екі кепкен нан, біраз жүзім, соңыма итімді ертіп жолға шықтым. Қос тіккен алаптан әрі шыққан соң, теңіздің батыс жақ беті көзге түсті, ал оның ар жағында қарайған жер көрінді. Аспан ашық болған соң қарайғанның жер екенін бірден байқадым, бірақ көрінгеннің жердің шеті, я теңіздегі арал екенін ажырата алмадым. Алыстан қарағанда көзіме көрінген жер тау секілді биік, бір шеті батыс пен оңтүстіктің орталығына қарай созылған, мен тұрақтаған аралдан қашықтау, арасы елу-алпыс мильдей деп жобаладым. Мұның қандай жер екеніне көзім жетпеді, тек ойыма келгені Испания иелігіндегі Американың бір бөлігі шығар деп шамаладым. Ол жерлерде жабайылардың көп болуы мүмкін, егер мен аралда емес, сол жерде қалсам, менің күнім мүшкіл екен деп ойладым. Қаптаған қалың ойды аластап, құдайға жалбарынып, тәубеме келіп, құдайдың құдіретін тани бастадым. Егер бұл көрінген Испанияның жері болса, әйтеуір бір күні солай қарай бет алған немесе сол жақтан бері келе жатқан кемеге жолығуым анық деген үміт те жылт ете қалды. Егер бұл Испанияның иелігіндегі жер болмаса, онда Испания мен Бразилияның арасындағы жағалау болуы керек, ал егер солай болса, ол жерді мекендейтіндердің бәрі қанішер, адам етін жейтіндер және қолға түскеннің бәрін өлтіретін жабайылар шығар. Мен асықпай ілгері қарай жүре бердім. Аралдың бұл жағы мен тұрған бетімен салыстырғанда өте көңілді әрі қызғылықты: қай жағыма көз салсам да, алуан түрлі гүлге бөленген, түрлі ағаштар. Қаптаған тотықұс, біреуін ұстап алғым келді. Асырап, өзіммен сөйлесуге үйретсем деп ойладым. Көп әуреленіп бір балапанын әзер ұстап алдым. Үйге алып келдім. Оны сөйлету үшін біраз уақыт кетті, ақыры менің атымды атайтын болды,

оның да өз қызықтары бар, тиісті жерінде айтып беремін.

Саяхатымнан көңіл сергіп үйге қайттым. Тоғайдың төменгі жағында топтанып жүрген қояндарды көрдім (қоянға ұқсас аң болуы да мүмкін) және көп түлкі көрдім, бірақ бұлар мен көріп жүрген түлкіге ұқсамайды. Бұлардың еті маған ұнамады, сонда да бірнешеуін аттым. Ашыққаннан атқаным жоқ: тамаққа тарығып та көрген емеспін. Қай уақытта болса да менде еттің үш түрі болды: ешкінің, көгершіннің, тасбақаның еті, бұларға жүзім қоссаңыз, керемет дастарқанға куә боласыз, мұндайды Лиденголь базарында да сатпайтын шығар. Қандай ауыр жағдайда болсам да, құдайға құлшылық қылар жағдайым бар: ашығып көргенім жоқ, тәбетім тартқанша жедім және тамағым дәмсіз болған жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий