Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мылтықты оқтадым да кетіп қалғандай сыңай таныттым. (Себебі құстар жақын жердегі ағаштарға барып жасырынып, менің кеткенімді күтіп отыр). Көзден таса болуым мұң екен, әлгі қарақшылар бірінің артынан бірі келіп егінге қона бастады. Ашу қысқаны сондай, олардың көбейгенін күтіп тұра алмадым, өйткені бір түйір дәннен қанша өнім шығатынын білесіздер. Қорғанның жанына жүгіріп келдім де шүріппені басып қалдым; отырған жерінде үшеуін қағып түсірдім, маған керегі де сол еді, ұрыларға Англияда қандай жаза қолданса, мен де оларға нақ сондай жазаны тарттым: өлген құстарды алдым да, басқаларын үркіту үшін үшеуін салбыратып ағаштың басына іліп қойдым. Құстар үркіп әрқайсысы әр жаққа қарай ұшып, бет-бетімен кетті, енді қайтып егіннің басына жоламайтын болды, жоламақ түгіл ол маңайдан безініп кеткен сияқты. Үш қарақшы ағаш басынан түскенше, егінге келген бір құсты көргенім жоқ. Өзімнің де қуанғанымды көрсеңіз! Егін орудың екінші кезеңі желтоқсанның аяғында басталды, арпа мен күрішім пісті, мен де жеделдетіп жинап алдым.

Егінді жинарда қол орақтың немесе бел орақтың жоқтығынан қиналдым, кемеден алған қанжардан басқа қолайлы құрал менде жоқ еді, амалсыздан соны пайдалануға тура келді. Менің егінім игере алмайтындай көп те емес, мұның үстіне менің егінді ору тәсілім де ерекше болды, сабағын тастап басын алдым да, себетке салып үйге тасыдым. Масақтарын алақанға басып уқалап-уқалап, қабығын үрлеп ұшырдым да, тазаланған дәнін қапшыққа сала бердім. Сепкен тұқымның мөлшеріне қарағанда егін өнімі төмен болған жоқ, екі бушельге1 жақын күріш, екі жарым бушельге жақын арпа жинап алдым. Кім біледі, бұдан аз, мүмкін көп болуы, тек шамамен айтып отырмын, себебі ол кезде менің қолымда өлшеуіш болған жоқ.

Мұндай нәтиже мені қатты қуантты, алдағы күндерімде құдайдың көзі маған оң болса, менде азық мол болады. Бірақ бір азап аяқталса, екіншісі тағы басталды. Енді дәннен қалай ұн жасаймын? Ұннан қалай нан жасаймын? Бәрінен бұрын нанды қалай пісірмекпін? Мен мұның бірін де жасай алмаймын. Өзімді үздіксіз азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін, биылғы алған дәнді тұқымдыққа сақтайын, келесі жылы Бір бушель 36 литр шамасында. тұқымды молырақ сеуіп, егін көлемін кеңейтемін, оған дейін дәнді нанға айналдыру әрекетіне көшейін, бар уақытымды осыған жұмсайын деген шешімге келдім.

Енді мені өз нанын өзі тауып жеген адам деп айтуға да болатын шығар. Адамдар қарапайым нанды дайындау үшін де қаншама тер төгілетінін біле бермейді екен.

Бейнетті күндер кешсем де, ауыр тұрмыс өкшелесе де, менің үйімнің маңында ғайыптан пайда болған арпа мен күріш алдағы күндерім үшін сенімді болуға мүмкіндік берді.

Менде жер жыртар соқа, болмаса жер қазатын күрек те болмады. Ағаштан күрек жасаймын деп қиналғанымды бұдан бұрын айтып өткенмін. Дегенмен қолдағы құралың қандай болса, істің нәтижесі де сондай болады, басына темір қаққан ағаш күрек көпке шыдамады, жаңалауға көп уақыт кетеді, темір болса түсінікті, ал ағаш күрекпен жер қазу – инемен құдық қазғанмен бірдей және жұмысың да өнбейді екен.

Басыма түскен бұл қиындыққа да көніп, ағаш күректі алдым да, жерді қаза бердім. Тұқымды сеуіп болған соң жерді тырмалау керек болды, тырма қайдан табылсын, ағаштың жуан бұтағын кесіп алдым да, жыртқан жерді айналдыра қопсытқан болдым, бірақ бұтақ тырма бола ала ма, тек жерді тырнады да қойды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий